Тақырыптық талдаудың ерекшелігі
Белгілі бір тілдік материалдардың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» сөзінің қазақша баламасы — «талдау». Анализ — грек тілінен алынған термин сөз, қазақша ыдырату деген мағынаны береді. Белгілі бір тілдік тақырыптарды жігіне қарай ажыратып, ыдыратуды анализдеп жүргізеді: Тілдегі бір материалдың бөлшектерін ажырата білу,бір тақырыптың өзіне тән белгілерін саралап көрсету, тақырыптың әр түрлі ерекшеліктерін- қамтыған сұрақтарға жауап беру, мәтіннен белгілі бір тұлғаларды, формаларды теріп жазу, тілдік (грамматикалық) заңдылықтарды әр жақты алып дәлелдеу немесе дыбысты буынға, буынды сөз бөлшектеріне, сөз бөлшектерін сөзге, сөзді сөз тіркестеріне, сөз тіркестерін сөйлем түрлеріне ажы-рату — анализ талдау жүйесіне жатады. Талдауға қарама-қарсы жасалатын құбылыс—жинақтау. Талдау жинақтау, яғни анализ-синтез бір-бірімен тығыз байланысты, екеуін бір-бірінен бөліп тануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |