«Тайжарыс-Талант» қоғамдық қоры 20 жылдан бері балалар шығармашылығымен, Республикалық, Халықаралық, шет елдік байқаулар және тележобалар және радиобайқаулар ұйымдастырумен айналысып келеді



бет1/2
Дата05.04.2023
өлшемі106,5 Kb.
#79661
  1   2
Байланысты:
АРТ БАСТАУ АЛМАТЫ,16.04.27



  • taizharys

taizharys@mail.ru
+7 747 507 75 12
+7 707 825 32 52

«ТАЙЖАРЫС-ТАЛАНТ»ҚҚ
«ART BASTAU»
IV Халықаралық байқауын жариялайды

«Тайжарыс-Талант» қоғамдық қоры 20 жылдан бері балалар шығармашылығымен, Республикалық, Халықаралық, шет елдік байқаулар және тележобалар және радиобайқаулар ұйымдастырумен айналысып келеді. Ондағы мақсаты—баланың бос уақыты бос дүниеге толмауы керек. Оның әр сәт сайын өсіп, жетіліп келе жатқан санасы әдебиет пен өнер, ғылым мен спортпен бірге дамуы керек. «Тайжарыс-Талант»ҚҚ балалардың демалыс күнін алыс-жақын шет елдегі және өзіміздің балаларымыздың шығармашылығына «ART BASTAU»


IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ байқауына арнап отыр.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
7 жеке немесе 4 топтық номер әкелген мұғалім “МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМ” төсбелгісімен марапатталады.
10 жеке қатысушы әкелген мұғалім “ДАРЫНДЫ ҰСТАЗ” төсбелгісімен марапатталады
. Бір ұстаз бірнеше мұғалімнің шәкірттерін жинақтап қатыстыра алады, ондай жағдайда төсбелгі ұйымдастырушы мұғалімге, ал жеке мұғалімдерге алғыс хаттары беріледі.
Байқаудың өтетін уақыты: 16-сәуір , АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ GRAND PARK СҮ сахнасы.
Барлық сұрақтар мен өтініштер 7 747 507 75 12 , 8 707 825 3252 номерінде және taizharys@mail.ru парақшасында қабылданады.
Байқаудың аудиториясы: Балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, өнер мектептері, өнер орталықтары және колледждер.
Байқауға қатысатын шығарма саны—1
Байқаудың номинациялары:
КӨРКЕМСӨЗ (өлең, қарасөз, прозадан үзінділер)
САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ (драмалық қойылымдар, актерлік құрамның қойылымы,монологтар)
ВОКАЛ (ЭСТРАДА, ДӘСТҮРЛІ ӘН, ТОПТЫҚ ОРЫНДАУЛАР, ХОР)
АСПАПТА ОЙНАУ (Ішекті, ұрмалы, үрмелі,пернелі аспаптарда халықтық, классикалық бағыт бойынша жеке, ансамбль, оркестрлер)
ХОРЕОГРАФИЯ (классикалық,заманауи, ұлттық бағытта жеке және топтық орындаушылар)
ДӘСТҮРЛІ ӘН (халық әндері, халық композиторларының әндері)
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ (живопись, натюрморт, пейзаж т.б)
ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР (ағаш, металл, саз, пластик, қайыс, былғары жұмыстары т.б)
ТІГІН ӨНЕРІ(құрақ, киім тігу,моншақ, макраме т.б)
ЖАЗБАША ШЫҒАРМА(эссе, шығарма, новелла, әңгіме)
ҮЗДІК ФОТОСУРЕТ(қатысушының өзі түсірген фотосуреттері)
«ART BASTAU» IV Халықаралық байқауының ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ



  1. «Тайжарыс-Талант» ҚҚ және балалар өнерінің орталығы мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, өнер мектептері, қосымша білім беретін орталықтар және колледж студенттері арасында ЕРКІН тақырыпта «ART BASTAU» IV Халықаралық байқауын жариялайды;

  2. Байқаудың мақсаты: Еліміздің болашағы-жас өркен десек, жаңадан бүршік атып келе жатқан жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, таным-түсінігінің кеңеюіне, азамат ретінде қалыптасуына өз үлесін қосу.

  3. Байқаудың міндеттері;

∙ Барлық баланы өнерге талаптандыру;
∙Еліміздің тарихы мен рухани құндылығын дәріптей отырып, әр түрлі тақырыптар арқылы ізденуіне жағдай жасау;
∙Сахнаға бейімдеп, өзін қысылмай ұстауға, ойын ашық айтуға, кемел тұлға болып қалыптасуға ықпал ету;
∙Сайыс арқылы өзінің жасаған жұмысын қорғауға үйрете отырып, ой ашықтығы мен өз білігін көрсетуге тәрбиелеу;
∙Бір мақсатқа қарай бет алған өзге де балалармен достық қарым-қатынас орнатып, шынайы өмірдегі араласудың мән-мағынасын түсіндіру;
∙Ұстаздар мен тәрбиешілер және ата-аналардың еңбегінің жемісін көрсету;
∙Қазылардың құрамында отырған елге танымал тұлғалардан шеберлік сабақтарын алуға, үйренуге мүкіндік жасау;
∙Білім беріп жатқан ұстаздарың мәртебесін көтеру
БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН ОРЫНЫ МЕН МЕРЗІМІ
∙Байқау 18-наурыз, Алматы қаласы «GRAND PARK» СҮ сахнасында өтеді. (Өту кестесі 17-наурыз күні жарияланады)
∙Байқау қатысушыларының өтініші ұстазы немесе ата-анасының тапсырысымен қабылданады.
∙Қатысушы туралы өтініштің нұсқасы толықтай толтырылады және байқау бағдарламасына сол мәліметтер тіркеледі.
3. БАЙҚАУДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ.
Байқауға қатысатын шығарманың тақырыбы—ЕРКІН ТАҚЫРЫПТА
КӨРКЕМСӨЗ. Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды. Ұзақтығы – 4 минуттан аспауы керек.

Елімізге белгілі авторлардың шығармашылығынан таңдалып алынған шығармаға: өлең, қарасөз, прозадан үзінділер жатады.


Поэмалар мен дастандардан алынған үзіндінің ұзақтығы-4 минуттан аспауы керек.

∙ Вокал. Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды. Ұзақтығы – 4 минуттан аспауы керек.


∙Вокал жанры бойынша рұқсат етілетін бағыттар:эстрадалық, халықтық,классикалық,джаз, R&B бағыттары.

∙Вокалдық топтар мен хор орындаушылары диржермен және дирижердің көмегінсіз қатыса алады.


∙Жеке орындаушылар, дуэт, трио, квартет, квинтет, вокалдық топтар, хор.


∙Хореография. Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды. Ұзақтығы – 4 минуттан аспауы керек.


∙Хореография жанры бойынша ұлттық, классикалық, заманауи, балдық, спорттық бағыттағы би түрлері рұқсат етіледі.
Сахна мәдениеті мен қатысушының жасына сай келмейтін (стрип пластика) би түрлері байқауға қатыстырылмайды және этикалық нормадан асып кететін элементтері бар би түрлері байқаудан шеттетіледі;

∙ Аспаптық шығарма.


∙Қатысушылар ұлттық және классикалық аспаптарда өнер көрсете алады.
Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды. Ұзақтығы – 4 минуттан аспауы керек.

∙Байқау қатысушылары танымал өнер иелерінің шығармашылығы және өз авторлық шығармаларымен қатыса алады;


∙Жеке орындаушылар, дуэт, трио, квартет, квинтет,ансамль, оркестрлер қатыса алады. Қатысушылардың саны мен қандай да бір қосымша талаптар алдын ала ескертілуі керек(Орындық, микрофон, тұтқалар т.б.)

∙ Ішекті аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар, пернелі аспаптарда жеке орындауда қатысады;


∙Ішекті аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар, пернелі аспаптарда топтық орындауда қатысады

∙Дәстүрлі ән. Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды. Ұзақтығы – 4 минуттан аспауы керек.


∙Халық әндері мен халық композиторларының әндерінен 1 шығарма орындайды.
∙Байқауға жеке, дуэт, трио, квартет, квинтет, ансамбль болып қатыса алады.
Топтық қатысушыларға сүемелдеушілер байқау қатысушылары болып есептелінеді.

∙Қолданбалы өнер. Қатысушы еркін тақырыпта жасалған 1 жұмысымен қатыса алады. Қосымша екі жұмыс көрсетуге рұқсат етіледі.


∙Байқауға ағаш, металл, саз, пластик, қайыс, былғары жұмыстары қатыстырылады.


Жеке авторлық жұмыс.

Топтық жұмыс (2-6 адамға дейінгі топ)


∙ Бейнелеу өнері. Қатысушы еркін тақырыпта жасалған 1 жұмысымен қатыса алады.Қосымша екі жұмыс көрсетуге рұқсат.

∙Байқауға живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, автопортреттік жұмыстар қабылданады.


Жеке авторлық жұмыс.
Топтық жұмыс. (2-4 адамға дейінгі топ)

∙ Тігін өнері. Қатысушы еркін тақырыпта жасалған 1 жұмысымен қатыса алады . Қосымша екі жұмыс көрсетуге рұқсат.


∙Құрақ құрау, киім тігу, моншақ, макраме жұмыстары қабылданады.


Жеке авторлық жұмыс.
Топтық жұмыс (2-6 адамға дейінгі топ)

∙ Жазбаша шығарма. Қатысушы еркін тақырыпта жазылған 1 шығармасымен қатыса алады.


∙ Байқауға эссе, шығарма, новелла, әңгіме жанрлары бойынша жұмыстар қабылданады.


∙Байқауға қатысатын шығарма бұған дейін баспасөз беттерінде жарияланған, бірақ байқау қатысушының жеке жұмысы болса рұқсат етіледі.


Байқау қатысушылары жас шамасына қарай мынандай топтарға бөлінеді

Бүлдіршін топ /4-6 жас/, Кіші топ /7-9 жас/, Орта топ /10-13 жас/, Үлкен топ/14-18/ жас.


4. Байқаудың кеңселік талаптары
Байқау қатысушылары алдын ала ереже соңында көрсетілген анкетаны толтырып жіберулері керек.
∙ Анкетада көрсетілген мәліметтерге сәйкес марапаттау қағаздары беріледі.
∙ Байқау қатысушысының бір ұстазына ғана мақтау қағазы беріледі. Балабақша қатысушыларының (топ жетекшісі, күтушісі және музыка немесе хореография пәнінің жетекшісіне) беріледі.
∙ Өтініште көрсетілген мектеп директорларына ғана алғыс хаттар беріледі.

5.Байқаудың қаржылық талаптары:


∙Байқау қатысушылары қатысу жарнасын төлейді
∙ Жарна толықтай байқаудың шығындарына жұмсалады.
Жеке қатысушы: 13 000 тг (кубок, медаль, диплом)
Жазбаша шығарма, бейнелеу, қолданбалы өнер-10 000тг(кубок, диплом, медаль)
Дуэт-20 000 тг(1кубок, әр қатысушыға медаль, диплом)
Трио-25 000 тг (1 кубок әр қатысыушыға медаль, диплом)
Квартет-30 000 тг (1 кубок әр қатысыушыға медаль, диплом)
5 тен 9 адамға дейінгі топтарға -40 000тг(1 кубок әр қатысушыға медаль, диплом)

10 баладан жоғары топтарға әр қатысушыдан-4 000 тг ден төленеді.(Топқа ортақ 1 кубок, әр қатысушыға медаль мен диплом беріледі)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет