Таным және оның даму тарихы



Дата27.11.2023
өлшемі15,24 Kb.
#129176

Таным және оның даму тарихы
Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты.
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді.
Гносеологиялык оптимизм дегенiмiз-дүниеге үміт көзiмен, сенiммен қараушылық, үмiтсiздiктен аулақ болушылықты бiлдiредi. Гностицизм- танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар.
Скептицизм баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады.
Агностицизм - обьективті әлемді, ақиқат объективті белгiсiн мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсiндiру арқылы ғылымның рөлiн шектейтiн, табиғи, соның iшiнде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнiн түсiну мүмкiн емес деп есептейтін философиялық iлiмi.
Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады.
Эмпирикалық зерттеу зерттеушінің зерттелетін объектімен тікелей практикалық өзара іс-қимылына негізделеді. Ол бақылауларды және эксперименталды қызметті жүзеге асыруды көздейді. Сондықтан эмпирикалық зерттеу құралдарына аспаптар, аспаптық қондырғылар және басқа да нақты бақылау және эксперимент құралдары жатады..Эмпирикалық терминдердің мағынасы-эмпирикалық нысандар деп атауға болатын ерекше абстракциялар. Оларды шынайылық объектілерінен ажырату керек. Эмпирикалық объектілер-бұл заттардың кейбір қасиеттері мен қарым-қатынасын шын мәнінде бөліп тұратын абстракциялар. Нақты объектілер қатаң бекітілген және шектеулі белгілер жиынтығы бар мінсіз объектілер бейнесінде эмпирикалық танымда ұсынылған. Нақты объектіге шексіз белгілер саны тән.Эмпирикалық танымның ең күрделі және тиімді әдісі басқа эмпирикалық әдістерге сүйенетін эксперимент болып табылады. Эксперимент-зерттеуші (экспериментатор) объектіге белсенді әсер ететін, оның белгілі бір қасиеттерін анықтау үшін қажетті жасанды жағдайлар жасайтын объектіні зерттеу әдісі.
Сенсуализм (лат. sensus — сезім, түйсік) — психикалық өмірдің негізі — сезімдік әсерлер деп білетін ілім. Антик заманда бұл ілімді бірқатар философиялық мектептердің өкілдері (киренаиктерэпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ деген афоризм солардан қалған. Бертін келе осы қағидаларды Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінің сенсуализмді жақтаушылары насихаттады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет