Дәріс _1_ Еңбек нарығы
Жаңасөздер:еңбекнарығы,сұраныс,меншіктрі,жұмыскүші. тапсырма. Еңбек туралы мақал-мәтел жаз. Өзің қалаған бір мақал- мәтелдің мағынасын таратып айт/жаз.
тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
«Еңбек нарығы» деген не?
Еңбек нарығы мен жұмыссыздық мәселесінің қандай байланысы бар?
Еңбек нарығының қандай жағымды және жағымсыз жақтары болуы мүмкін?
Жазылым
тапсырма.Сөйлемдегікөпнүктеніңорнынаоңашажәнеортақтәуелдеужалғауларының қажеттісін қойып жаз. Тәуелдік жалғауы қандай сөзтаптарына жалғаныптұрғанынайт.
1. Биыл отандық кәсіпкерлердің жиырма бес… «Алтын сапа" белгісімен марапатталды. 2. Сіздің бизнес саласындағы өкіл… мектепке компьютер тарту етті. 3. Шетелдің инвесторлар мен Алматының ірі кәсіпкерлер… бас қосты. 4. Айтулы кәсіпорындардың отандық тауарлар… брендке айналуда. 5.
Қазіргі таңда жас мамандардың көздеген… - табысқа ие болу. 6. Олар мәжілісте өздер…нің жетістіктер… жайлы баяндама жасады 7. Бәріміздің ойлаған. - халықтың жағдай…
Оқылым
тапсырма.Мәтіндіоқы.
Еңбек нарығында жұмыс күшінің жаппай қозғалуы байқалады, оның сапалың және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл жұмыс күшіне сұранысты туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, дамуы, құрылымдық өзгерістер білікті мамандар мен жұмыскерлерді талап етеді.
Еңбек нарығы - динамикалық, өзгермелі нарық, Жұмыссыздық қоғамның экономикалық өміріне қолайсыз әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға әкеледі, ұлттық өнімнің нақты деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық субъектілердің табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол қылмыстың өсуін, психикалық аурулар санының нәбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы жеңілдету үшін мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес
жұмыс аптасына қаражат береді. "Артық" халықты қысқарту ретінде әдетте
«жұмыс орындарын бөлу» әдісін пайдаланады, бір жұмыс орнын екі жұмысшыға жалақысын төмендетіп ұсынады, Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.
Жұмыссыздықты азайту үшін жұмыс орындарын қайта құру кезінде
«мерзімінен бұрын» зейнеткерлікке шығу және тұтынушыларға ұсынылатын қызметті әмбебаптандыру есебінен жұмыспен қамтуды кеңейту қолданылады. Мұндай әдіс сағаттық еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуіне
әкеледі, бұл табысымен салыстырғанда қосылған өсім қарқынының неғұрлым жоғары екенін көрсетеді.
Жазылым
тапсырма. Сөздіктердің көмегімен мәтіндегі қою қаріппен берілген сөз тіркестерінің мағынасын анықта. Дәптеріңе сызба түрінде жаз.
№
Сөздер
Мағынасы
1
Субьект
Болмысты танып, өзгертетін индивид немесе топ
2
Нарық
тауар өндірісі мен айналым заңдары бойынша
ұйымдастырылатын, айырбасты сипаттайтын тауар
қатынастарының жиынтығы.
Айтылым Жазылым
тапсырма. Мәтінге сүйеніп, еңбек нарығының ерекшелігін айт. Төмендегі диаграмманы толықтыр. Диалогтың оңаша және ортақ тәуелдеу формасында тұрған сөздерді тап.