Тапсырма: Иілгіштік дегеніміз не? Иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар кешенін құру



Pdf көрінісі
Дата21.02.2023
өлшемі261,39 Kb.
#69678


Тапсырма: 1. Иілгіштік дегеніміз не?
2. Иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар кешенін құру. 
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін-иілгіштік 
дейміз. Иілгіштіктің өсуі буын құрылыстарына; бұлшық еттің, сіңірдің созымдылығына; 
көңіл-күйге (жоғары көңіл- күйде иілгіштік артады) бой қыздыруға; сыртқы 
температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп) жасқа (15-16 жаста иілгіштік 
көп кезі), күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа 
және т.с.с байланысты. Иілгіштік белсенді және енжар (бәсең) болады. Өз бұлшық ет 
күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін-белсенді иілгіштік 
дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы,бапкер т.б). 
Иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар кешені 
1. Иілгіштікті дамыту жүйелі сабақтарды талап етеді. 
2. Қарапайым, серіппелі, сермеу, өзіңді ұстаумен,сыртқы көмекпен т.с.с. 
3.Иілгіштік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет, мәселен белгілі 
затты 
алу, 
бір 
затқа 
допты 
дәл 
тигізу 
т.с.с. 
4. Созылу жаттығу сериясынан кейін, босаңсу жаттығулары орындалады. 
5. Икемділік жаттығулары орындалады. Иілгіштік жаттығулары арасындағы үзіліс (2-
3апта) оның дамуына кері әсер туғызады.. 
6. Жаттығуларды белсенді және әлсіз, динамикалық және ситатистикалық түрлерімен 
ауыстыру міндетті. 
7. Бірте-бірте қимыл жиілігі мен белсенділігін арттыру. 
8. Сабақ тәртібі:жұмыс-30 с, демалыс-30с, жұмыс көлемі-күніне 1-2 рет, 3 айналым. 
15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплудасы азаяды.Бәсең 
иілгіштіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас иілгіштікті 
жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер 
балаларға қарағанда 20-30% көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады. 
9. Иілгіштікті жетілдіруде созылымдылық жаттығулары басты құрал болып табылады. 
10. Иілгіштікті дамытудың негізгі әдісі-қайталау. Жаттығуларды ретті, сериялармен 
қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет. 
11. Жамбас буындағы иілу және жазу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-
10 жастағы оқушыларда 20-30 рет, 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 
45 рет қайталанғаннан кейңін жетіледі. Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды, 
жаттығуды тоқтатқан дұрыс. 
Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни 
буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезгенінше орындау қажет. Иілгіштікті дамытқанда 
жас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын 
жылдамдығын дамыту, жоғары сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да 
бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап 
қалу міндеті тұрады. 
Жаттығуларды қолдану кезінде мына әдістемелік міндеттерді орындау қажет: 
1. Жаттығулар алдында дайындық жаттығуларын жасау; 
2. Белгілі бір мақсатты кездесу ( мысалы дене мен заттың белгілі бір нүктесіне жету); 
3. Созылымдылық жаттығуларын ретімен бір-біріне байланысты орындау ( дененің 
жоғары, орта, төменгі мүшелеріне); 
4. Созылымдылық жаттығулар арасында босаңсыту жаттығуларын жасау; 
5. Жаттығу кезінде жаттығу амплитудасын бірте-бірте өсіру; 
6. Қозғалымдылықты жетілдіруге әсер ететін әдіс қайталау екенін негізге алу; 
7. Иілгіштікті жетілдіруге басты факторларды қолдану; 


8. Белсенді динамикалық қозғалымдылыққа жаттығу жасау кезінде сылбыр 
қозғалымдылықты жетілдіруге арналған жаттығулар белсенді динамикалық және 
изометриялық жаттығулармен аралас болуы керек. 
9. Жаттығуларды ретті, сериялармен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап 
орындау қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет