Тапсырма: Өзін-өзі тану курсын оқытудағы инновациялық әдістер және технологиялар



Дата22.05.2023
өлшемі15,01 Kb.
#95751

Тапсырма: Өзін-өзі тану» курсын оқытудағы инновациялық әдістер және технологиялар.

Интерактив – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет, яғни «өзара әрекет” дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.


Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістің тиімділігі:
-Өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді;
— Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;
— Тыңдай білуге үйретеді;
Сабақта интерактивті жаттығуларды қолдану:
«Домино» ойыны шағын топтарда ойналады. 25-30 сұрақ(тақырып бойынша оқу материалының көлеміне қарай одан аз да, көп те болуы мүмкін). Әр сұрақ жеке парақшаларға жазылады және олардың жауаптары да жеке парақшаларға жазылады. Жауаптар топтағы барлық оқушыларға бірдей жақсы көрінетіндей столдың орта тұсына орналастырылады. Осыдан кейін оқушылар кезекпен сұрақтарды тартып ашады. Кім бірінші үлгереді, столдың ортасында жатқан жауаптардың ішінен дұрыс жауапты тауып алып, сұрақты жабады. Осылай сұрақтар біткенше жалғаса береді.
«Қатені жіберме».
Мұғалім тақырыпты түсіндіріп тұрып әдейі қателер жібереді. Ол туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі. Оқушылар қате жіберліген сәтте белгі беріп, мұғалімді тоқтатады, түзетеді.
«Микрофон».
Ұсынылған мәселе бойынша оқушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі. Сыныпқа микрофон немесе соған ұқсас бір зат жіберіледі. Қолына микрофонды алған оқушы талқылауға ұсынылған мәселе бойынша нақты және қысқаша түрде өз ойын айтады, қорытынды жасайды
«Менің есімім» атты жаттығу.
Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш мейірімді, Әсел әлем.
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»
Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
Қызыл қуанышты көңіл-күй
Алқызыл-ұнамды көңіл-күй
Сары-жағымды көңіл-күй
Көк- суық көңіл-күй
Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй
Қара-күш қуаттың төмендеуі
Ақ –анықталмаған көңіл-күй.
« Әнмен бой сергіту»
Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады
«Ақ тілек »
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.
Интерактивті әдістер оқушылардың танымдық қабілеттерін және белсенділіктерін арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет