Эссе жанрының ерекшеліктері



бет1/6
Дата29.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#63502
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Эссе және оның түрлері

Эссе жанрының ерекшеліктері:

  • XXI ғасыр көшбасына айналған өте танымал прозалық әдеби жанр. Француз және ағылшын тілдерінен аударғанда«талпыны», «жазушылық сынама», «очерк», ал латын тілінен аударғанда «ойлау» деген мағынаны білдіреді.
  • Жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да
  • бір мәселені сөз ететін очерк [1].

  • Жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді
  • және еркін композициялы прозалық шығарма [2].
  • Эссе – бұл оқыған, талқылаған ақпараттар негізінде белгілі бір тақырыпта өз көзқарасыңды, ойыңды жазу.

Эссе

Шығарма

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai - тәжірибе, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Шығарма – білім алушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Білім алушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарас тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі жеткізуі.

Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі

Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма формасы оның түріне байланысты,
көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін
мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат,
Астана, 2018 жыл, 50-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет