Таптық және тапаралық партиялар



Дата27.12.2022
өлшемі16,04 Kb.
#59980

Таптық және тапаралық партиялар.
Таптардағы ұқсаған топтар мен әлеуметтік қабаттардың партиялары.
Партия әрекеттерінің құқықты реттелуі.
Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасу проблемалары және оның келешегі.

  1. Қоғамның саяси жүйесiнде бiр-бiрiне қарсы тұратын экономикалык мудделердiн иелерінен шығатын жағдай бар. Мысалы, кейбiреулерi билеуші таптардан тұратын ұйымдардын жуйесiн құрса, басқалары - бағынышты таптардын ұйымдарының жүйесін құрады. Таптық белгiлерiмен катар тапаралык, жалпыәлеуметтiк, топтык және жалпыадамдык касиеттері мен белгiлерi де болады.

Барлык саяси жүйелер әлеуметтiк жағынан әртектi қоғамдарда емiр сүрiп дамиды. Саяси жүйелердiң әрқайсысы қоғамды тұтасымен қамтиды. әрбiр саяси жүйе өзiнiң табигаты бар, басқадай айтканда, саяси табиғаты бар құрылым ретінде керiнедi. Кезкелген саяси күйе экономиканын типiне, әлеуметтік құрылымға және идеологияға сүйенеді. Кезкелген саяси жүйенiң құрылымдык элементі ретінде әртүрлi мемлекеттік, партиялык және коғамдық ұймыдар болып табылады.

  1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.

  2. Құқықтық реттеу — мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып-білуі көзделеді. Тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірыңғай жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу тетігінде, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілеріқұқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері, т.б. қамтылады.

  3. Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, қүкықтык мемлекет күру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны калай жүзеге асыру керек, ол жолда каңцай тәсілдер мен күралдарды пайдаланған жен: батыл, түбегейлі түрде ме әлде акырын, бірте-бірте ме не-месе тағы басқа ма?

Сонымен қатар республикадағы барлык партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялык, күндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Казак.станда азаматтык келісім мен түрақтылық болғанын қалайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет