Тарихи лексикология, зерттеу нысаны Тапсырма: Қазақ тіл білімінде лексикология саласын зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы мәлімет дайындаңыздар



Дата07.01.2022
өлшемі20,37 Kb.
#17062

Күні: 19.11.2020ж

Топ: 406

Орындаған: Аралбаева Аружан

Тарихи лексикология, зерттеу нысаны

Тапсырма:

Қазақ тіл білімінде лексикология саласын зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы мәлімет дайындаңыздар.

Лексикография саласын алғашқылардың бірі болып зерттеген Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ лексикогарфиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте де лексикография терминіне құнды анықтама береді: «Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейді. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз».

М. Малбақовтың жазуынша, «анықтамалардағы алғашқы екі мағынаның біреуі сөздік түзу ісі, яғни, «практикалық лексикография» ұғымынан, енді біреуі – «лексикографияның теориясы мен тәжірибесі» ұғымынан хабар береді. Бұл жіктеме лексикографияның теориялық мәселелері бойынша құнды еңбектер жазған белгілі мамандардың бірі В.В. Марковкиннің пікірімен үндеседі. Ғалым лексикогарфияны теоретикалық және практикалық салаларға бөліп қарастыра отырып, теоретикалық лексикогарфияның өзін өзара байланысты екі салаға: лексикографияның теориясы мен лексикографияның тарихы салаларына ажыратады. Лексикографияның тарихы өз кезегінде сөздіктер мен тұтас лексикографиялық концепциялар тарихы және лексикографияның негізгі мәселелерін шешу тарихы салаларына бөлінеді

Нақты сөздік түзу ісін ісін қарастыратын практикалық лексикогарфияның атқаратын маңызды қызметтерінің қатарында В.Г. Гак:

1) тілді үйрету,

2) ана тілінде сипаттама жасау және оны нормаландыру,

3) тіларалық қатынас,

4) тілдегі лексиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу және

5) тіл білімінің лексикология, сөзжасам, стилистика, тіл тарихы тәрізді салалары бойынша жүргізілетін лингвистикалық зерттеулер үшін қажетті деректерді жинастыру мен өңдеу істерін атайды

Термин тудыруда немесе анықтама жасауда көптеген ұқсастықтар болып жатады. Сол секілді Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбайұлының да практикалық лексикография туралы анықтамасы да осыған ұқсас: «Практикалық лексикография ана тіліне немесе басқа тілге үйрету, ана тілін нормаландыру, тіларалық қарым-қатынасты арттыру, тілдің лексикасын ғылыми тұрғыда зерттеу мақсатын көздейді»

Сондай-ақ В.Г. Гак қазіргі лексикографияның теориясына тән басқа да белгілерді:



а) лексиканы жүйе ретінде түсіну, сөздіктің құрылымында жалпы тілдің лексика-семантикалық құрылымын, сондай-ақ, жеке сөздің семантикалық құрылымын бейнелеуге (сөздердің мағыналарын олардың мәтін құрамындағы және семантикалық өрістердің ішіндегі басқа сөздермен байланыстыра қарап бөлуге) ұмтылуды;

ә) сөздің мағынасын ашудағы диалектикалық көзқарасты (мағыналардағы реңктермен ауыстыруларды, олардың сөйленімдегі қолданысын, басқа да алуан түрлі аралық құбылыстарды) ескеріп отыруды;

б) лексиканың грамматикамен, тілдегі басқа деңгейлермен тығыз байланыстылығын ескеруді атап өтеді.

В. Г. Гактың пікірі бойынша, теоретикалық лексикографияда сөздіктегі лингвистикалық және экстралингвистикалық (энциклопедиялық, елтанымдық, т.б.) деректердің арасалмағы мәселесіне зор көңіл бөлінеді 



Қазақ тіліне қатысты сөздіктер (аударма сөздіктер) XVIII ғасырдың II-ші жартысынан бері шыға бастады деп көрсеттік. Олардың ішіндегі ең көрнектілері В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий», (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі мен Л.З. Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарких наречий» (1869, 1871) деп аталатын екі томдық сөздігі. Қазақ тілінің сөз байлығын аударма түрде сөздік етіп шығару тәжірибесі XIX ғасырдың II-ші жартысында Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861) еңбегіндегі сөздіктен басталады.

Х. Махмудов пен Ғ. Мұсабаевтың шағын “Қазақша-орысша сөздігі” (1954) [3, 224-225], “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б. болып жалғаса берді.

Үлкенді-кішілі аударма және терминологиялық сөздіктерді былай қойғанда, Д.Н. Ушаковтың төрт томдық “Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің” үлгісімен бізде екі том “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959, 1961) жасалса, А. С. Пушкин сөздігінің үлгісімен “Абай тілі сөздігі” (1968) жарық көрді. Ал көп томдық (10 том) “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” де 17 томдық “Қазіргі орыс әдеби тілі сөздігінің” жоба-жоспарының тәжірибелерін пайдалану нәтижесінде жүзеге асты.

Қорытынды: Қазақ тілі біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бір нормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық, одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келді. Әсіресе біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай көзқарас болмады. Лұғат (словник) жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтынын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретінін түсіну қиын емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет