Таужыныстарындағы жарықтар және олардың жіктемесі



Дата23.05.2022
өлшемі319,13 Kb.
#35390

Таужыныстарындағы жарықтар және олардың жіктемесі


Орындаған: Таңатаров Қырымбек Қуанышұлы
Тексерген: Аршамов Ялкунжан Камалович

ЖарықтАр туралы мәлімет

  • 1) Жер қыртысының қабаттарында кеңінен таралып бұзылып, жарылған таужыныстар құрылымы " жарықтар " деп аталады.
  • 2) Жарықтардың кішігірім жер бөлігінде таралған жиынтығын "жарықшақтар" деп атаймыз.
  • 3) Жарықшақтық дербестелмеден ішкі құрылысына байланысты жазықта бөлінуімен ажыратылады.

Дербестелме туралы мәлімет

  • 1) Дербестелме дегеніміз, таужыныстарының жарықтар арқылы ірі кесектерге және жақпартастарға бөлінуі.
  • 2) Дербестелменің пішіні жарықтардың орналасуына байланысты болып келеді.
  • 3) Шөгінді таужыныстарда дербестелменің бірнеше түрлері кездеседі: призмалы, шар, жақпартасты, метаморфты тақта, үшкір бұрышты т.б

Жарықшақтарды зерттеудің себептері 


1) " Жарықтар " көбінесе пайдалы қазбаларды кіріктіретін сыйымды құрылым ( вместилищем ) болып келеді.
2) " Жарықтар " пайдалы қазба кенорындар. жаралуына қолайлы фактор болып қана қоймай мин. шикізаттың құндылығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
3) Пайдалы қазбаларды байыту қажет болғанда " жарықтар " рудалардың технологиялық қасиеттерін жақсартады, яғни өндірілген рудадағы пайдалы компоненттің мөлшерін арттырады.

жарықшақтар

Жарықтардың жіктелуі


Таужыныстарында дамыған жарықтар жіктелуін олардың бітімдік ерекшеліктеріне ( қабаттылық, жіктастылық, сызықты және пластинкалы, минералдар орналасу бағыты ) , жарықтардың кеңістіктегі орнына немесе пайда болу жағдайына байланысты топтауға болады.
Сөйтіп алғашқысы морфологиялық ( геометриялық ), соңғысы генетикалық болып келеді.

Жарықтардың морфологиялық жіктемесі


Жарықтардың морфологиялық жіктемесі жеті белгісі бойынша жүргізіледі.
1. Пландағы пішіні бойынша. Келесідей жарықтар бөлінеді: түзусызықты А , доға тәрізді Б, тізе тәрізді В, сақиналы Г.
2. Құлау бұрыштары бойынша: көлбеу немесе жазықты ( 0-10 гр ) , жайпақ ( 10-45 гр ) , шұғыл ( 45-80 гр ) , тік ( 80-90 гр ).
3. Бетінің түр сипаты бойынша: тегіс ( гладкие ) , кетілген ( зазубренные ) , тегіс емес ( неровные ).
4. Таужыныстардағы байқалу дәрежесі бойынша : (ашық жарықшақтар) жарықшақ қабырғалары арасында кеңістік болады. Жабық ( жасырын ) қабырғалары арасында үңірейген кеңістік болмайды.
5-6-7. Жарықтардың ұзындығы, қабаттылықпен арақатынасы, жарықтардың өзара орналасуы бойынша.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет