Сот органдары мен полиция мекемелер арасындағы ең жемқор ұйымдар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, жымқыру және салық төлеуден жалтару дамушы елдерге шамамен 1,26 трлн. АҚШ долл. шығын келтіруде; бұл соманы күніне 1,25 АҚШ доллардан кем сомаға өмір сүретін жандардың өмір деңгейін кемінде алты жыл мерзімге жақсарту үшін пайдалануға болатын еді.
2011 жылы қақтығысқа ұшыраған елдерде бастауыш мектепті тастап кетуге мәжбүр болған балалардың үлесі 50 пайызға немесе 28,5 миллион балаға жетті, бұл жайт тұрақсыз қоғамдардың 2015 жылдан кейінгі кезеңдегі күн тәртібінің басты мақсаттарының біріне – білім беруге тигізетін ықпалын қамтып көрсетеді.
Құқық үстемдігі және даму едәуір дәрежеде өзара байланысты және бір-бірін нығайтады, бұл жайт ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму қажеттілігін негіздейді.