«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік»



бет1/2
Дата16.05.2022
өлшемі53,81 Kb.
#34646
  1   2
Байланысты:
9 сын тжб каз тил



«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері ойынша

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма [10]

1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырып, көзқарасыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. Жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді қолдануды ескеріңіз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Татқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

1-мәтін

Ел тәуелсіздігінің алғашқы кезеңдерінің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде «БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы» Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.

Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін барынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.

(176 сөз)https://tilalemi.kz/article/818-.html

2-мәтін

Біз баспасөздің арқасында әлемде өтіп жатқан оқиғалар, ғалымдар ашқан ғылыми жаңалықтар, спортшылардың қол жеткізген табыстары туралы біле аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни масс-медиа адамның мәдениет туралы түсініктерін мүлдем өзгертіп жіберді.

Бүгінде БАҚ қоғамдық пікірді алдап-арбау құралына айнала бастады. Әрине, осындай олқылықтарға қарамастан БАҚ бүгінгі күнде қоғамның билік үстінен бақылау жасаудағы маңызды құралға айналып отырғанын айта кеткен жөн. Азаматтардың ақпараттарды алу мен таратудағы үлкен мүмкіндіктері мемлекеттердің демократиялық сипатының бірден-бір шартына айналды. Қазіргі күнде БАҚ өкілдерінің қоғамда туындап отыратын келеңсіз жағдайларды ашып көреететін мақалалары мен түсірілімдерімен биліктің өзі санасуға мәжбүр болады. Біздің елімізде де қазақстандық журналистер мен баспасөз өкілдері ел өкіметінің, бір жағынан, ақпаратты алу және таратудағы демократиялық принциптер көрініс тапқан халықаралық және басқа да маңызды құжаттарды мойындайтынын басшылыққа алатындығын, екінші жағынан, өздеріне жақпайтын ақпарат құралдарының қызметін шектеудегі әрекеттерін айыптайтын алаңдаушылықтарын ашық білдіріп отырады. Мәселен, телеарналар мен радиожиіліктерге тендер өткізуді бұқаралық ақпарат құралдарын өз ықпалынан шығармау және өздеріне жақпайтын журналистерді ақпарат кеңістігінен аластату мақсатында билік тарапынан қолға алынып отырған заңсыз әрекет ретінде бағалауға болады.

Баспасөзді кейде «төртінші билік» деп атайды. Адамдар оны кейде тіпті биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтарымен бір қатарға қояды.(183 сөз)

https://ikaz.info/b-araly-a-parat-raldaryny-sayasi-mirdegi-r-li/



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет