Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері Беркинбаева Лаззаттың, Әмірбек Әсемайдың «Қазақ халқының ырым-тыйым сөздері» атты ғылыми жобасына пікір
Қазақ халқымен ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі қазақтың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тауып келгендігі шындық. Алайда, қазіргі тағда олар тұрмысымыздан алыстап, мән-мағынасы жұтап, қолдану аясы тарылып келеді. Авторлардың алдына қойған мақсаты-қазіргі замандағы ырым-тыйымның орнын анықтау, дәріптеу, яғни ырым-тыйымды орнымен қолдану, дұрыс мақсатта дәріптеп жеткізу, бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Ғылыми жобада баяндау, ғылыми мәліметтерді саралау, сараптама жүргізу, салыстыру нәтиже шығару, сауалнама өткізу әдістері қолданылып, ырым-тыйымның шығу тарихын, ырым-тыйымдардың пайдасы неде екені айшықталып, тұжырым-түйіндер жасалған.
Қазіргі таңдағы ырым-тыйымдардың қолданылуы қызметі сипатталып, ғалымдардың ырым-тыйым туралы көзқарастары мен ой пікірлері және ырым-тыйымның пайда болуынан бастап қазіргі күндегі қолданысы айқын көрсетілген.
Бұл жұмыста ырым-тыйымдардың мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық шаруашылылық, еңбек мәдени гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді. Ырым-тыйымдарды ұстанып жүрген жастар бар ма? Ырым-тыйымдардың қоғамға тигізер пайдасы қандай? деген сауалдарға жауап қарастырылған.
Ғылыми жобаны Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне көмекші оқу құралы болып табылады.
ҚТӘ 21-1 студенті Алтаева Мадина
Достарыңызбен бөлісу: |