Сабақтың тақырыбы: Физикалық шамалардың қателігі. Өлшеу нәтижелерін өңдеу. Оқу мақсаттары



Дата18.05.2022
өлшемі72,31 Kb.
#34893
түріСабақ
Байланысты:
Физ практикум 11 а сынып №1


Күні:20.04.2022 жыл
Сыныбы:11 «А»
Пәні:Физика
Пән мұғалімі: Купжасарова А.К.


Сабақтың тақырыбы: Физикалық шамалардың қателігі. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.



Оқу мақсаттары

10.1.1.2 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.1.3 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
10.1.1.4 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу

Ойлау дағдыларының деңгейі

білу және түсіну, қолдану
Теориялық материалдарға шолу:
Өлшеудің 2 түрі бар. Олар: тура және жанама әдістер.
Тура әдісте аспаптарды пайдалану арқылы өлшеу. Мысалы, сызғыш арқылы өлшеу.


 Өлшеу қателігі – анықталатын шаманың өлшенген мәнінің нақты өлшемнен айырмашылығы. 
Δx=xmax−xmin2Δx=xmax−xmin2-дененің абсолют қателігі
xорта=xmax+xmin2xорта=xmax+xmin2-орташа мәні
ε=Δxxортε=Δxxорт-салыстырмалы қателік
Өлшеу кезінде орын алатын қателіктер үш типті болады – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателер.
Эксперимент барысында құралдардың құрылысында ақаулар болса, өлшеу тәсілі дұрыс таңдалмай немесе формула дұрыс қорытылмаған болса, онда жұмыс нәтижесінде жүйелік қателер орын алады. 
Кездейсоқ қателердің себептері әр түрлі: температураның өзгеруі, жердің сілкінуі, жел; мұндай жағдайларды алдын ала ескеру мүмкін емес.
Дөрекі қателер эксперимент жүргізушінің аспаптан өлшемді дұрыс жазып алмауынан, есептеулерде қате жіберуінен пайда болуы мүмкін.
Мысал 1:
Төменде нысанаға оқ атылған. Бұл жерде оқтың нақтылық пен дәлділік арқылы төрт түрлі көрсеткіш көрсетіліп тұр.



Мысал 2:
Төмендегі термометрдің нақты мәнін есепте. 
Шешуі: 
Бірінші термометрде бөлік құнын есептейміз. 
60−502=560−502=5, сонда әр бөліктің мәні 55-ке тең.
Екінші термометрде бөлік құнын есептейміз.
30−205=230−205=2, сонда әр бөліктің мәні 22-ге тең.

Есептеу жүргізу 1:

A=9,3cm±0,5cmA=9,3cm±0,5cm

B=2,8cm±0,2cmB=2,8cm±0,2cm

A+BA+B

9,3+2,8=12.1±0,7cm9,3+2,8=12.1±0,7cm

A−BA−B

 9,3−2,8=6,5±0,79,3−2,8=6,5±0,7

Есептеу жүргізу 2:


A+B=CA+B=C
ΔCC=ΔAA+ΔBBΔCC=ΔAA+ΔBB
εC=εA+εBεC=εA+εB



 A=9,3cm±0,5cmA=9,3cm±0,5cm

B=2,8cm±0,2cmB=2,8cm±0,2cm

A⋅BA⋅B

9,3⋅2,8=26.04±1,9cm9,3⋅2,8=26.04±1,9cm

ABAB

$\dfrac{9.3}{2.8}=3.32 \pm 1,9$



εA=ΔAA=0.59.3=0.053εA=ΔAA=0.59.3=0.053
εB=0.22.8=0.071εB=0.22.8=0.071
εC=εA+εB=0.053+0.07=0.124εC=εA+εB=0.053+0.07=0.124
εC=ΔCCεC=ΔCC
ΔC=εC⋅C=0.124⋅26.04=1.9ΔC=εC⋅C=0.124⋅26.04=1.9 
Қорытынды: Бұл сабақта физикалық шамалардың қателігін өлшеуді, өлшеу нәтижелерін өңдеуді үйрендім.


Оқу-әдістемелік ресурстар:
1. Башарұлы Р., Шүйіншина Ш., Сейфоллина К. Физика 10 сынып, Атамұра баспасы Алматы 2019.
2. Казахбаева Д., Кронгарт Б., Токбергенова У. Физика 10 сынып, Мектеп баспасы Алматы 2018.
3. Закирова Н., Аширов Р. Физика 10 сынып, Арман-ПВ баспасы Алматы 2019.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет