«Техника» терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде «teshne» және «ars» терминдерінің мағыналары бірдей болды. Оларды жеті «artes mechanicai» және жеті «artes IiberaIes» деп бөлді: механикалық өнерлер: жер өндеу, аң аулау, теңізде жүзу, тоқымашылық ісі, қару жасау ісі, дәрігерлік, театр ісі; еркін өнер: грамматика (логика мен ойлау өнеріде кіреді), диалектика, риторика, геометрия, арифметика, астрономия, музыка. Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің екі жеке түрі ретінде бөліне бастады: техника адам қызметінің рациональді түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық процеске айналды.
Мысалы, құрылыс өнері – құрылыс техникасы, фотография өнері – фотография техникасы және тағы басқа. «Техника» термині қызметтің осы саласында қолданылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдерге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады. Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтығы ретін

Екіншіден, терминнің алғашқы мағынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтығы ретінде. Сонымен, техника құралдар мен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі болып табылады.
М.Хайдеггердің пайымдауынша техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ, импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.

Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бірін алады және оның көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Оның техника философиясы мәселесіне арналған ең маңызды шығармасы «Техника туралы мәселелер» деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдаудың жаңа әдісін ұсынды.
М.Хайдеггер былай деп жазады: «Техниканың мәні белгілі мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жәй ғана ойлағанда, оны қолданғанда, оны басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген өз қатынасымызды ешқашанда сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та біз техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өріс алған мұндай көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады».
Хайдеггерге дейін техника Ақыл-ой мен Қайырымдылықтың салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер «түсті» нәсілдер еуропалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп-қатер деп есептеді. К.Ясперс өзінің техниканы түсіндіруінде Хайдеггердің түсінігіне жақын келді. Оның пікірінше, адамның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол барлық тіршілік атаулыны белгісіз техникалық механизмнің әрекетіне, ал бүкіл планетаны-тұтас фабрикаға айналдырды.