Техникалық факультетінің қыркүйек және қазан айларында өткен кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша атқарылған іс шаралар 25.09.2022 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті Техникалық факультет бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты аға оқытушы Байшугулова Шырын Кадрменденовна және «Тамақ, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Венера Шаймуратовна Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында өткен Халықаралық Кәсіби бағдар берру жәрмеңкесіне қатысып келді. Жәрмеңкеге Қазақстан, Ресей, Башқұрстан және Татарстан мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындары қатысты. Таңертең басталған жәрмеңкеге қала мектептерінің 2000 аса 11 сынып оқушылары мен ата аналарымен келіп жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларымен танысты. Осыған дейін Батыс қазақстан түлектері көбіне Ресей мемлекеттерін таңдап келгендігі белгілі. Осы жәрмеңке барысында көптеген оқушы мен ата-аналар С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ жоғарғы оқу орнына қызығушылығын танытты. Әрі университетіміз жайлы білмейтінін және оқу бағдарламыздың жан жақтылығына көңілдері толатындығын айтып, таңдау жасады. Сонымен бірге оқытушыларымыздың кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырушылардың да көңілінен шығып алғыс хаттармен марапатталды.
15.10.2022 ж.
Астана қаласы бойынша Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебі "Zerdeliyourstudy" ҰБТ бөлімінінің ұйымдастыруымен Қазақстан мектеп түлектеріне арналған жеті апталық "Сенбілік PROFI TIME" жобасы аясында кезекті «Техникалық мамандықтар» атты тақырыппен өткізілген кездесуге спикерлер ретінде Техникалық факультет бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты аға оқытушы Байшугулова Шырын Кадрменденовна және «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасының оқытушысы Оспанов Дастан Тулеуович қатысты(15.10.2022 ж.). Байшугулова Ш.К. кәсіптік бағдар беру бойынша презентация көрсетіп, университеттің жетістіктерін атап өтті, ал Оспанов Д.Т. өз кезегінде техникалық мамандықтың артықшылықтарына тоқталып, өз мамандығы бойынша ақпараттар берді. Кездесуге қала мектептерінің техникалық мамандықты таңдаған 80-ге жуық оқушы қатысып, спикерлерге мамандық және оқу орнын таңдау бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.