Тақырыбы: Бұлшық еттер физиологиясы. Жүйке талшықтарының құрлысы, физиологиялық қасиеттері. Парабиоз. Синапс. (Технология өндірісіндегі фармация факультеті үшін)
«LuPraFi-Sim» виртуалды физиология бағдарламасымен жұмыс. (қазақ және орыс топтарында ағылшын тілінде, қазақ және ағылшын топтарындаорыс тілінде орындалады)
1.Қаңқа еттерінің қарапайым жиырылуы Мақсаты: Қаңға еттерінің қарапайым жиырылуының кезеңдерін көрсету және өлшеу; стимулдың күші мен еттің жиырлу күші арасындағы арасындағы байланысты көрсету (жауап реакциясына қатысқан бұлшық ет талшықтарының саны бойынша); еттің қозғыштығы мен жиырылуына төменгі температураның әсерін көрсету.
Жабдықталуы:персональды компьютер, «LuPraFi-Sim» жүрек виртуальды физиологиясы бағдарламасы.
Жұмыс орындалуы: Бағдарламаны қолдану арқылы бұлшықеттің қалыпты жағдайдағы және жасанды мұздатылуы кезіндегі еттің жиырылуының сызбасын алу.
Жұмыс нәтижесі:Бұлшықеттің қалыпты жағдайдағы және жасанды мұздатылуы кезіндегі еттің жиырылуының сызбасын салу.
Қорытынды: Осыған сәйкес, мұзбен суытылған еттің жиырылу амплитудасы түсіп, латентті кезеңі ұзарады. 2. Қажудың пайда болу кезіндегі жүйке ет синапсының рөлі Мақсаты:жүйке ет синапсы бұлшық ет талшығына қарағанда тез қажитының көрсету.
Жабдықталуы: персональды компьютер, «LuPraFi-Sim» жүрек виртуальды физиологиясы бағдарламасы.
Жұмыс орындалуы: Бағдарламаны қолдану арқылы жүйке мен етке әсер ету кезіндегі миограмманы жазып алу.
Жұмыс нәтижесі: Виртуалды практикумда берілген нұсқа бойынша жүйке мен етке әсер ету кезіндегі миограмманың суретін салу.