Филолог-студенттерге қазақ тілінің морфологиялық құрылымын, соның ішінде нөлдік форманы оқытуды ақпараттық технологияны пайдалану тиімді және қазіргі жастарға қызық. Бүгінгі күні білім белу процессін сапалы ұйымдастыру үшін технологияларды, ғаламторды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.
Қазақ тілін зерттеуші мамандар үшін нөлдік форма қызықты тақырыптардың бірі боллып табылады. Ал оны ақпараттық технологиялар арқылы оқыту филилог-студенттерінің оқу процессіне қызығушылығын арттырады.
Дүние жүзі тіл білімінің дамуына үлкен әсер еткен әлемдік маңызы бар тілдік таңба теориясының негізінде бастау алған нөлдік морфема теориясы жалпы тіл біліміне кең тарап, барлық грамматикалардан орын алды. Нөлдік формалар - тек морфологияның өзінде барлық категориялардың көрсеткіші ретінде қызмет атқарып, қолданыстан өзіндік орын алған, тілдің барлық бірліктерімен қатар қызмет етіп жүрген тілдік бірлік. Нөлдік форма құрылымдық грамматикада виртуалдық бірлік, сөзжасам жүйесінде номинативтік бірлік, қолданбалы грамматикада коммуникативтік бірлік ретінде көлемді орын алады. Сондықтан, осы осы бірлікті талдау тіл ғалымдарының зерттеулерінде орын алуға тұрарлық мәселе болып отыр.
Тілде кеңінен орын алатын нөлдік формаларды ақпараттық технология арқылы оқыту студентке тілдің ішкі формасы мен мазмұнын терең игеруге мүмкіндік туғызады. Әсіресе тілдік формаларды онлайн форматында меңгертуді жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асыру қоғам сұранысын өтейтін білікті де білімді, жан-жақты дамыған, құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаудың ұтымды жолы, басым бағыты ретінде өзекті болып табылады. Осыған орай, заманауи технологиялар білім берудегі жүйесіндегі маңызды құралға айналуда.
Ғаламторда оқытуды қызықты да, нәтижелі ұйымдастыру мақсатында көптеген платформалар күн сайын шығып жатыр. Қазақ тілін, соның ішінде мен қарастырып отырған нөлдік форманы да осындай ақпараттық технологиялар арқылы оқыту қазіргі заманның талабына айналып отыр. Алдағы уақытта филолог-студенттерге ақпаратты оңай әрі тез табуға, тек отандық студенттермен ғана шектелмей, қазақ тілін үйренем деуші кез келген шетел азаматына да қолжетімді болатындай орыс, ағылшын тілдерінде қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренуге, талдауға мүмкіндік беретін платформа жасау жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |