ТӘжірибе алмасу – МҰҒалімнің КӘсіби өсуінің факторы



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі0,71 Mb.
#113

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ –

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ ФАКТОРЫ

 

2015-2016

 

 

 



 

Lesson study бойынша 2015-2016 оқу жылындағы есеп

 

Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп. 

1- деңгей курсынан өткен математика пәні 

 мұғалімі Шайхутдинова Г.Ж..  

3 -деңгей курсынан өткен математика  

пәні мұғалімі Алтаева Қ. 

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басты мақсат жалпы білім беретін 

мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған 

азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін 

қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Білім беруді 

дамыту  бағдарламасы  мен  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  негізгі  мектебіне  арналған  оқу 

бағдарламасындағы  "оқушылардың  сенімділігін  және  пәнге  деген  қызығушылығын 

қалыптастыру  мақсатымен  сандар,  алгебра,  геометрия,  статистика  және  ықтималдықтар 

теориясы, математикалық модельдеу және анализ облыстарында математикалық  білімдер мен 

біліктерін дамыту.   Есептерді  шығару  мақсатымен  математикалық  модельдерді  жасау  үшін 

білімдерді  қолдануға  үйрету  және  керісінше  математикалық  моделдерді  шынайы  үрдістердің 

сипаттамасы  ретінде  түсіндіріп  беру;  нәтижелерін  бағалау  үшін  білімдерді  қолдану,  олардың 

ақиқаттығын  анықтау;  дәлелдеу,  оларға  баға  беру  "  мақсаттарын  негізге  ала  отырып    Лессон 

Стади зерттеу жобасының тақырыбын "Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты 

дамыту"  -деп  таңдадық.  Лессон  Стади  зерттеу  тобының  мүшелерінің  қатарындағы 

мұғалімдердің  көпшілігі  жоғары  кластарда  сабақ  береді.  Мұғалімдермен  ақылдаса  келе 

төмендегі жұмыс жоспарын бекіттік. 

“Lesson  Study”  экспериментальды  жобасы  бойынша  құрылған  тізбектелген  сабақтар 

топтамасы.  2015-2016 оқу жылы 

Аты-жөні 

Сабақтың тақырыбы 

Класы 


күні 

М

ат



ем

ат

и



ка

 п

әні



 б

о

й



ынш

а 

ф



ун

кц

и



о

нал


д

ық

 



са

уатт


ыл

ық

ты 



д

ам

ыт



у 

О

қушыл



ар

д

ың



 

ко

м



м

ун

и



ка

ти

вт



ік 

қа

бі



л

етін 


д

ам

ыт



у 

ар

қы



л

ы, 


п

әнг


е 

д

ег



ен 

қыз


ығ

ушыл


ығ

ын 


ар

тт

ыр



у 

Алтаева К. 

«Функцияны зерттеудің қарапайым 

жоспары» 

10 «А» 

 

Алтаева К 



Күрделі  және  кері  функциялардың 

туындысы 

10 «А» 

11.02.201



Алтаева К 

Тригонометриялық  формулаларға 

есептер шығару 

10 «А» 

 

Алтаева К 



Тригонометриялық 

өрнектерді 

түрлендіру

” 

10 «А» 



 

 

Лессон 



Стади 

зерттеу 


тобында 

жұмыс 


жасайтын 

мұғалімдер 

болып 

сабақтың 



тақырыптарын 

анықтадық, 

сабақтың  тақырыптарын  анықтап 

болғаннан  кейін  бірінші  сабақ 

жоспары құрылды, сабақ жоспарын 

құру барысында функционалдылық 

сауаттылықты 

арттыру 


үшін 

өмірмен  байланысы  бар  есептерді 

қарастыру  ұсынысы  жасалынды, 

осы ұсынысты ескере отырып және 

оқушылар 

өздерінің 

алған 


ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ –

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ ФАКТОРЫ

 

2015-2016

 

 

білімдерін  тексеру  үшін  компьютерлік  бағдарламаны  қолдану  туралы  тағы  да  ұсыныс 



жасалынды.  

Бірінші сабақ "Функцияны зерттеудің қарапайым жоспары" Сабаққа өзіміздің зерттеу тобындағы 

мұғалімдермен қатар басқа да мұғалімдер қатынасты. Зерттеу тобы үш топқа бөлініп, бір топ "Үш 

оқушы  сұлбасы"  оқушылардың  іс  әрекетін  зерттеді,  екінші  топ  "тайм менеджмент"-  ті  зерттеді, 

үшінші топ "оқушы-мұғалім-оқушы" байланысын зерттеді.  Зерттеуші топтар сабақ өткеннен соң 

өздерінің  жасаған  жұмыстарын  көрсетіп,  сабақты  талдады.  Сабақты  талдау  барысында 

байқалғаны  екі  оқушының  мұғаліммен  де  басқа  оқушылармен  де  байланысы  өте  аз  болғаны, 

мұғалімнің сабақты қорытындылауы үшін қосымша уақыт қажет еткендігі, кейбір оқушылардың 

компьютерлік  бағдарламаны  қолдану  барысында  сабаққа  деген  қызығушылығының 

артқандығы,  оқушылар  өздерінің  білімдерін  тексеру  барысында  ынталанғандықтың  пайда 

болуы, және де, сабақта оқушылар білімдерін 

бағалау барысында балдың аз қойылуының себебін сұрап, есептің шығарылуында кеткен қатені 

сұрауы, оқушылардың жоғарғы деңгейдегі сұрақтарды қоюына мүмкіндік берді.                 

 

 



 

Сабақтың қорытындысы ретінде, оқушылардың алған білімдерін теннис ойынын ұтымды 

ойнау үшін қалай ойнау керектігін тұжырымдағаны сабақтың ұтымды жері болды. Басқа зерттеу 

тобының  мүшелері,  әріптес  мұғалімдердің  айтуы  бойынша  да  және  өзіміздің  зерттеу  тобының 

мүшелерінің  ойы  бойынша  да  топтық  жұмысты  математика  сабағында  ұйымдастыру  үшін 

уақыттың  көбірек  кетіп  қалатындығы.    Функционалдылық  сауаттылыққа  келетін  болсақ, 

оқушылар  тарапынан  осы  мақсатқа  жауап  беретін  есептерді  оқушылар  қызығушылықпен 

шығарды,  бірақ  топтық  жұмыс  кезінде  уақыттан  желініп  қалдық  және  екі  оқушымыз  сабақта 

топтық  жұмысқа  қатынаспай,  сабаққа  салғырт  қарап  қалды. Енді  келесі  сабақта  осының  алдын 

алу үшін қандай жұмыс түрін қолданамыз деген сұрақ пайда болды.  пен зерттеу тобы тарастық. 

 

Зерттеу  тобындағы  мұғалімдермен  бірігіп,  топтарда  жұмыс  істеу  үшін  не  қажет?  деген 



сұраққа  жауап  ізделінді.  Кембридждік  оқыту  курсының  1-деңгей  мұғалімдеріне  арналған 

үлестірме  материалдардағы  ақпаратты  қолданып,  кезекті  өткізілетін  сабақта  оқушылардың 

ынтымақтастығы мен бірлескен оқуы туралы әрекеттеріне назар аудару керек екендігі айтылды. 

Сонымен  қатар,  оқушылардың  бірлескен  түрде  топ  құрып,  командалық  ережелерді,  рөлдерді 

бөлуі,  әрбір  топтардағы  тапсырмаларды  сапалы,  жоспарға  сәйкес  орындалуын  тексеріп,  топ 

мүшелерінің  пікірін,  оқыту  және  көмек  көрсету  арқылы  меңгертуді  назарда  ұстау  керектігі 

айтылды.    Зерттеу  сабақтары  сериясының  келесі  "  Тригонометриялық  формулаларға  есептер 

шығару  "  тақырыбын  жоспарлауда  мұғалімдерден  құралған  топ  мүшелерінің  рөлдік  ойын 

түрінде  өткізуді  ұсынды.  Аталмыш  сабақты  Алтаева  Қ.  өткізіп  шықты.  Сабақ  барысында  А,  В,  С 

оқушыларының  іс-әрекеттері  бақылауға  алынып,  зерттеу  объектілері  жеке,  топтық 

тапсырмаларды  орындады.  Рөлдік  ойын  кезінде  таймер  уақыт  жетіспеушілігін  қайта-қайта 

ескертіп  отырды.  Соның  салдарынан  топтағы  оқушылар  бірлескен  ынтымақтастық  негізінде 

берілген тапсырмаларды шапшаң, ауызбірлікпен орындады. Дегенмен, С оқушы топтағы жұмыс 


ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ –

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ ФАКТОРЫ

 

2015-2016

 

 

кезінде өзінің басты ойларын, идеяларын толық жеткізе алмады. Және кейбір есептерді соңына 



дейін  орындамай,  топтағы  оқушылардың  берген  жауаптарымен  келісіп,  үнсіз  отырды. 

Сондықтан,  осы  сабақтың  талдауын  жасау  кезінде  әрбір  оқушыға,  әсіресе  лидерлік  қабілеті 

төмен оқушыларға назар аудару керектігі туралы қорытындыға келдік.    Зерттеу 

тобындағы 

мұғалімдермен  кеңесіп,  кезекті  "  Тригонометриялық  өрнектерді  түрлендіру”"  тақырыбындағы 

сабақты ротация әдісімен өткізуді ұйғардық..   

 

 

 



 

 

 



Сабақта  ротация  әдісі,  өзін-өзі  бағалау  әдістері  қолданылды.  Мозайкалар  көмегімен 

құрастырылған суреттер арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артып, өздеріне 

артылған  міндеттерді  орындай  білді.  Оқушылар  өрнектерді  түрлендіру  түрлеріне  байланысты 

топтарға  бөлініп,  жұптық  тапсырмалар  және  "Автобус  аялдамасы"  ойыны  арқылы  топтық 

тапсырмаларын  шығарды.  Оқушылар  теориялық  білімдерімен  ұштастыра  білді.  Сабақ 

соңындағы  талдау  жүргізу  арқылы  екі  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы  төмен 

болмағанын  анықтадық.  Соның  бірі  зерттелуші  В  оқушысы.  Зерттеу  тобындағы  мұғалімдермен 

бірлесе отырып, В оқушының сабаққа қатысымының төмен болуының себебін іздестірдік. Келесі 

жоспарланған  сабаққа  дейінгі  аралықта  оқушылардан  анкета  түрінде  сұрақ-жауап  парағы 

алынды.  Сонда  В  оқушының  сабаққа  осылай  қатысуының  себебі,  А  оқушымен  бірге  бір  топқа 

түсуі болып табылды. Себебі, В оқушы бойындағы лидерлік қасиет, өз ойын айқын, дұрыс айта 

білуі  қасиеттерін  А  оқушы  шапшаңдығымен,  тез  есептеп,  жауап  беруімен  озып  отырды. 

Сондықтан келесі сабақтарда А, В, С оқушыларының орнына да көңіл бөлу керектігі ұсынылды. 

Сабақ  беруші  мұғалімнің  басты  міндеті  оқушы  бойында  сабаққа  деген  қызығушылықты  ояту, 

әрбір кезеңдердегі қозғалысты бақылау, болдыру. Сабақтағы А, В, С оқушыларының іс-әрекетін 

бақылау  үшін  зерттеу  тобындағы  мұғалімдерге  жеке-жеке  тапсырмалар  ұсынылды.  Сабақ 

соңында  жүргізілген  рефлекция  көрсеткендей:  оқушыларға  сабақ  өткізу  әдісі,  ондағы 

шығарылған есептер, және бағалау тәсілдері ұнады.  

 

Сонымен, Lesson study зерттеу жобасы бойынша алған нәтижелер келесідей болды:   

 

А оқушы: күрделі тапсырмаларды жеке талдайды және топ мүшелерінің пікірлерін ескере 



отырып, ортақ шешім, қорытынды жасай алады; 

 

В оқушы: топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен, толық жеткізе алады және өзіндік 



бағалаудың объективті болу керектігін түсінеді.  

 

       С  оқушы:  процесті  бақылайды,  топ  мүшелері  атынан  спикер  ретінде  ой  білдіреді, 



кейбір  есептерді,  тапсырмаларды  сыныптастары  көмегімен  орындайды,  қиындықтарды  көтере 

алады және өз мүмкіншіліктерін біледі.    

Осының  нәтижесінде  зерттеудегі  А,  В,  С  оқушыларының    өзін-өзі  реттеу,  қалыптастыру,  өз 

бетінше  білім  алу  және  математикалық  білімін  дамыту  қабілеттерінің  өсуін  байқадық.  Зерттеу 

тобындағы    мұғалімдердің  жүргізген  бақылауларына  талдау  жасай  отырып,    оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығының  артқанын,  сыныптағы  психологиялық  ахуалдың  жақсарғанын,  

бір-бірімен диалог жүргізу арқылы өз ойларын негіздей алатындығын байқадық.       

 

1. Математика сабағында қызығушылықты, функционалдылық сауаттылықты арттыру үшін 



топтық  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру  тиімді.  Топтық  жұмыс  кезінде  оқушылардың  арасында 

жүргізілетін диалог олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді; 

 

2. Lesson Study зерттеу жобасында, мұғалімдер оқушыларды бақылау дағдысын дамытты; 



  

Бұл зерттеу материалдары математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер үшін маңызды.  

 

Келесі  оқу  жылында  осы  топ  мүшелерімен  математика  пәні  бойынша  барлық 



оқушылардың  сабаққа  белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ететін  технология  түрлерін  зерттеу 

жұмысымен айналысуды мақсат етіп отырмыз.  



 

 

   



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет