Тек жеке кварталдарды ғана жобалау қарастырылады Жобаланатын аумақ сынақ кітапшасының соңғы санымен анықталады



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#13036
  1   2   3   4

Кіріспе
Бұл курстық жұмыс PON желісін жобалауға арналаған. PON –пассивті оптикалық желілер– талшық бойымен, тез дамудағы ең перспективті кеңжолақты мультисервистік қатынау технологиялар жанұясы. PON технологиясының мәні, оның атауына сай келеді, таратылған желі активті компоненттерсіз құрылады: оптикалық сигналдың таралуы бірталшықты оптикалық байланыс желісінде оптикалық қуаттың пассивті бөлгіштері – сплиттерлер арқылы жүзеге асады.

Жұмыс барысында біз жалпы PON желісінің негізгі түсініктерімен танысамыз. Желінің сұлбасын тұрғызып, ол желіге кіретін барлық элементтерді сипаттау қажет.

Сонымен қатар, абоненттер тығыз орналасқан қалалық усаскелерге PON желісін жобалаймыз. Жобалауға шартты түрде Алматы қаласының аумақтары алынды. OLT – Құрманғазы және Мұратбаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Тек жеке кварталдарды ғана жобалау қарастырылады.. Жобаланатын аумақ сынақ кітапшасының соңғы санымен анықталады.

Кейінгі жылдары кеңжолақты қатынау желісіне қосылуға сұраныс көбейеді. Цифрлық телевидение мен видеоконтенттің әйгілі болуы сұраныстың болуының бәрден бір себебі, сондай-ақ ол бағалардың төмендеуі мен сапаның жоғарлауына да әсер етеді.

PON (Passiveopticalnetwork) – пассивті оптикалық желі, пассивті оптикалық желі технологисы. PON қатынаудың таратушы желілері – тораптардағы пассивті оптикалық таратушыларымен ағаш тәрізді талшықты- кабельдік архитектура негізінде пайда болды, ақпараттарды кеңжолақты таратуды қамтамасыз етудің тиімді әдісін ұсынады. Сонымен қатар, PON архитектурасы абоненттік қазіргі сәттегі және болашақтағы қажеттіліктеріне байланысты өткізу қабілеттілігі мен желі тораптарын қажетті тиімді ұзарта алады. PON архитектурасының негізгі идеясы – көптеген ONT (optical line terminal) абоненттік құрылғыларына (optical network terminal) ақпараттарды тарату және олардан ақпараттарды қабылдау үшін бір қабылдағыш-таратқыш модулін пайдалану.

OLT бір қабылдағыш-таратқыш модуліне қосылған абоненттік тораптың саны қабылдағыш-таратқыш аппаратурасының қаншалықты ең жоғарғы жылдамдығы және қуаттылық бюджеті рұқсат етілсе, соншалықты көп болуы мүмкін.

OLT-дан ONT-ға ақпараттар ағынын беру үшін – ережеге сәйкес тікелей ағынның (шығыс емес) 1490 нм толқын ұзындығы пайдаланылады. Керісінше, әртүрлі абоненттік тораптардан орталық торапқа деректер ағыны бірлесіп кері ағынды түзетін (шығыс) ағын 1310 нм толқын ұзындығында беріледі. Телевидение дабылдарын беру үшін 1550 нм толық ұзындығы пайдаланылады. OLT және ONT –де кіріс және шығыс ағындарды ажырататын WDM мультиплексоры орнатылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет