Тексерген: Қырықбаева Ә. А. Кіріспе



Pdf көрінісі
Дата28.04.2023
өлшемі1,53 Mb.
#87618


Орындағандар:
Амангелді Бертілеу 
Әбілмәжін Нургүл 
Қанат Дәрия 
Қайратұлы Ақылжан 
Жеңіс Қабылжан 
Тексерген: 
Қырықбаева Ә.А. 


Кіріспе. 
Негізінен айтқанда, ғарыштық зерттеулер мен ғарышты игеру проблемалары 
заманауи техниканың көптеген салаларының дамуына түрткі болған болатын.
Зымырандардың құрылысы айнымалы жүктемелерге, тербелістерге және 
кернеудің кенет өзгеруіне төзімді өте төмен, сондай-ақ өте жоғары 
температураға төтеп бере алатын түбегейлі жаңа материалдарды жасауды 
талап етті. Және де дәл осындай материалдар жасалынып шықты, сонымен 
қатар қазіргі таңда кең қолданыста қолданылып жатыр. 


Нанотехнология дегеніміз жұмыс принципі наноқұрылыммен, яғни 
өлшемі 1-ден 100 нм-ге дейінгі реттелген бөлшектермен анықталатын 
құрылғыларды, материалдарды және техникалық жүйелерді құру және 
пайдалану.


Наноспутниктер – шағын ғарыш аппараттары, олар жерді 
қашықтықтан зондтау, қоршаған ортаны бақылау, жер сілкінісін 
анықтау, ионосфераны зерттеу үшін қолданылады. 
Бірінші отандық наноспутник - ТНС-0 
орбитаға 2005 жылы Селижан Шәріпов 
ХҒС-та жұмыс істеп жүргенде оны жай 
ғана қолымен ғарышқа лақтырды. 
Салмағы 5 кг болатын наноспутник 
ғарыштық аспаптар ғылыми-зерттеу 
институтында жобаланған. 
ТНС-0
аппараты кәдімгі литий 
батареясынан қуат алатын ішінде 
радиожабдығы бар цилиндр болды, 
сондықтан орбитада 2,5 ай ғана қызмет 
етті. 


Нанотехнологияның ғарышта қолданылуы 


Тағы бір айта кететін жайт, ол ғалымдар арасында талқыланып жатқан
ғарыштық лифт идеясы, бұл идеяның айтылғанына да жүз жылдан астам уақыт 
болды. Алғаш рет Константин Циолковский 1895 жылы осындай көтергіш 
туралы айта бастаған болатын. Заманауи космонавтиканың негізін салушы 
жерге жақын орбитада қандай да бір аспан қабатында бекітілетін биіктігі 
мыңдаған шақырым мұнара салуды ұсынды.
Ғарыштық лифт деген не? Ғарыштық лифт-бұл бір 
ұшы жер бетіне бекітілген, ал екіншісі ғарыштағы 
геосинхрондалған орбитада (100000 км биіктікте) 
орналасқан таспа. 
3-сурет. Ғарыштық лифтінің сұлбасы. 


Наноэкология дегеніміз қоршаған ортаға сыртқы және ішкі 
әсерлердің әсері болып табылатын экологиялық зерттеулердің жаңа 
бөлімі, сондай-ақ нанотехнологиялар мен наноматериалдардың 
тиімді нормативтер мен стандарттарды әзірлеу мақсатында 
адамдардың денсаулығына әсер ету мәселелерін қарастыратын 
нанотехнологияның бір бөлімі. 


Нанотехнологияның 
экологияға әсеріне 
тоқталып кететін 
болсақ, ең бірінші 
мәселе ол – су. Яғни, 
судағы 
нанобөлшектердің 
әсерін зерттеу. Қазіргі 
таңда бұл мәселе өте 
нашар дамыған 
Тағы бір жаһандық проблема атмосферада нанобөлшектердің болуы 
болуы мүмкін. Американдық ғалымдардың пікірінше, бұл бөлшектер 
күн сәулелерін шағылыстыра отырып, планетадағы климатты өзгерте 
алады, бұл тағы бір мұз дәуірін тудырады деген болжам жасады. 
Қазірдің өзінде олардың ауа-райына айтарлықтай әсері туралы ақпарат 
бар және әрқашан жақсы жаңалықтар емес


Нанотехнологияның зияны мен қатар пайдасы да бар. Енді, нанотехнология 
арқылы экологиялық мәселелерді шешуге тоқталсақ.
Жасыл нанотехнологиялар. Нанотехнологияның өндірістік процестерді екі 
жолмен өзгерту мүмкіндігі бар. Біріншіден, жылдам өндіріс қалдықтарын азайту 
және оның тиімділігін арттыру. Екіншіден, наноматериалдарды катализатор 
ретінде пайдалану арқылы, бұл өндірістік процестердің тиімділігін арттырады 
және улы, лас материалдардан, сондай-ақ соңғы өнімдерден арылуға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет