Тексерген: мәдениеттану магистрі, оқытушы Есболова Мӛлдір Ауелтаевна



Pdf көрінісі
Дата21.02.2023
өлшемі1,09 Mb.
#69706


ТАҚЫРЫБЫ:ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС 
ЕУРОПА МӘДЕНИЕТІ 
Тексерген: мәдениеттану магистрі, оқытушы Есболова Мӛлдір Ауелтаевна
Орындаған: Орын Ақбала, мәдениеттану 3-курс. 


Орта ғасырлар – эллиндік- классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне 
жетіп,ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес 
келетін, үзаққа созылған біртүтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта 
ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы- «романдық бастаудан» нәр 
алатын Батыс Рим империясының мәдени д дәстүрлері болып 
саналады. Олар қүқық, ғылым, ӛнер, философия, жоғары құқықтық 
мәдениет,христиан діні және т.б.Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің 
«варварлармен» күресі кезеңінде терендей түсіп,Батыс Еуропаның 
пүтқа табынушы кӛптеген тайпаларының мәдени ӛмірінде ӛз жалғасын 
тапты.Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар 
мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. 
Мәдениеттанушы ғалымдар кӛне заманнан бастап жаңа заманға 
созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең 
бір мың жылдан астам уақытты қамтиды,яғни V- ғасырдан бастап VX 
ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет 
Италияда Қайта ӛрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бүл 
терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін 
анықтау үшін де қалданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол біртарихи 
кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да ӛз мағынасын 
жойған жоқ. 


Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш 
кезеңнен түрады. Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар 
кезеңі»- дәуір бастаунан басталып X-XI - ғасырға 
дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық ) 
кезең- XI - XIV ғғ.; ал үшінші, «Кейінгі орта 
ғасырлар кезеңі» - XIV- XVғғ. Аралықтарын 
қамтиды. Ортағасырлық мәдениеттің басты 
ерекшелігі- мәдениеттің діннің ықпалында 
болуында, яғни христиан діні мен христиан 
щіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында
.


Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі — әдебиет болды. 
Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде 
батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени 
құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл 
эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына 
бӛленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған 
ағылшын — саксондық қаһармандық эпостардың бірі — 700 ж. 
шамасыңда жазылған «Беовульф» поэмасы болды. Маман-
ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуролалық 
әдебиетте ӛзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан 
Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына пара-пар 
келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы 
туындылардың бірі — құдайлар мен батырлар жайындағы кӛне 
норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық 
сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын — «Старшая 
Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде 
латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. 


СӘУЛЕТ ӚНЕРІ 
XI ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Байыған 
шіркеулер сансыз діндарларды сыйғызу үшін храмдарды ұлғайтты. 
Қарапайым ағашпен жабылған жайдақ тӛбелерін тас күмбездермен 
алмастырды. Оны қалың қабырғалар ғана кӛтере алатын еді. Сол 
уақыттағы құрылысшылар Ежелгі Римнің сәулет ӛнерінен кӛп үлгі 
алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ғасырлардағы ғимараттарды роман (латын 
сӛзі Рома - Рим) ғимараттары деп атайды. Роман храмы қабырғасы 
тегіс, биік мұнаралы, алып ғимараттар еді. Күмбездерінде, 
терезелерінде, храмның кіре берісінде доға тәрізді аркалар 
қайталанып отырады. Роман храмдары ӛзінің сұстылығымен және 
күрделілігімен қамал тәрізденіп, католик шіркеуінің құдіретіне сенім 
туғызуға тиіс болды. Олар үйсіз-күйсіз, қашқан-пысқан халыққа 
баспана қызметін де атқарды. 



XII ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың ӛктемдігінен 
құтылған қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, 
соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерін сала бастады. XII-
XV ғасырлардағы құрылыстар готикалық деген ат алды. 
Құрылысшы шеберлігінің одан әрі ӛсе түсуі ауыр доға 
тәріздес күмбездерді неғүрлым жеңіл, шошақ күмбезбен 
алмастыруға мүмкіндік берді. Енді қалың қабырғаның 
керегі болмай қалды. Қаракӛлеңке роман храмынан 
ӛзгешелігі - готикалық соборлар үлкен терезелерімен 
жарқырап кӛрінеді. Қайталанып келетін аркалары, сәнді 
құрама күмбездері, тіреулермен безендірілген биік 
мұнаралары - осылардың бәрі аспанмен тілдескендей 
әсер беретін. Ең үлкен готикалық собор мұнараларының 
биіктігі 150 метрге жетіп, [[Египет пирамидалары|Египет 
пирамидаларынан]] да асып түсті. Сәнді, аса үлкен 
собордың ішінде діндарлар құдіретті Құдай алдында 
ӛздерін дәрменсіз және мүсәпір сезінуге, ӛздерінің бүкіл 
ойын, сезімін соған арнауға тиіс болды. Сонымен бірге 
келушілер собордың сәулеттілігі мен әсемдігін сүйсіне 
тамашалады.. Ортағасырльщ ғимараттар қазірдің ӛзінде 
де оны жасаушы шеберлер ой-қиялдарының 
шексіздігімен сүйсіндіреді. Готикалық соборларды салуға 
кӛптеген адам, тіпті сәулетшілердің, тас қалаушылардың, 
ағаш шеберлерінің, әйнекшілердің бүтіндей ұрпағы 
қатынасты. 


МҮСІН ӚНЕРІ 

Орта ғасырлардағы мүсін ӛнері сәулет ӛнерімен тығыз байланысты болды. 
Соборлар құдайларды, епископтарды, корольдерді бейнелейтін жүздеген, тіпті 
мыңдаған бедерлермен және мүсіндермен безендірілді. 

Дінбасылардың пікірі бойынша, ӛнер сауатсыздар үшін «інжіл» міндетін, христиан 
кітаптарында айтылатын окиғаларды бейнелеу, суреттеу, сенімін арттыру, тозақ 
азабымен үрейлендіру қызметін атқаруға тиіс болды. Ӛнер шығармалары 
шіркеудің тапсырмасы бойынша жасалды, бірақ оны халықтан шыққан шеберлер 
тудырды. Діни тақырыпқа арналған мүсіндер арқылы олар ӛмір жӛніндегі ӛз 
түсінігін кӛрсетті, адамның адамгершілігін және сезім байсалдылығын дәріптеді. 
Шеберлерде әсіресе, ананың балаға деген сүйіспеншілігін суреттеуге құштарлық 
басым болды. Бұл Құдай-ананың кӛптеген бейнелерінен кӛрінді (Батыс Еуропада 
оны «мадонна», «менің қожайы- ным» деп атады). Адам денесінің сүлулығын 
дәріптеген антикалық ӛнерге қарағанда, орта ғасыр суретшілері адамның ой 
байлығын, сезімі мен кӛңіл күйін ашуға кӛбірек ұмтылды. Роман шеберлері адам 
денесін кӛбіне жүдеу, бет-бейнесін кескінсіз, титықтаған етіп бейнеледі. Адамның 
қиналысын немесе шаттығын барынша жеткізу үшін олар адам бейнесіне кӛбіне 
рабайсыз пішін берді. Роман мүсіндеріне қарағанда, готикалық мүсіндерде адам 
бейнесі дәлірек берілген, киім қыртыстары, адам денесінің кескін-пішіні айқын 
байқалады. Дарынды шеберлер ӛмірде кӛргендерін нанымды бере білген. 
Адамның сырт келбетімен қатар, ішкі сұлулығына зейін қоюшылық байқалады. 


МЫСТАН ҚҰЙЫЛҒАН ТӚРТ АТ МҮСІНІ. ВЕНЕЦИЯҒА ӘСКЕРИ ЖОРЫҚ 
КЕЗІНДЕ ӘКЕЛІНГЕН 


БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ 
Роман храмдарының қабырғалары суретке толы болатын, ол 
суреттерден құлшылық етушілерге «әулиелер» мен құдайдың 
сұсты бейнелері карап тұратын. Ал готикалық соборлардың 
кабырғаларында бейнелеу ӛнеріне орын аз берілді. Аса үлкен 
терезелері қорғасын құрсаулармен бекітілген мӛлдір шыны 
сынықтарынан құрастырылған суретті әшекейге толы болатын. 
Витраж арқылы храм ішіне түскен күн сәулесі колоннада, тӛбе 
мен еденде жалт-жұлт ойнап, храмға ерекше салтанатты кӛрік 
берді. Бейнелеу ӛнерінің аса зор жетістігі кітап миниатюрасы 
болды. Ашық салынған суреттерде орта ғасырлар адамы 
ӛмірінің барлық жағы бейнеленді. Суретшілер кӛпке дейін 
болжай алмай, алыстағы мен жақындағыны кӛлемі жағынан 
бірдей етіп бейнеледі, сондықтан да нәзік нӛрсенің ӛзі де 
түрпайы сияқты болып кӛрінетін. Витражда, миниатюраларда 
шаруалар мен қолӛнершілердің еңбек үстіндегі жағдайы 
кӛрсетілді. Халықтың ӛз еңбегінің маңыздылығын және 
бағалылығын түсінуі осыдан кӛрінді. 


РОМАН СТИЛІ 
Роман стилі (ағылш. romanesque style, фр. art roman, нем. romanіk), 
Еуропаның ортағасырлық ӛнерінде (негізінен Батыс Еуропада), 10 
ғасырдан 12 – 13 ғасырларға дейін) дәуірлеген. Ол діни-ақсүйектік 
идеологияның үстемдік алған кезеңінде дүниеге келді. Негізінен 
сұсты 
да 
қомақты 
(бекініс 
құрылыстар) 
архитектуралық 
құрылыстардан кӛрініс тапты: тас монастырьлар кешені, шіркеулер, 
бекініс қамалдар, қала қабырғалары, тас немесе фахверктен 
тұрғызылған тұрғын үйлер, т.б. Ғимараттың алдыңғы беті мен 
порталын, капителін нақыштау ісінде қолданылатын мүсін-
ескерткіштер 
мен 
фрескалар 
және 
миниатюралардың 
композициясынан діни әңгімелер, аса бай экспрессия мен 
фольклорлық сипаттағы шартты бейнелеу тәсілдері басым 
аңғарылады. Құрылысты ою-ӛрнекпен нақыштау, қалыптау, темір 
қақтау, кӛркем оймыш, тоқымашылық дамыды. Кӛптеген жергілікті 
мектептер пайда болды. Германия, Франция, Англия, Испания, 
Скандинавия елдерінде, Чехияда, Польшада роман стиліндегі 
таңдаулы туындылар дүниеге келді. Италияда проторенессанстың 
қанат жаюымен байланысты роман стилі ерекше сипат алды. 12 — 13 
ғасырларда роман стилін готика ығыстырып шығарды. 


АРХИТЕКТУРАСЫ 



ГОТИКА 
Готика (гр. γοτθικο) — Еуропа (әсіресе, Батыс Еуропа) елдерінің сәулет ӛнерінде 12 ғ-
дың 2-жартысында пайда болып, 16 ғ-да кең ӛріс алған стиль.Шартты түрде герман 
тайпалары - готтардың есімімен аталып кеткен. Готиканы орта ғасырлардағы қалалық 
және сарайлық мәдениет тудырады. Ол роман стилінің орнын басты.
Қондырғылы Готикамен (эстамптар) қатар кітап Готикасы да кең тараған. Алғашқы Г. 6 - 
7 ғ-ларда 868 ж. Қытайда жасалғаны анықталған. Готика ӛнері 14-15 ғ-да Бат. 
Еуропада, 17- 18 ғ-дар да ағаштағы Готика- ксилография Жапонияда дамыды. Ресейде 
16 ғ-дан белгілі. 18 - 19 ғ-ларда Готика кең таралды. Қазақстанның бейнелеу ӛнерінде 
Готика ӛнердің ӛркендеген түрлерінің біріне айналды. Республиканың жетекші 
графикашылары В.И.Антощенко-Оленев, мен пропорц. шарттылық тән, сондай-ақ 
әмірге деген құштарлық, асқақ рух та аңғарылып тұрады. Г. Францияда (Париждегі, 
Реймстегі, Аменъедегі ғибадатханалар), Германияда, Нидерландта, Англия мен 
Испанияда, Скандинавия елдерінде, Италияда дамыды. 


Готика стилі шіркеу сәулет ӛнерінде кең қолданылды. Сондай-ақ, ақсүйектер 
қауымы құрылыстарын (ратушалар, сауда орындары), қамалдар, тұрғын үйлер 
салуда да маңызды орын алды. Готика стилінде салынған ғимараттар зәулім 
биіктігімен, әсем нақыш, асқан сән-салтанатымен кӛз тартады. Олар бағана 
қатарына иек артқан сүйір арқалы, ғимараттың ішкі тӛбесін шатырлауда 
(күмбездеуде) үлкен үйлесім тапқан айқыш уықта (нервюра) болып келеді. 
Бүйір қабырғаларға жанастыра салынған тұғыр бағаналар (контрфорс) 
шатырмен жартылай арқа (аркбутан) арқылы байланысады. 
Сән ӛнері (витраждау, сан алуан ескертқіштер тұрғызу) және қосалқы ӛнер (тас 
қашау, сүйек қырнау, темір қақтау, т.б.) де биік сатыға қӛтерілді. Ӛнердің бұл 
түрлері, әсіресе, ғибадатханалар салуда кең қолданады. Оларға діни нышандар 
тын және ойып жасалатын нұсқа болып екіге бӛлінеді: бедерлі нұсқала бояу 
сурет бетіне жағылады (ксилография, линогравюра). Ойма нұсқала бояу 
ойылған сурет сызықтарына толтырылады (офорт, акватинта, мещотинто, лавис, 
т.б.). Готиканың жасалуы бірнеше қезеңнен тұрады: алдымен қағазға салынған 
эскиз тақтаның бетіне кӛшіріледі. 
Содан соң арнаулы металл аспаптармен (штихель, қашау, гравирлейтін инелер, 
арнаулы пышақтар) немесе хим. әдістермен (қышқылмен күйдіру, т.б.) бұл 
сусын ӛзгеріссіз, айнытпай шығаруға болатындығы - Готиканың ерекшелігі. 


Бірқатар Готикалық маңызды есқерткіштер Чехияда, Словакияда, Польшада, 
Венгрия мен Хорватияда, Словенияда, т.б. жерлерде сақталған. 15 - 16 ғ-
ларда Бат. Еуропа елдерінің кӛпшілігінде Готиканы Қайта әркендеу дәуірінің 
ӛнері ығыстырыл шығарды. гравюра (франц. дгауиге - бедер сурет) - графика 
ӛнерінің бір түрі; тақтаға бедерлен салған суреттің қағазға түсірілген 
кӛшірмесі (эстамп) Готика деп аталады. 


Ӛңдеу әдісіне байланысты Готика бедерленіп жасаларет тактаның 
бетіне әйылып немесе бедерленіп түсіріледі. Одан кейін тақтаның 
бетіне бояу жағылып, қолмен немесе арнаулы станокпен қағазға 
басылады. Готикалар бедерлену әдісіне қарай бірнеше түрге бӛлінеді: 
мысқа ойылып жасалатын Готика, ағаштағы Готика - ксилография, 
линолеумдегі Готика - линогравюра, офорт, меццотинто, т.б. Г. 
жасалатын негізгі заттар: металл (мыс, мырыш, болат), ағаш 
(шамшат, пальма, алмұрт ағашы), линолеум, т.б. Г. кӛбінесе ақ және 
қара болып келеді. Алайда әрқайсысына әр түсті бояу жағылған 
бірнеше тақталан басылатын түрлі-түсті Готика да кездеседі. Готика 
график, ӛнерге тән сан түрлі бейнелеу құралдарын пайдаланады. 
Қаттылығы әр түрлі нӛрселерден жасалуына орай қалыптасқан 
стильдік ӛзгешелік, авторлық бір нүсқаның кӛп дана.[1] 


КIТАП МИНИАТЮРАЛАРЫ 


МОЗАЙКА ӘДІСІ 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет