Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының жас маман Ерлан Бахытгүлмен І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы есебі 2015 2016 оқу жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі22,67 Kb.
#15259
  1   2


Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының жас маман Ерлан Бахытгүлмен

І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы  есебі

2015 - 2016 оқу жылы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс.

2015 - 2016 оқу жылында жас маман Ерлан Бахытгүлге тәлімгер болып тағайындал-дым. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен жә-не пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіріп өттім.

Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ  кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жос-парды құрастырып жазуға үйреттім. Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларының: бі-лімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстаз-ға   күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.

Сынып журналының талаптарымен таныстырып, дұрыс толтыруды қадағалап отыр-дым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.

Факультативтік қурс пен таңдамалы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын , тәрбие жұмысының жоспары жайлы түсіндіріп, оларды құрастыру жолдарын қарастырдық. Оқушылардың іс- қағаздарын жүргізу және жөндеу туралы нұсқау бердім. Жас маманға өз білімін одан әрі жетілдіру үшін педагогикалық ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге,рес-публикалық кәсіби басылымдарға жазылуға және таңдауға ұсыныс жасадым. Соңымен қатар өз білімін жетілдіру жоспарын құрастыруға бағыт бердім.

Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына қатысып, сабақты өткізген соң толық талдау жасап отырдым. Бахытгүл менің сабақтарыма үнемі қатысып отырды. Басқа да тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабаққа қатысу дәптерін толтыру жолдарын көрсеттім.

Жас маманға оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін мәселелер бойынша көмек көрсетілді. Алдымен сыныппен және ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы кеңестер берілді. Сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет екендігі ескертілді. Ата-аналар жиналысы   тоқсан сайын өтіліп отырды. Ата-аналардың жас маманға деген көз қарасы өте  жақсы.

Бахытгүлді дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстырып, оқушылардың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес бердім.

І тоқсанда оқушылардың  оқу жылдамдығы тексерілді. Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру үшін жекелей жұмыс жасау жоспары әзірленіп, сабақтан кейін қосымша сабақ беріп отырады.

Сыныптағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау жоспары  құрылып, іске асуда.  Оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауды кеңес бердім. Жас маманның шығармашылық портфолиосы мен оқушылардың портфолиосын жинақтауға бағыт бердім. Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, оны іске асыруды қажет еттім.

Жас маманға мектеп басшылары жасаған ескерту мен қателіктерді дер кезінде түзетуге көмек жасап, қайта тексеруден өткіздім. Алдағы уақытта жас маманмен жоспарланған жылдық жұмыс жоспары әрі қарай іске асуда.

Жалпы қорыта келгенде, Бахытгүлдің педагогикалық жұмысқа бейімі бар, сыныппен жұмыс істей алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды.Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.

 

 

 



 

 

 



.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет