ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
3 курс
студенттеріне арналған
педагогикалық практика күнделігі
©ТарМПУ 2018
СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТҚА БЕРІЛГЕН СЕГІЗ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек. Олар мұғалімдік қызметтің қыр-сырларын меңгермеген, қателіктерге көп бой ұрдыратыны рас, бірақ олардың ішкі қуаттары, жаңашылдыққа деген ұмтылыстары жоғары. Мектептегі тәжірибелі ұстазбен жас маман аталмыш қасиеттер арқылы бір-біріне балама бола алады.
Білім беру мекемесіне практикадан өтуге барған студент аз ғана уақыт ішінде сол ұжымға өзін ерекше көрсетуі тиіс. Мұндай ерекшелік оның болашақ маман болып орналасуына ықпал етуі мүмкін. Практиканы аяқтасам болды деген ойдан аулақ болып, өзін-өзі педагог-қаһарман ретінде сезінуі қажет. Дегенмен, практика уақытында болуы мүмкін деген қателіктердің алдын-алу үшін біз 8 ақыл-кеңес ұсынамыз.
Бірінші
кеңес
|
Өзіңізге бекітілген білім мекемесінің рейтингіне, материалдық жабдықталуына, орналасуына т.б. қарап алдын-ала ой түймеңіз, басқаларымен мүлдем салыстырмаңыз. Бекітілген сәттен бастап «Мен Қазақстандағы ең керемет оқу орнына бара жатырмын» деген ойды санаңызға мықтап орналастырыңыз. Ол орынға ешқашан тәкәппарлықпен, салыстырмалылықпен қарамаңыз, құрбы-құрдастарыңызбен әңгімелескенде тек жақсы жақтарын айтып, тек мақтауға тырысыңыз.
|
Екінші кеңес
|
Білім мекемесінің табалдырығын алғаш аттағаннан бастап өзіңізге тұлғасы биік бір образ жасап алып, соған еніңіз. Біріншіден, ондағы ұжым мен оқушылар Сізді танымайды, сондықтанда олар Сізді дәл сол жаңа образыңызбен қабылдайды. Бұрыннан өз-өзіңізге ұнамай жүрген қылықтарды ысырып, өзіңізді тәрбиелеуге деген керемет мүмкіндік туып тұр. Соны пайдалануға тырысыңыз. Жаңа образыңыздың барынша елгезек, алғыр, мәдениетті, қарапайым, білімқұмар, ізденгіш, сынға төтепбергіш болып келгені абзал. Ең бастысы жаңа образ ешқашан конфликтке бой ұрдырмау керек. Уақыт өте бұл образға өзіңізде үйреніп қаласыз. Бұрынғы өзіңізбен жаңа образдағы өзіңізді салыстырып, өз-өзіңізге есеп беріп тұруды ұмытпаңыз. Бұл жоспарыңызды ешкімге тіс жарып айтпаңыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |