Теориялық зерттеу әдістері.
Ғылыми танымның екінші деңгейі-теориялық деңгейде зерттелетін нысанаға, құбылысқа тиесілі жақтары, байланыстары және заңдылықтары неғұрлым тереңдетілген мәнді сатыда іске асады. Ӛйткені теориялық деңгей- ғылыми танымдағы ең жоғры саты. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арсындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден педагогикалық зандылықтарды анықтауға кӛмектеседі. Теориялық танымның нәтижелері – болжам, теория, заңдар. Кез келген зерттеу жұмысы ӛзекті мәселені анықтаудан басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты түрдеу негіздеу теориялық зерттеуден басталады. 1.Салыстырмалы тарихи талдау әдісі зерттеушіні ӛзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу, тарихи зерттеулер, ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді. Зерттеуші оның дамуын, проблемаға әртүрлі тұғырмен келу жодарын салыстырып, талдап, қолданған зерттеулердегі ғылыми ұғымдармен танысып, оның мәніне кӛзқарасын білдіріп, қорытынды жасайды. 2. Үлгілеу (моделирование) әдісі – зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, қысқаша сӛздік, сипаттама түрінде берілетін кӛрнекі-бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. Кей жағдайда педагогикалық құбылыс матрица, символ, математикалық формула түрінде де беріледі. Модель зерттелетін құбылысты толық бейнелеп кӛрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайланған түрі. Моделде зерттеушінің шартты белгілері мен шығармашылық жорамалы кӛрінеді. Бұл бірақ (моделирование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізгісін іріктеп, жүйелі және ӛзін-ӛзі анықтайтын байланысты және факторларды кӛрсетеді.Үлгі құру кезінде оның зерттеу нысанасының түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рӛл атқарады. 3.Себепті-тергеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты ӛзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті тудыратын және ӛзгертетін құбылысты тергеу деп аталынады. Себеп-салдар –себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі ӛзара байланысты құбылыс. Тергеу тек себепті шығарып қоймай, себеп болған фактілерді анықтап, тауып, талдап, түсіндіріп зерттелетін мәселеге тереңнен еніп, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.
Табиғи эксперименттің ұйымдастырылуы.
Табиғи эксперимент балалардың ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекеттің табиғи жағдайда ӛтілуінде психикалық-педагогикалық зерттеу жүргізілуін сезінбеуі мен білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да ӛзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бӛлігін қосады, оның нәтижелерін сандық ӛңдеуге салу күрделі болады. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттелушілер оған енгенін білмеуі керек, зерттеуші ӛзі бастауыш мектеп мұғалімі ролін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі. Эксперименттік жағдайда бала ӛзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан ӛндіреді модельдейді: эмоционалдық немесе эстетикалық әсерленушілік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер аталған үдерісте аса қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады. Эксперимент ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық үдерістің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.
Дипломдық жұмысты орындау әдістемесі.
Жоғарғы оқу орындарында бітіруші түлектердің ең басты мәселесі – дипломдық жұмыс жазу дәстүрі. Жыл сайын бітіретін студенттердің түрлі тақырыпта зерттеу жасап, оны жүйелеп, ғалымдардың алдында қорғау арқылы оң баға алуы қиынның қиыны. Дегенмен диплом жазу сіз ойлағандай үлкен мәселе де емес. Өйткені жазуға керекті дүниелерді реттеп алсаңыз болғаны, сіз дипломдық жұмысты жазуға дайынсыз. Біз сізге диплом жазуға керекті кеңестерді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |