Тәрбие әдістері
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары тəсілдері Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына еркіне сезіміне жəне қылықəрекетіне ықпал жасау тəсілдері
Тəрбие əдісі көп өлшемді құбылыс оның жүйелесуіне негіз болар белгілер саналуан Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік Сипаты бойынша əдістер – сендіру жаттықтыру мадақтау жəне жазалау Мұндағы сипат мəні – əдістің бағытбағдарын қолдану аймағын ерекшеліктерін жəне тб білдіредіҚазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ден астам түрлері бар Солардың ішінде ТЕКонникова ГИЩукина жәнеВССластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады Бұл жіктеу мектептерде қолданылады
Тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді
жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері
ісәрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінезқұлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері
мінезқұлық пен ісәрекетті ынталандыру әдістері
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне түсіндіру баяндау сендіру насихат әңгіме лекция этикалық әңгіме нұсқау беру пікір сайыс баяндама дебат үлгі жатады
Ісәрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінезқұлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне жаттығу едеттену педагогикалық талап қоғамдық пікір тапсырма тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік іскерлік ойындар
Мінезқұлық пен ісәрекетті ынталандыру әдістерінежарыс мадақтау жазалау жатады
Сана қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекетқылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну Ең алдымен қандай да сапаны туындатып орнықтыру үшін сол сапаның мəнмағынасын жете түсініп алу міндетті Адамның көзқарастарын ұғымдарын нанымсенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған
Этикалық әңгіме этикалық эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде олардың ойын тыңдап онымен санасады ынтымақтаса жұмыс істеп адамның мінезқұлқына жүрістұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың ісқылықтарын талдайды Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары
Тəрбие тəжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу əдісіне де жүгінуге тура келеді Үгіттеу əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тəуелді Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды жақсылық сезімін ұялатады жоғары нəтижелерге жететініне сендіреді Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына оның жеке адамгершілік болмысына тəуелді өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді Бала тəрбиесінде ұнамды үлгіөнегеге арқа сүйеу мадақ өз қадірін сезіну арнамысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп жемісті боларына толық сенуіне болады
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын Сондықтан оларды тәртіпке келтіру яғни жіктеу қажет
Қоғамдың мінезқұлықты қалыптастыру және оқушылардың ісәрекетін ұйымдастыру Ісәрекет адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны ішкі жан дүниесінің көрсеткіші дамуының өздігінен жетілуінің шешуші белгісі Адамның ісәрекетінің дамуына қарымқатынас ерекше әсер ететіндіктен ісәрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес
Тәрбие әдістерінің үшінші тобы тәрбиеленушілердің мінезқұлықтары мен ісәрекеттерін ретке келтіру дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен ісәрекеттерін қуаттау немесе айыптау олардың жағымды қылықтарын мақтау ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалықпсихологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі бала тәрбиенің тек қана объектісі емес тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы
Баланың табиғатында Мен өзім деген белсенділігі бар ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінезқұлықтары мен ісәрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды Сондықтан тәрбие мен баланың өзінөзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді
Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау
Жіктеу — арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән маңызды мен кездейсоқ теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп оларды дұрыс таңдап нәтижелі қолдануға әсер етеді
Жіктеуге сүйене отырып мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін жылдардың соңында жылдардың басында көп күш салды Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н К Гончаров Т Е Конникова И Т Огородников Н И Болдырев И С Марьенко Г И Шукина В А Сластенин тб
жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық ісәрекеттерін жіктеуде “Советская педагогка” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІден астам түрлері бар Солардың ішінде Т Е Конникова Г И Шукина және В С Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді
— жеке тұлға ісәрекет нәтижесінде дамып қалыптасады
— оқушыларды тәрбиелеу процесі — өте күрделі ісәрекет оның негізі өз санасы сезімдері дүниеге адамдарға өз өзіне деген қатынасы күрделі ішкі дүниесі (мотивтері тілекталаптары ынтасы өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам
— жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі
Адамгершілік эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден санадан (түсінік сенімдерден әдеттерден тұрады
Тәрбие құралдары
Тәрбие құрал – жабдықтары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері Ниеттеген мақсатына жету жолындағы субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал – жабдығы есептеледі Қоршаған болмыстың қалаған нысаны зат мүлік дыбыс аң жануарлар өсімдіктер шығармашылық туындылары құбылыстар оқиғалар өмірлік сәт көріністері және тб – тәрбиелік ықпалға ие Тәрбие құрал – жабдықтары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін
Тәрбие құрал – жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді тәрбииеленушілердің белсенділігін көтереді материалды – техникалық тұрғыдан қамсыздандырады психологиялық көңіл – күй шуағын береді іс әрекет сайманы ретінде қолданылады қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі тсс
Құрал – жабдықтар белгілі гигиеналық эстетикалық экономикалық инабаттылық құқықтық талаптарға сай болуы шарт
Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал – жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс әрекеттер формасына арқау болады