Тәрбие әдістері



Дата22.05.2022
өлшемі13,95 Kb.
#35274
Байланысты:
1.Тәрбие әдісте-WPS Office


Тәрбие әдістері
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары тəсілдері Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына еркіне сезіміне жəне қылықəрекетіне ықпал жасау тəсілдері
Тəрбие əдісі көп өлшемді құбылыс оның жүйелесуіне негіз болар белгілер саналуан Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік Сипаты бойынша əдістер – сендіру жаттықтыру мадақтау жəне жазалау Мұндағы сипат мəні – əдістің бағытбағдарын қолдану аймағын ерекшеліктерін жəне тб білдіредіҚазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ден астам түрлері бар Солардың ішінде ТЕКонникова ГИЩукина жәнеВССластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады Бұл жіктеу мектептерде қолданылады
Тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді
жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері
ісәрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінезқұлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері
мінезқұлық пен ісәрекетті ынталандыру әдістері
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне түсіндіру баяндау сендіру насихат әңгіме лекция этикалық әңгіме нұсқау беру пікір сайыс баяндама дебат үлгі жатады
Ісәрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінезқұлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне жаттығу едеттену педагогикалық талап қоғамдық пікір тапсырма тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік іскерлік ойындар
Мінезқұлық пен ісәрекетті ынталандыру әдістерінежарыс мадақтау жазалау жатады
Сана қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекетқылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну Ең алдымен қандай да сапаны туындатып орнықтыру үшін сол сапаның мəнмағынасын жете түсініп алу міндетті Адамның көзқарастарын ұғымдарын нанымсенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған
Этикалық әңгіме  этикалық эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде олардың ойын тыңдап онымен санасады ынтымақтаса жұмыс істеп адамның мінезқұлқына жүрістұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың ісқылықтарын талдайды Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары
Тəрбие тəжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу əдісіне де жүгінуге тура келеді Үгіттеу əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тəуелді Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды жақсылық сезімін ұялатады жоғары нəтижелерге жететініне сендіреді Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына оның жеке адамгершілік болмысына тəуелді өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді Бала тəрбиесінде ұнамды үлгіөнегеге арқа сүйеу мадақ өз қадірін сезіну арнамысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп жемісті боларына толық сенуіне болады
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын Сондықтан оларды тәртіпке келтіру яғни жіктеу қажет
Қоғамдың мінезқұлықты қалыптастыру және оқушылардың ісәрекетін ұйымдастыру Ісәрекет  адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны ішкі жан дүниесінің көрсеткіші дамуының өздігінен жетілуінің шешуші белгісі Адамның ісәрекетінің дамуына қарымқатынас ерекше әсер ететіндіктен ісәрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес
Тәрбие әдістерінің үшінші тобы тәрбиеленушілердің мінезқұлықтары мен ісәрекеттерін ретке келтіру дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен ісәрекеттерін қуаттау немесе айыптау олардың жағымды қылықтарын мақтау ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалықпсихологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі  бала тәрбиенің тек қана объектісі емес тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы
Баланың табиғатында Мен өзім деген белсенділігі бар ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінезқұлықтары мен ісәрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды Сондықтан тәрбие мен баланың өзінөзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді
Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау
Жіктеу — арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән маңызды мен кездейсоқ теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп оларды дұрыс таңдап нәтижелі қолдануға әсер етеді

Жіктеуге сүйене отырып мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді


Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін жылдардың соңында жылдардың басында көп күш салды Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н К Гончаров Т Е Конникова И Т Огородников Н И Болдырев И С Марьенко Г И Шукина В А Сластенин тб
 жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық ісәрекеттерін жіктеуде “Советская педагогка” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІден астам түрлері бар Солардың ішінде Т Е Конникова Г И Шукина және В С Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді
— жеке тұлға ісәрекет нәтижесінде дамып қалыптасады
— оқушыларды тәрбиелеу процесі — өте күрделі ісәрекет оның негізі өз санасы сезімдері дүниеге адамдарға өз өзіне деген қатынасы күрделі ішкі дүниесі (мотивтері тілекталаптары ынтасы өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам
— жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі
Адамгершілік эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден санадан (түсінік сенімдерден әдеттерден тұрады
Тәрбие құралдары
Тәрбие құрал – жабдықтары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері Ниеттеген мақсатына жету жолындағы субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал – жабдығы есептеледі Қоршаған болмыстың қалаған нысаны зат мүлік дыбыс аң жануарлар өсімдіктер шығармашылық туындылары құбылыстар оқиғалар өмірлік сәт көріністері және тб – тәрбиелік ықпалға ие Тәрбие құрал – жабдықтары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін
Тәрбие құрал – жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді тәрбииеленушілердің белсенділігін көтереді материалды – техникалық тұрғыдан қамсыздандырады психологиялық көңіл – күй шуағын береді іс  әрекет сайманы ретінде қолданылады қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі тсс
Құрал – жабдықтар белгілі гигиеналық эстетикалық экономикалық инабаттылық құқықтық талаптарға сай болуы шарт
Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал – жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс  әрекеттер формасына арқау болады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет