Анықтама
2021-2022 оқу жылының 31.01. 22ж 1 сынып оқушылары мен олардың ата –аналарымен «Отбасы – бақыт аясы» тақырыбында тәрбие сағаты кездесу түрінде өтілді. Бұл тақырып отбасы күніне арналды.
Тәрбие сағатының мақсаты отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау болды. Сол мақсатқа жету үшін бала мен ата-ананың бірлесе отырып, жұмыс жасауы, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Тәрбие сағаты мына жоспармен өтілді
1. Шаттық шеңбері ( оқушылар тілегі) 2. Сұрақ-жауап 3. «Адамгершілік» бейнеоролигі 4. «Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация) 5. «Сызат» бейнеоролигі
6.«Көңіл-күй айнасы» (бейнеролик) 7. «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс) 8. М.Әлімбаев «Ата-ананың үміті» (қорытынды)
«Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе?» - деген сұраққа ата-аналар өз үйлерінде болған жағдайларды мысалға ала отырып, отбасындағы ана мен қызының, әке мен ұлының жақындығы жайлы әңгімеледі. «Адамгершілік» бейнеролигін тамашалап, өз ойларынмен бөлісті. Әр оқушы өзі дайындап келген слайд түрінде жасаған презентацияларын әсерлі жеткізе білді. «Сызат» бейнеролигін көрді, балаларына ақыл-кеңестерін аямай, отбасында орын алатын кикілжің жағдайларында шыдамдылық, төзім, сабырмен шешілетіні жайлы сыр шертісті. «Отбасылық құндылық ағашын» ана мен бала болып, бірлесе толтырып, қорғады. Осы аталған іс-шаралардың барлығы орындалып, нәтижесінде бала мен ата-ананың және мектептің арасындағы байланыс нығая түсті деп сеніммен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |