Тәрбие сағаты «Шаңырағым шаттығым» Күні,айы,жылы



Дата14.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#114902

Тәрбие сағаты

«Шаңырағым шаттығым»

Күні,айы,жылы:

22.12.22

Сынып жетекші

Кунахметова М.Н.

5 «в»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының мақсаты

Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін ұғындыру, әңгімелету, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер, презентация

Дайындыққа арналыққа әдебиет

Интернет материалдары

Тәрбие сағатының барысы

Тәрбие сағатының кезеңі
40 минут

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
(5 минут)

Психологиялық ахуал тудыру. «Менің көңіл - күйім» жаттығуы

Оқушы көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.






Басы

Сәлемдесу, сергіту сәті



Оқушылар бойларын сергітіп, жаттығу жасайды.

Видеоролик

Ортасы

Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар.
Ата - ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.
Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналарға өмірдегі жақсылық атауының барлығы тиесілі. Себебі олар әр шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Олардың шыдамдылықтарымен, қамқорлықтарына біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де ата - анамызға байланысты. Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды.

Ақпарат тыңдап,өз ойларың айтады.

Презентация




Ой қозғау
Ата - ана деген кім?Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне оқушылар жауаптарын жазады. Мысалы: қамқоршым, тәрбиешім, жанымның саясы, асыраушым т. бОтбасындағы қыз баланың міндеттері:
- Анаңа көмектес.- Бажылдап, айғайлап сөйлеме.- Бейуақытта ұйықтама.- Қонақ күтуді үйрен.- Үйдің тазалығына көңіл бөл.Үйді таза ұста.- Тамақ жасап үйрен.- Қолөнерді үйрен.
- Таза сөйлей біл.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Сурет





Тапсырма: Берілген суреттерге топ бойынша шығармашылық жұмыс жүргізу.
1. «Шаңырағым шаттығым» тақырыбында шағын шығарма жазу;
2. Ата - ана туралы мақал - мәтелдер жазу;
3. «Менің анам», «Менің әкем» немесе «Менің отбасым» тақырыптарына өлең шығару;
Қорытынды: Адамның бет әлпетінен, іс - әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет ол – мейірімділік. Сондықтан кімде - кім басқа адамның ақыл - ойы, мүдде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп - жебесе ол мейірімділікке жатады.









Соңы

Бағдаршам арқылы бағалау

Оқушылар түстер арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгенін білдіреді.


«Ұ.ҚҰЛЫМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ №64 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

«БЕКІТЕМІН»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
_____________Кенжегалиева Г.Ж.
«22» желтоқсан 2022 жыл

Тақырыбы: «Шаңырағым шаттығым»





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет