Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
«Бекітемін»___________
Әдіскер: Нургазы М.Т.
«Келісемін» ___________
Сынып жетекшісі: Берикова Б.Б.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ Тақырыбы: «Біздің әлем!»
Өтетін орны: «№ 36 ЖОББМ» КММ
Сынып: 9 Ә
Мерзімі: 29.12.18
Тобы: 24
Машықкер: Кайрбергенкызы Айнур
Баға: «___» ___________________
Баға: «___» ___________________
Семей 2018.
Тәрбие сағатының мақсаты:оқушыларға экологиялық проблеманың күннен-күнге белең алуын және адам ағзасына әсер етуінің қаншалықты қауіпті екенін жеткізу.
Тәрбие сағатының міндеттері: сабаққа ойын элементтерін пайдалана отырып, ғылымның өзге салаларымен байланыстырып, оқушылардың «Денсаулық», «Экология», «Салауатты өмір» жайлы таным – түсініктерін тиянақтау.Оқушыларға сын көзбен қарауды, зинды заттардың организімге тигізетін әсерін және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, оған айналасындағы қоршаған ортаға деген өмірлік дағдыларын жетілдіру.Оқушыларға әстетикалық, құқылық, адамгершілік тәрбиесін беру. Денсаулыққа бағытталған дағдыны тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Білімділік: ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық: оқушылардың өзін- өзі ізгілікке тәрбиелеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеуде өз ойын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Тәрбие түрі /бағыты/:адамгершілік тәрбиесі, ізгі істерге бағыттау, қоршаған ортаны бағалау.
Түрі: пікірталас.
Формасы: ұжымдық.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс,
Тәрбие түрі /бағыты/: адамгершілік тәрбиесі, табиғатты аялау.
Көрнекілік: плакаттар
Техникалық құралдар: интеректативті тақта, бейнеролик, слайд, музыка.
Жабдықталуы: стикер, маркер, А3 т.б.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: /40 минут/
І. Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
«Табиғатпен сырласу» музыкалық минуттар 3 минут
ІІ. Негізгі бөлім Техникалық қауіпсіздік ережесі 10 минут
«Қызық екен? » сұрақ жауап 3 минут
«Біздің қиялымыздағы әлем» сурет сайысы 3 минут
«Біз ойлағаннан басқа» әдеби монтаж 10 минут
5. «Галереяны шарлау» әдісі 5 минут
6. «» қағидасы 3 минут
ІІІ. Қорытынды Рефлексия
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ: І. Алғы сөз - Армысыздар, оқушылар! Мен өзімді таныстырп өтейін М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының ІІ курс 24 топ білім алушысы Кайрбергенкызы Айнур. Сіздермен танысқаныма қауаныштымын.
Біздің бүгінгі «Біздің әлем!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, шеңбер бойына тұрып, бір- бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.
«Табиғатпен сырласу»музыкалық минуттар. Оқушылардың миын тынықтыру мақсатында музыкамен сырласу.
Топқа бөлу. (оқушыларды сүйікті түсі бойына бөлу).
ІІ. «Қызық екен? » сұрақ жауап. Тақтада берілген бейнероликтер мен сұрақтарға жауап беру.
III.«Біздің қиялымыздағы әлем» сурет сайысы. Оқушыларға А3 форматтағы парақтарды таратып олардың қиялындағы әлемді бейнелеу. Оқушылардың мінсіз әлем қандай болатынын, оған жету жолдарын айқындау.
- Бейнематериал көрсету/Содан кейін талдау/ Келешекте біздің планетамыздың қандай дәрежеге жететінін, қазірден бастап экологиялық ахуалды қолға алмасақ келешекте өзімізге зардабын тигізетінін, жердің әр ресурсын шектен тыс қолданбау, оны қорғау мақсаты жайлы оқушылардың ой пікірін білу.
Рефлексия: «Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерім...», кері байланыс түрлері.
Ал енді «Егер де мен»атты ойыны арқылы сабағымызды қорытайық.
Қолымда заң қуаты бар адам болсам мен не істер едім:
-Мұржасына қоңдырғы орнатпаған заводтарға тыйым салар едім
-Жер бетінің гүлденуіне үлес қосар едім
-сұйық отынды газбен алмастыратын едім
-көшеде сүзгіші жоқ машиналарды жүргізбес едім
-жануарлар мен құстарға аулауға тыйым салар едім
- қоқысты қайта өндірер едім
- жарылыстарды болдырмас едім
- көп ағаш отырғызар едім
Қорытынды: Елбасымыздың халыққа жолдауында: «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Барыс өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ал өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады» деген болатын, ендеше еліміздің экологиясы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуына біз де өз үлесімізді қоса берейік. Бұнымен біз әлемді өзгертпесек те, әр адам өзінің мемлекетінен, кішкентай қаласынан бастап табиғатты қорғауға, аялауға, тазалықты сақтауға азды-азды қадамдар басу керек. Өзге мемлекеттердің тәжірбиесіне сүйене отырып қоршаған ортаның ластануын болдырмайтындай іс-әрекеттерге бару керекіз.