Тәрбиелік мақсаты



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі348,46 Kb.
#5924

 

Тәрбиелік  мақсаты:  Қазақ  жырының  қара  бурасы  атанған  Мұқағали 

Мақатаевтың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  деректер  келтіріп,  ақын 

өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту. Оқушыларды өздігінен іздену 

арқылы  деректермен  жұмыс  істеуге  баулу  және  қазақша  сөйлеуге  тілін 

дамыту,  өлең  оқуға,  логикалық  ойлау  қабілетін,  сана  -  сезімін  дамыту. 

Отанды,  туған  жерді  сүюге,  ақын  жырларынан  үлгі  алуға,  оқушыларды 

поэзияны  сүйе  отырып,  сұлулық  пен  махаббатты  тануға,  адамгершілік  пен 

мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу. 



Түрі: Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты. 

Әдісі: Өлең, сахналық көрініс көрсету. 

Көрнекіліктер:  Мұқағали  Мақатаевтың  оқулықтары,  Өмір  өзен.  Алматы  -

2016ж.;  Аманат.  Атамұра – 2002ж; Мұқағалиға байланысты және  «Аққулар 

ұйықтағанда» поэмасынан үзінді слайд,буклет, бейне таспа. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші 

1-ші  жүргізуші:  Құрметті  ұстаздар,қадірлі  қонақтар,студенттер  қауымы. 

Кешімізді бастамас бұрын Мұқағали атамызды еске алып бір минут үнсіздік 

жариялайық!  

Мұқағали  –  қазақ  поэзия  әлеміне  шетсіз-шексіз  кеңестік  пен  көз 

сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусәр сезім мен тояттамас көңіл ,шалқыған 

шаттық пен мұнға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес 

сағыныш сыйлаған ақын. 

 

2-ші  жүргізуші:Ұлы  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  туғанына  биыл  85  жыл 

толып отыр. Ендеше,бугінгі поэзия кешіміз атынан таңылып тұрғандай, Хан 

таңірінін  мұзбалағы  атанып,өлең  өлкесінде  шаң  жұктырмаған  дарын  иесі 

ақын – Мұқағали Мақатаевқа арналмақшы. 



3-ші жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатевқа 

және оның өлеңдеріне арналады. 

Мұқағали – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр 

сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық бағалайтын ақын. 



4-ші жүргізуші: Ақын-өнерпаз, халық үшін туады. Ал оның жазған өлеңдері 

тындаушының жан дүниесін тербейтін әуендер галлереясы!  



1-ші жүргізуші: Олай болса, Мұқағали Мақатаевтың «Арыз жазып кетейін» 

өлеңімен Ташимов Айболды ортаға шақырайық! 



2-ші жүргізуші: Келесі кезекте «Қазағым-ай» өлеңімен Тұрлықожа Айбарды 

сахна төріне шақырамыз! 



3-ші жүргізуші: Ақын поэзиясы  тұтас бір өнер, онда үн де, сурет те, айқын 

айтылған пайымды түсінікте бар. Мұқағали атамыз ғажайып ақындардың бірі 

еді.  Алауратқан  таңдардан,  қарауытқан  таулардан  түйсік  алатын,  ол  бізге 

көрінбейтін  сиқыр  бояулардан,  бізге  естілмейтін  құпия  дыбыстардан  тоят 



алатын.  Ақынның  өзі  өлсе  де,  айтқан  сөзі  өлмейді  демекші,  бізге  таза 

ақындығы мен мөлдір поэзиясын қалдырды. 



4-ші жүргізуші: Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім 

Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің 

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 

 Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! 

Ендеше,  Мұқағали  атамыздың  «Поэзия»  өлеңімен  Алиасқар  Мадинаны 

ортаға шақырамыз! 

 

 

1-ші  жүргізуші:  Бәрімізге  белгілі  Мұқағали  атамыздың  «Аққулар 

ұйықтағанда» поэмасынан үзінді. (бейнетаспа қойылады). 



Орындайтындар: Сепбосынова Аяулым, Мадетханова Фариза, Омар Әсем. 

 

1-ші жүргізуші: Анель, мен  өзімнің бауырымды ортаға шақырсамба деймін. 

 

2-ші жүргізуші: Ол кім? 

 

1-ші жүргізуші: Ер адам боп жаралады өмірде 

Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де, 

«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да, 

Абыройлы жігіт деген аты да. Ол біздің сегіз қырлы, бір сырлы Марлен. 



 

2-ші жүргізуші: Олай болса, «Таң сыры » әнімен Арынбай Марленді ортаға 

шақырамыз! 



 

 

3-ші  жүргізуші:  Бақыт  деген  мен  үшін  жақын  адамдарын  мен  дендеріннің 

саулығы.  



4-ші жүргізуші: 

«Бақыт» деген не өзі -деп бастады топ таласты. 

Біреуі оны үйден іздеп, бірі қырдан ары асты. 

Бірі айтады: бақыт деген – барлық байлық емес пе, 

Керегінше киіп ішсең бақыттысың емес пе? 

Бірі айтады: жоқ, бақыт деген- қолың жетпес мансап қой, 

Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы ат ғой.  

Олай  болса,  «Үш  бақытым»  өлеңімен  Еламан  Ербосынды  ортаға 

шақырайық. 

 

2-ші  жүргізуші:  Қиыншылығы  мен  азабы  көп  алмағайып  мына  дүниеде 

жаныңнан  табылар  досыңның  болғанына  не  жетсін?  Ақынның  «Достық» 

өлеңін Панкратова Настяның орындауында тамашалаңыздар!  

 

1-ші жүргізуші: Туады,туады әлі нағыз ақын. 


 Нағыз ақын бал мен у тамызатын 

Жесірдің айырылмас сырласы боп  

 Жеңдеттін  көзінен  жас  ағызатын,-  демекші,  колледжіміздің  жас  ақыны 

Абдраманова  Айгерімнің Мұқағали атамызға арнап шығарған өлеңің  қабыл 

алыңыздар 

 

 



2-ші жүргізуші: Ендеше, Шәкіржан Ернаттың орындауында «Мазаламайын» 

әнін қабыл алыңыздар. 



4-ші жүргізуші: Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде, 

 Білмеймін сүйдім бе мен, суймедим бе, 

 Жастықта жалын атып сүйсем егер, 

Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде . 

Ендеше  Әбдраманова  Айгерім  мен  Дулатбай  Достанның  орындауында 

«Сезім» өленің тамашалаңыздар. 

 

 

 


3-ші жүргізуші: О,Махаббат! 

Сен әлі тірі ме едің? 

Көзімнен ғайып болған күнім едің, 

Гүлім едің 

Естілген түнім едің, 

О, Махаббат! 

Сен  әлі  тірі  ме  едің?-  деп  ақын  атамыз  жырлап  кеткендей,  Әлихан  мен 

Мадинаның орындауында «Махаббат» диалогынан көрініс тамашалаңыздар! 



4-ші жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар 

Асем ән мен тәтті күй 

Көңілге түрлі ой салар 

Әнді  сүйсең,  менше  сүй»,  -  деп  Абай  атамыз  жырлағандай,  ортаға  әнші 

қызымыз Жансейтова Айтолқынды «Туған өлке» әнімен ортаға шақырайық! 

 

2-ші жүргізуші: Дүниенің ағын да, қарасында 

Мынқ етпейсін, қабылдап аласында. 

Қарасымен шамаң жоқ таласуға, 

Ей  өмірім  зымырап  барасың  ба?-  демекші,  Пай,  пай  өмір  өлеңімен 

Нұрланқызы Әлияны ортаға шақырамыз! 

 

3-ші жүргізуші: Асыл анам, есіл анам, 

Елжіреп есіркеймін, есіме алам. 

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді 

Ақтамасам,  боп  жүрмін  несіне  адам.  Жұмақтың  кілті  ананың    табанының 

астында. Ананың алақаны сәби үшін ең жылы ұя.  

Ендеше,  «Шеше  сен  бақыттысын»  өлеңімен  Нұрланқызы  Мадинаны 

ортаға шақырайық!  

 

 4-ші жүргізуші: Келесі кезекті, Абдығалық Азаматты « Анау аспан, мынау 

бақ» өлеңімен ортаға шақырамыз! 

1-ші жүргізуші: Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі өнегесі көп ақ, бірақ оған 

қорытынды жасап ойланбаймыз



2-ші жүргізуші: Өмір бірде мәз қылып күлдіреді. 

 Бірде өкінтіп көңілінді бүлдіреді. 

Өмір деген сонысымен қызықты, 

 Қуанышы мен қиындығы бір жүреді. 

 Мұқағали  өмірінен  көрініс  тамашалаңыздар!орындайтын  Таубалды  Танат 

пен Абдраманова Айгерім. 

 

3-ші  жүргізуші:  Шынымен  де,  адамға  Алланың  берген  ерекше  қасиеті  – 

армандай білу. Ал нені қалай армандайсың – ол әр адамның өз өресіне, өзіне 

деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, күпіршілік жасап, арасында 


орындалмас арман деп те қоямыз. Олай болса, « Сәби болғым келеді» әнімен 

Шәкіржан Ернатты сахна төріне шақырамыз. 



4-ші жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек, 

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. 

 Иықтан шашың төгіліп жерге, 

 Күмісті  шашбау  жарасып  белге.  Қазақтың  ару  қыздары  Кішкенбатырова 

Әсем  мен  Олжабаева  Жұлдызды  мың  бұралған  биімен  сахна  төріне 

шақырамыз! 



 

 

1-ші жүргізуші: Жыр – менің жалғыз тарланым, 

Аялап өтер ардағым,   

Талықсып атар таңдарым, 

Айымдай жалқы арман – үн 

 Өзімді соған арнадым. 

Колледжіміздің  тағы  да  бір  жас  ақыны  Алиасқар  Мадинаны  ортаға 

шақырайық! 

 

2-ші  жүргізуші:    «Мен  деп  ойла»  өлеңімен  Тұрлықожаев  Айбар  мен 

Аманжол Ғафузатты  қол  соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз! 



 

3-ші жүргізуші: Шықшы тауға қарашы кең далаға, 

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға. 

О шетімен бұ шетіне жүгірсең, 

Шарсайсың ба  кұмарың бір қана ма? Кең байтақ, әсем де кербез  Қазақстан 

даласы ақын Мұқағалидың  жырларымен көмкерілген. 

 «Қазақстан» өлеңімен Мадетханова Фаризаны ортаға шақырайық! 

 

 

4-ші  жүргізуші:  Мұқағалидың  да  аяғын  көп  шалдырғаны  рас.  Артына 

өлмейтұғын  сөз  қалдырғаны  да  ақиқат.  Қазір  ол  ең  көп  оқылатын  ақын. 

Мұқағали мұрасы мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар. Абай 

сөзімен айтқанда:  

Көп адам дүниеге бой алдырған, 

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. 

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы 

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. 



1-ші жүргізуші: Олай болса « Ей өмір» өлеңімен Еламан Ербосынды сахнаға 

шақырамыз! 



 

2-ші  жүргізуші:  Келесі  кезекте,  «Мейірім  бер  қымбаттым»  Тілеуова 

Жанайымды ортаға шақырамыз! 



3-ші  жүргізуші:  Өмір  біреулерді  құлатты,  біреулерді  жылатты.  Біреулер 

үшін  өмір  бітпестей,  біреулер  үшін  бітірер  шаруасы  көп,  өмірі  қысқа.  Ал, 

Мұқағали өмірі, қысқа ғана болса да мағыналы. Өмірінің соңғыжылдарында 

жазылған «Жоқ дәрігер» өлеңін назарларыңызға ұсынбақпыз! 



 

4-ші жүргізуші: Олай болса,  Жансейтова Айтолқынды ортаға шақырайық! 

1-ші жүргізуші: Осы кешті ұйымдастырған Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

оқытушысы Нурекенова Айгерим Дуйсенқызына сөз кезегін береміз! 



 

 

 

Құрметті  ұстаздар  мен  студенттер  қауымы  ақиық  ақын  Мұқағали 

Мақатаевтың  85  жылдығына  орай  өткізілген  еске  алу  кешімізге  алтын 

уақыттарыңызды  бөліп  келгендеріңізге  көптен-көп  рахмет  айтамын! 

Мұқағали  өр  тұлғалы,  поэзия  шебері.  Ақын  аз  ғана  өмір  сүрсе  де, болашақ 

жастарымызға өзінің еңбектерін, поэмалары мен поэзиясын қалдырды. Оның 

өлеңдеріне ән жаздырып, биіктен көрініп жүрген әншілеріміздің бары ақиқат. 

Ақынның  өлеңдерімен  сусындап  өсіп  келе  жатқан  жастарымыз  бар. 

Жүректен  шыққан  сөз,  жүрекке  жетеді  демекші,  Мұқағалидың  жүрегінен 

шықан өлеңдері қай қазақтың болмасын жүрегінен орын алатыны сөзсіз. Осы 

кешке қатысқан барша студенттеріме айтарым, кешке белсене қатысып өнер 

көрсеткендеріңе  көп  рахмет!  Талаптарына  нұр  жаусын!  Сіздерге  Колледж 

әкімшілігінің    дайындаған  сыйлығы,  Мақтау  қағаздары  мен  алғыс  хаттары  

бар.  Оны  тапсыру  үшін  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары 

Тойшыбекова  Қалимаш Сайлаубекқызын ортаға шақырамыз! 

Қалимаш  Сайлаубекқызының  сөзі:  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 



оқытушысы  Нурекенова  Айгерим  Дүйсенқызына  бүгін  яғни,  9  ақпан  ақиық 

ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай өткізіліп отырған әдеби 

шығармашылық  кешіңізге  рахмет  айтамын!  Еңбегіңізге  творчествалық 

табыс тілеймін! Осындай өнерлі шәкірттер тәрбиелей беріңіз!»  

Кешке  қатысқан  студенттерге  алғыс  білдіріп,  Мақтау  қағаздары  мен 

Алғыс хаттарымен марапаттады. 


 

2-ші жүргізуші: Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, 

Не тыңдырдың «басымды иемменен?» 

Оңай сөз ғой, құрбым ау оңайсөз ғой  

«Отан үшін өлемін, күйем» деген. 

Ендеше, Жаса, Казагым!» әнін тамашалаңыздар! 

 

3-ші жүргізуші: 

Қадірменді халайық, Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 

Қош болып тұрыңыздар көріскенше, 



Осыменен кешіміз аяқталды. 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет