Тәрбиеші болу – бақыт!



Дата29.01.2022
өлшемі12,86 Kb.
#24533

Тәрбиеші болу – бақыт!

Бақыт деген - сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.

Мұқағали Мақатаев

Әр пенденің бақытқа толы естеліктері бала күндерімен байланысты болады. Бала кезінде сен бәрін жаңадан біліп, көріп жатасын. Бұл өмірдің маңызды бір кезеңі. Тәрбиеші болу – биік міндет, баланың болашағы сіздің даналығыңызға, әр балаға деген көңіл бөлуіңізге байланысты болады.



Ченнинг «Мемлекетті басқарудан гөрі бала тәрбиелеу үшін тереңірек ой, терең даналық қажет» деп жазып өткен болатын. Расымен, балабақшаға сөйлей алмайтын үш жасар балалар келеді, бірақ олар бірінші сыныпқа баратын, қалыптасқан тұлға болып кетеді. Ал ол үшін балабақшада балалардың дене, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру жұмыстары мақсатты түрде жүргізіледі. «Екінші аналар» бірнеше жыл бойына тәлім-тәрбие беріп, қамқорлық жасап, көңілін көтеріп, тәрбие беріп, алаңдатып, ең бастысы сүйіп келеді. Тәрбиеші көрсетеді, айтады, үйретеді..

Педагог мамандығы қазіргі қоғам өміріндегі ең маңызды мамандықтардың бірі болып табылады.Тәрбиеші болу – бұл кәсіп. Бұл әр баламен қайтадан және қайта балалық шақпен өмір сүруді, жаңадан әлемді көріп, танып, әр уақытта баланың жанынан табылып, оған қолдау көрсете білу деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет