ТЕРІ және Тері аурулары
Тері ағзаны сырттай қорғап тұрады, онда
сезімталдық жүйке талшықтары, тер
және май бездері, бұлшық еттер, шаш,
тырнақтар бар. Тері үш қабаттан тұрады-
эпидермистен, дермадан және тері асты
майдан .
Терінің ең негізгі қызметінің бірі - қорғаныс,
екіншісі - тер шығару, үшіншісі - дем алуға
қатнасуы, бұған қоса онда қан тамырлары өте
кең мөлшерде дамыған, олар тері
артериясынан және бұлшық еттерден
басталып, бір-бірімен қосылады, сөйтіп,
тереңнен орналасқан тері артериялық
торларын негіздейді. Олардың үстінде беткей
жатқан артериялық торлары бар, кейінгілер
шаш түбірлерін, тер мен май бездерін
қоректендіреді
Лимфа тамырлары терінің дерма қабатынан
басталады да бір-бірімен қосылысып, тор
құрайды, ал олардың барлығы тері астындағы
май қабатынды жиналады
Терінің ісік алды аурулары нақты
(облигатты), нақты емес (факультативты)
болып, екіге бөлінеді:
нақты ісік алды ауруларға:
Пигментті ксеродерма,
Боуэн ауруы,
Педжет ауруы,
Кайр эритроплазиясы жатады.
Пигментті ксеродерма- жас балаларда,
жазда, немесе көктемде басталады, алдымен
терінің ашық жерлерінде кішкене қызыл
таңбалар пайда болады, олар түлегіш келеді.
Кейіннен сол жерлерде жұқа тыртықтар
орналасады және бұған қосымша
гиперкератоздар, телеангиоэктазиялар,
сүйелдер шығады.
Боуэн ауруына көптеген қабығы бар қызыл
таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап, әр
түйін жұқа жылтыр қабықпен қапталады, егер
қабық алынса, онда қотыр сияқты суланады,
қышыма пайда болады. Дерт көбінесе кеуде
терісінен көрінеді.
Педжет ауруы емшекте (емізікте), емшекұшы
айналасында, шапта және шап аралықта
кездеседі. Бұл - жұқа қабығы бар жара, бірақ ол
өз бетінше жазылып тыртықтанатын жара емес,
созылмалы, қанды-су шығарып тұратын, өмір-
бақи бітпейтін жара, әсіресе, қабығы түсіп қалса.
Кайра эритроплазиясы - жалпақ келген, 1-2
см-дей көлемдегі, суланып тұратын тері
бөртпесімен сипатталынады. Ол, көбінде,
Тері рагының эпидемиологиясы
Тері рагы жер шарының барлық аумағында кең
тараған. Өте жиі кездесетіні - Австралия,
Бразилия, Аргентина және АҚШ; ал ең сирегі –
Африка мен Азия елдерінде. Тері рагының
меншікті үлесі Жер шарының солтүстігінен
экваторға қарай өседі. Теңізбен қоршалған
құрылықта тері рагы өте жиі кездеседі, оның
себебі күн сәулесінің тікелей түсуі мен бірге,
оның су бетінен шағылысуынан, ультракүлгін
бөлігінің мөлшері өсіп, адамға екі жақты әсер
етеді. Жалпы күн сәулесінің тері рагын
қоздыратынын ең алғаш Аргентина ғалымы
Рофо (1930), ал оның ультракүлгін бөлігінің
әсерін Н.Н. Петровтың оқушысы Вадова, Сухуми
питомнигінде (1948) дәлдеген
Қазақстанда тері рагы өте жиі кездесіп,
ол өкпе рагынан кейін екінші орын алып,
соңғы жылдары аурушаңдық көрсеткіші
төмендеуде.
Тері рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір
облыстарында бір қалыпты тарамаған , ең жоғарғы аурушаңдық
көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (40,3%ооо), Қарағанды (30,0%ооо),
Қостанай (22,3%ооо), Павлодар (25,8%ооо) және Ақмола
(17,7%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі
көрсеткіш Жамбыл (9,3%ооо), Оңтүстік Қазақстан (Қызылорда
(6,8%ооо) Атырау (4,0%ооо) және Маңғыстау (3,8%о7,6%ооо), )
облыстарында анықталған
Қоздырғыш факторлары:
ультракүлгін және рентген, радий
сәулелері,
күйіктен пайда болатын келлоидты
тыртықтар,
кәсіптік зиянды заттар (жанармай
қалдықтары),
Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - ол
ұзақ уақытқа созылған ультракүлгін
сәуленің зиянды әсері.
Меланоманың пайда болуы
Тері меланомасы қалдардан (пигментті
невус) пайда болады, қалдар неше түрлі
болып келеді:
жалпақ тәріздес,
бөртпеге ұқсас,
түйінді,
сүйелді,
шашақты.
Морфологиялық тұрғыдан қалдардың бірнеше
түрлері бар:
Шекаралы невус . Өте жиі ұмада, алақанда,
табанда кездеседі. Оның түсі қою-қоңыр, көлемі
1 см-ден аспайтын жалпақ, тері деңгейінен
көтерілмейтін және шашсыз келетін таңба.
Меланомаға ауысу мсүмкіншілігі тым жоғары
келеді.
Тері ішіндегі невус. Басқаларға қарағанда жиірек
анықталынады.Эпидермис жұқа келіп, нәзіктеу
болады және кейде онда гиперкератоз және
папилламатоз байқалады. Ол тері деңгейінен
көтерілмейді, әрі қатерлі ісікке сирек жағдайда
ауысады.
Көкшіл невус . Теріде терең жерде орналасқан,
сондықтан көкшіл түстес боп келеді, эпидермис
Достарыңызбен бөлісу: |