Термодинамика



Дата17.08.2023
өлшемі7,97 Mb.
#105377

Термодинамика - термодинамикалық тепе-теңдік күйіндегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттерін, күйлерге өту процестерін зерттейтін физиканың бөлімі. Термодинамикада термодинамикалық жүйе және термодинамикалық процестер ұғымы қолданылады. 
Термодинамикалық жүйе - бұл басқа денелердің әрекетінен оқшауланған физикалық денелердің жиыны.
Термодинамикалық процестер деп термодинамикалық жүйенің бір күйден екінші күйге өткенін айтады.
көзқарасы тұрғысынан макроскопиялық денелердің ішкі энергиясы - денені құрайтын бөлшектердің (молекулалардың, атомдардың, электрондардың, т.б.) хаосты қозғалыстары мен өзара әсерлесуінің энергияларының қосындысы.
Идеал газдың ішкі энергиясы оның молекулаларының тек жылулық қозғалысының кинетикалық энергияларының қосындысы болып табылады, өйткені идеал газ бөлшектерінің өзара әрекетін ескермеуге болады. Идеал газ - молекулалар арасындағы өзара әсер ескерілмейтін газ моделі. Сондықтан идеал газда молекулалардың потенциалдық энергиясы 0-ге тең сондықтан бір атомды идеал газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясын, - молекуланың санына көбейтіп оның ішкі энергиясын есептеуге болады. Барлық молекулалардың кинетикалық энергиясы бірдей деп есептейміз (орташа кинетикалық энергия).

Берілген газ массасы үшін температураның өзгерісінен оның ішкі энергиясы өзгереді


Біратомды идеал газдың ішкі энергиясы
Екі атомды мысалы, газдардың ішкі энергиясын анықтайтын формула
Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері: жұмыс істеу , жылу берілу .
Жүйенің ішкі энергиясын өзгертуде мәжбүрлеп істелінетін жұмыс термодинамикадағы жұмыс. Газбен жұмыс істегенде әруақытта көлемі өзгереді 


Жылу өткізгіштік - жұмыс істемей дененің ішкі энергиясының өзгеруі (қаттырақ қызған денеден суығырақ денеге жылу берілу). Жылу мөлшері - жылуалмасу кезіндегі ішкі энергия өзгерісінің өлшемі .

Әр түрлі жылулық процестердегі жылу алмасу арқылы берілген энергияны жылу мөлшері деп атайды және ол ішкі энергиянын өзгерісіне тең.
Энергияның сақталу заңы: энергия табиғатта жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді, энергия бір түрден екінші түрге айналады. Бұл заңды ХІХ

ғасырдың ортасында білімі жағынан дәрігер, неміс ғалымы Р. Майер, ағылшын ғалымы Д. Джоуль ашты, оның толық тұжырымдамасын неміс ғалымы Г. Гельмгольц жасады.


Жылу процестеріндегі энергияның айналу және сақталу заңы термодинамиканың бірінші заңы деп аталады









Термодинамиканың екінші заңы мүмкін болатын энергетикалық түрленудің бағытын көрсетеді және сол арқылы табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын білдіреді. Заңның сырттай өзгешелігіне қарамастан, негізгі мағынасы бір, сондықтан тең түсетін бірнеше тұжырымдамасы бар.

Кельвин 
тұжырымдамасы:

Салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес

Жекелеген жүйені сол жүйенің температурасынан төмен температурада суыту арқылы үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес




Клаузиус тұжырымдамасы:

Жылу өздігінен ыстық денеден суық денеге беріледі

Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштарды жылу қозғалтқыштары деп атаймыз.
Жылу қозғалтқыштарының дұрыс схемасы және жұмыс істеу принциптері:


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет