Тәртібін анықтайды. Олимпиаданың негізгі мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата20.06.2023
өлшемі34,04 Kb.
#102650
  1   2   3


1-қосымша 

Олимпиада ережесі www.abaimektep.kz 
сайтынан алынды. 
 
Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11-сынып оқушылары арасындағы 
республика көлемінде өткізілетін «Абайтану» олимпиадасын өткізу ережесі 
 
І.Жалпы ереже 
Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында қазақ тілі мен 
әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін «Абайтану» олимпиадасын (бұдан 
әрі – Олимпиада) өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңына сәйкес әзірленді. 
Берілген Ереже қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін 
«Абайтану» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру мен өткізу 
тәртібін анықтайды. 
Олимпиаданың негізгі мақсаты: 
-М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы 
кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен 
ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық 
қабілеттерін дамыту; 
-Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және 
қолдау көрсету болып табылады. 
Олимпиаданың негізгі міндеттері: 
-Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімдеу; 
-Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру; 
-Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын 
сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану. 
Олимпиада жыл сайын Алматы қаласындағы Абай атындағы 
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен 
әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында өткізіледі. 
ІІ. Олимпиаданың жұмысшы органы 
Олимпиаданы үйлестіру және дайындау мен өткізу бойынша істі жүзеге 
асыру үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Республикалық 
комитеті) құрылады. 
Республикалық ұйымдастыру комитеті: 
1) олимпиадаға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады; 
2) республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесті (бұдан әрі – Ғылыми-
әдістемелік кеңес) құрады; 
3) олимпиаданың Республикалық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен 
саны бойынша ұсыныстар енгізеді; 
4) олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады
5) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне (бұдан әрі – 
Министрлік) Олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегерлер тізімін 
бекіту үшін ұсынады. 
Ғылыми-әдістемелік кеңес: 


1) олимпиаданың регламентін жасайды (кезеңдер, айналымдар саны, әр 
айналым тапсырмаларын орындау уақыты және т.б); 
2) олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу түрін анықтайды; 
3) олимпиаданың 
екінші (облыстық) және үшінші (республикалық) 
кезеңдерінің тапсырмаларының мазмұнын, оқушылар жұмыстарының 
бағалау өлшемдерін жасап шығарады; 
4) ұсынылған тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, дұрыстығына, 
олардың Олимпиаданың белгілі бір кезеңінің талаптарына сәйкестігіне 
жауап береді; 
5) олимпиада өткенге дейін тапсырмалардың құпиялығын қамтамасыз етеді. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Олимпиада қатысушыларының 
рейтингісін құру үшін қазылар алқасы Қазақстан Республикасының алдыңғы 
қатарлы ЖОО ғалымдары, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлері, тіл 
және әдебиет саласының танымал мамандары мен бұқаралық ақпарат 
құралдарының басшыларынан құралады. 
Олимпиаданың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық 
ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі. 
Әр сынып бойынша қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) 
құралады. 
Қазылар алқасының құрамына оқушысы Олимпиадаға қатысатын мұғалімдер 
кіргізілмейді. 
Олимпиаданың қазылар алқасы: 
- жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру 
нәтижесімен таныстырады; 
- қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы жағдайларды талқылайды; 
- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды; 
- олимпиада қатысушыларымен орындалған тапсырмаларды талқылау мен 
үйлестіруді өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет