Тәртіп- қоғам мүшелерінің белгілі бір ережеге бағынуы



Дата04.12.2022
өлшемі18,11 Kb.
#54790

Бейсембек Жанел 214 топ
Глосарий



  1. Тәртіп- қоғам мүшелерінің белгілі бір ережеге бағынуы

  2. Тәрбие- жеке тұлғаның рухани дамуын жүйелі мақсатты түрде дамыту үдерісін арнайы ұйымдастыратын тәрбиелік жүйе

  3. Топ- формальді /формальді емес негізгі индивидтердің өзара әрекеттесуі

  4. Кәсіптік мамандыққа бейімдеу жұмысы- бұл жастарды жеке басының ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік - эканомикалық жағдайды ескере отырып, мамандық таңдауға дайындауға , жастарға кәсіби өзін - өзін анықтауға және жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған іс- шаралар жүйесі

  5. Кәсіптік бейімделу- жас адамның кәсіптік қызметке кідіру үдерісі / Мамандық ерекшелігіне бейімделу

  6. Қоғамдық пайдалы еңбек - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру,жеке адамның дамуына мүмкіндік жасау құралы

  7. Өнімді еңбек - адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасауы

  8. Инклюзивті- жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттау үшін қолданылытын термин

  9. Педагогикалық интеграция - бұл дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру бағдарламасымен анықталатын,оқу материалын меңгеру қабілетін қалыптастыру

  10. Дене шынықтыру- бұл әртүрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолданылатын мәдениеттін арнайы және тәуелсіз саласы

  11. Ғылым қағидаты- денсаулықты жақсартуға бағытталған барлық жүргізіліп жатқан іс-шараларды,ғылыми негізделген және практикалық тексерілген әдістерді күшейту

  12. Диагностика- оқушының даму үрдісі мен нәтижиесін талдау

  13. Циклограмма - тәрбиешінің қызметі қатаң белгіленген ретпен және уақыт шекараларында белгіленген құжат

  14. Темперамент - адамның психикалық іс- әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің жиынтығы

  15. Адамгершілік тәрбиесі- тәлім тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың ,этикалық білімділікті адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы

  16. Еңбек тәрбиесі- тәрбиенушілердің жалпы еңбектік біліктіліктері мен қабілеттерімен еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің іс- әрекеті.

  17. Тәртіптілік - қоғамдық тәртіптің белгіленген нормаларына саналы түрде бағыну

  18. Кәсіби іріктеу- тұлғаны мамандық әлемінде таңдау еркіндігін ұсынуға бағытталған

  19. Инклюзивті термин беру- бұл барлық балалар олардың дене психикалық т.б ерекшеліктеріне назар аудармай жалпы білім беру жүйесінде енгізілген оқыту және тәрбиелеу процесі

  20. Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.

  21. Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

  22. Тәрбиелік әлеуметтану - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.

  23. Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

  24. Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

  25. Педагогика- тәрбиелеу, жетектеу, бағу

  26. Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

  27. Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет