Тәуелсіздік жолындағы қадам



Дата15.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57509

Тәуелсіздік жолындағы қадам
1988 жылдан бастап алдымен Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады.
Қайта құру идеяларын іске асыру оңайға соқпады. 1989 жыллдың жазынан былайғы кезеңдегі КСРО шеңберіндегі саяси оқиғалар, орталықтандырылған жүйені бұзып, тоталитарлықрухтың көзін жойып, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасамайынша реформаларды жалғастыруға болмайтынын көрсетті.
1989 жылы КСРО –ны тұрақты одақ ұстанымдары негізінде қайта құру мүмкіндіктері болған еді. Республикалар өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері белгілеу, өзін-өзі билеу туралы мәселені батыл қоя бастады. Орталық теледидар, «Правда», «Советская Россия» сияқты газеттер Балтық бойындағы республикаларды адам құқығы бұзылуда, олардан үлгі алған КСРО-ның басқа құрамдас бөліктері халықтар достығына қарсы жолға түсуі ықтимал деген шу көтерді.
1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Жоғарғы Кеңестің сол мәжілісінде тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылдады.
1990 жылғы 25 қазан – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды.
Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990 – 1991 жылдар ішінде Беларусьпен, Әзірбайжен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украинамен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет