Тәуке хан 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы. Шешесі Бану ханым қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы



Дата27.09.2023
өлшемі9,89 Mb.
#110818
Байланысты:
Тәуке хан

Тәуке хан

1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы. Шешесі Бану ханым қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.

Ішкі саясаты

  • Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті жорықтар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.
  • 1672 жылы қазақ ханына ойраттардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай тайшы мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.

Сыртқы саясаты

  • Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681-1685 жылдары қазақтарғақырғыздарға және ӘндіжанСайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды).

1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.
Түркістан қаласының жоспары(XVIII ғасырдың басы). Д.Г.Мессершмидтің құжаттарының арасынан табылған. Тәуке ханның мөрі сол жақ шетте бейнеленген
Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687-1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобыл қаласына бірнеше елшілік аттанған.
С.У.Ремезовтың «Сызба кітабындағы» Қазақ Ордасы (Земля Казачьи Орды)
1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698-1703, 1708, 1709-1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Кейбір деректерге сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған.
С.У.Ремезовтың «Сызба кітабындағы» Қазақ Ордасы

Жеті жарғы


Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен біріге отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. «Жеті жарғы» мынадай негізгі бөлімдерді қамтыған:

жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын дауларды реттейтін заң;

  • жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын дауларды реттейтін заң;
  • неке қию және ажырасуды, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтарын реттейтін заң;
  • әскери борышты, бөлімшелерді құруды және қолбасшыларды сайлауды реттейтін заң;
  • соттық істерді қарау тәртібін реттейтін заң;
  • кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлеріне қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
  • өлімге немесе ауыр жарақаттарға алып келген қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
  • жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, туыстарының, қауымның олардың алдындағы міндеттерін реттейтін заң.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет