Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
1. Қандай халықаралық құжат арнаулы білім беруде ақыл-есі және дене кемістігі бар балалардың құқықтық негізін құрайтын құжат болып табылмайды:
А) Қазақстан Республикасының Конститутциясы;
В) Бала құқығын қорғау конвенциясы;
С) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы:
D) Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері.
2. Ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау бойынша Қазақстан саясаты неге бағытталған:
А) әлеуметтік және құқықтық кепілмен қамтамасыз ету арқылы балалардың өмір сүруін жақсарту;
В) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және балаларды қорғау заңдылықтарын жүзеге асыру;
С) қиын өмірлік жағдайдағы балалардың құқығын қорғаудағы кешенді іс-шара жүйесін қалыптастыру;
D) жеке айырмашылықтарға қарамастан барлығына бірдей құқықты қамтамасыз ету.
3. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заң бағыты:
А) дамуында кемшілігі бар балалардың тәрбиесі, оқуы, еңбек және кәсіби дайындығы, мүгедек балалардын алдын-алу мәселелері бойынша көмектесуде тиімді жүйені құру;
В) балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, дискриминацияға жеткізбеу; балалардың құқығы мен заңды мүдделеріне кепілдікті күшейту, сондай-ақ құқық бұзылған жағдайда қалыпқа келтіру;
С) қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға (отбасылары) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;
D) оқуға тіркелмеген Ерекше қажеттілігі бар адамдардың білім алуын жақсарту және қамтамасыз ету.
4. Инклюзивті білім беру, барлығы үшін білім беру саясаты қандай халықаралық құжатта жарияланды?
А) Саламан декларация;
В) Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы декларация;
С) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
D) Арнаулы білім беру туралы Заңы;
Е) Бала құқығын қорғау конвенциясы.
5. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оңалту, түзете-дамыту, емдік, арнайы білім беру және тәрбиелеу, әлеуметтендіру жағдайларындағы көмек түрлері қай мекеменің функциясы болып табылады?
А) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
В) психолого-медико-педагогикалық кеңес;
С) психологиялық-педагогикалық түзеу қызметі;
D) баланы дамыту кабинеттері.
6. Қандай құжат мигрант-балалар, қашқын-балалар, оралман отбасы балалары, аз ұлттар балаларының негізгі құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді?
А) бала құқығы туралы конвенция;
В) «ҚР бала құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы;
С) Тәуелсіз Мекмлекеттер Достастығы бойынша еңбек етуші-мигранттар және олардың отбасылары туралы құқықтық конвенция;
D) «Қазақстан Республикасы Азаматтары туралы» ҚР Заңы, 20-желтоқса 1991 жыл № 1017-XII (04.07.2014 жылғы өзгерістер мен толықтыру бойынша)
7. Педагогикада «коррекция» термині нені білдіреді?
А) даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыста түзету, меңгерту, дамуындағы бұзылыстарды азайтуға негізделген педагогикалық, емдік шаралар жүйесі;
В) даму мүмкіндігі бұзылған тұлға ағзасының қызметін түзеу немесе қайта қалпына келтіру үдерісі;
С) мүмкіндігі шектеулі жандарды әртүрлі қолжетімді қызмет түрлеріне дайындауға арналған педагогикалық шаралар жүйесі;
D) даму мүмкіндігі шектелген балаларды жеңілдетілген түрлі әдіс-тәсілдермен оқыту жүйесі.
8. Дамуында ауытқулары бар барлық балаларды анықтап, есепке алуға қандай мекеме жауапты?
А) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығы;
В) диагностикалық және қалпына келтіру орталықтары;
С) арнайы жағдайдағы білім беру мекемесі;
D) білім беру департаменті.
9. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту бағдарламасын анықтайды және ұсыныс жасайды:
А) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығы;
В) жалпы білім беру және арнайы мектептер;
С) білім беру департаменті;
D) психолого-педагогикалық түзету кабинеттері.
10. Әлеуметтендіру үдерісі нәтижесіне жатпайды:
А) Әлеуметтік білім, білік, дағдыларды қалыптастыру;
В) жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру;
С) жалпыадамзаттық құндылықтар бағытын қалыптастыру;
D) девианттық мінез-құлықты қалыптастыру.
11 Инклюзивті үдерістегі ата-аналардың рөлін анықтау:
A) Ата-аналар- материалдық ресурстардың көзі;
B) Ата-аналар- педагог үшін қосымша қиындықтардың көзі, «өз орнын» білуі тиіс, олар тек инклюзивті үдерістердің белсенді емес бақылаушылары ғана;
C) Ата-аналар-мектептің одақтастары, оларды баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың әртүрлі бағдарламаларға назарын аудару;
D) Ата-аналар-педагогтардың одақтастары, алайда олардың баламен педагогикалық-түзету жұмыстарына қатысуға құқы жоқ.
12. Үлгермейтін баланың ата-аналары мұғалімнен оларға түсіністікпен қарауды өтінеді? Мұғалім не істеу керек?
A) ата-аналардың тілегімен келісе отырып, балаға қойылатын талаптарды азайтады;
B) Нақты алайда ата-аналарға олардың өтініштерін орындауға болмайтынын түсіндіру;
C) ата-аналардың балаға өздері көмектесу және көңіл бөлу керектігі жөнінде кеңес беру;
D) ата-аналарды ПМПК мамандарынан баланың үлгермеу себебін анықтау қажеттігіне көзін жеткізу.
13. Дұрыс еместі жауапты алып тастаңыз. Ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие балалардың әлеуметтік-мәдени интеграциясының педагогикалық шарттарына жатпайды:
A) Тұлғаның жан-жақтылығын қалыптастыратын және этникалық сақтау бойынша пән аясындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
B) мектеп оқушыларының әлеуметтік –мәдени және этномәдени толеранттылығын дамыту;
C) сабақ беру қызметінде тұтастай педагогикалық үдерісті құру;
D) Педагогтардың әлеуметтік-мәдени интеграция бойынша жұмыстарға кәсіби дайындығы.
14. Психофизикалық даму кемістігін бәсеңдету немесе одан арылуға бағытталған арнайы және жалпы педагогикалық шаралар жүйесі анықталады:
A) өтем ретінде;
B) түзеу үдерісі ретінде;
C) бейімдеу үдерісі ретінде;
D) оңалту;
15. Кетірген оқу іскерліктерін, танымдық дағдыларын қалпына келтіру үшін бала оңалтудың қандай түріне зәру болады:
A) медициналық;
B) психологиялық;
C) педагогикалық;
D) тәрбиелік;
Е) барлық нұсқалары дұрыс.
16. Дамыту-түзету дәрістерін жүргізудің мүмкін түрлерін көрсетіңіз:
A) жеке сабақтар;
B) топтық сабақтар;
C) фронтальдық сабақтар;
D) Барлық жауаптар дұрыс.
17. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның (ПМПК) негізгі қызметтері:
A) баланың ауруларын емдеуді;
B) мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балаларды оңалтуды;
C) диагностикалық-кеңес беру қызметін;
D) барлық нұсқалары дұрыс.
18. Бала өз бетінше немесе ересек адамдардың көмегімен қол жеткізе алатын білім, білік және дағды деңгейі қалай аталады:
A) жуық аралық даму аймағы;
B) даму кемістігі;
C) өзекті даму аймағы;
D) шешілетін міндеттердің қиындық деңгейі.
19. Дамуында бұзушылық анықталған балалардың қандай санаты үшін қашықтықтан бағдарлай оқыту түзету жұмыстарының басты бағыты болып табылады:
A) көру қызметі бұзылған балалар;
B) ақыл-есі орташа деңгейде бұзылған балалар;
C) психикалық дамуы бөгеулі балалар;
D) есту қабілеті бұзылған балалар.
20. Педагогикалық тапсырманы шешуге бағытталған педагогтің іс-әрекетіндегі өзара байланыс жүйесі:
А) білім беру технологиясы;
В) арнайы әдіс-тәсілі;
С) білім беру және тәрбиелеу әдістерінің жүйесі;
D) оқыту үдерісі.
Е) оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері әдістері.
21. Дамуында қиындықтар балаларды оқытудың бастапқы кезеңінде қандай әдістер қолданылады:
А) практикалық және көрнекілік;
В) логикалық:
С) репродуктивті;
D) перцептивті;
Е) ауызекі.
22.Ұсынылған нұсқалардың қайсысы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепте оқыту үдерісінің құрылымын дұрыс көрсетеді:
A) түйсіну, ұғыну, пысықтау, қолдану;
B) түйсіну, пысықтау, оқыту, қолдану;
C) құралдар, қағидалар, мазмұны, әдістер, бақылау тәсілдері;
D) оқу, үйрету, пысықтау, қолдану;
E) білімді жинақтау, дағдыларын шыңдау, іскерліктерін қалыптастыру.
23. Білім берудегі коррекциялық-өтемдік бағыттылық принципі нені білдіреді:
А) оқытылатын баланың денсаулық күшін нығайтуға негізделген берік анализаторлардың көмегімен оқу үдерісін құру;
В) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың «әлеуметтік құлдырауының» азаюуы немесе арылуы;
С) арнаулы білім беруде пәндік-тәжірибелік қызметті өзіндік амал ретінде қолдану;
D) әр баланың өзіндік ерекшелігіне сай оқу барысында қолайлы жағдай туғызу арқылы.
24. Психикалық дамуындағы тежелген балалардың ерте этаптағы түзету-дамыту бойынша оқытуда педагог басымдықпен жасау керек:
А) қоршаған шындық орта туралы көзқарасын байыту;
В) ауызша және жазбаша сөздерін дамыту;
С) кәсіби және еңбек білім беру;
D) қоғамда өзін-өзі ұстау дағдысын дамыту.
25. Төмендегі мектептердің қайсысы инклюзивті білім беру саясатын қолдайды:
А) адамдардың және олардың өмір сүру стильдеріне сыйластықпен қарау дағдыларын үйрететін мектеп;
В) біркелкі оқыту жоспарымен және барлық балаларды біркелкі тәсілдермен оқытумен шектелген мектеп;
С) әртүрлі саладағы мамандармен ынтымақтастық құратын, даралап және саралап оқытуды ұсынатын мектеп;
D) сәулеттерінің қолжетімділігі бар мектептер.
Достарыңызбен бөлісу: |