Орындаған: Ақтілеуова Мирамкүл Топ: 108 (3 жылдық, қазақ тілі мен әдебиеті) Көру, есту қабілеті бұзылған балалар



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі51,42 Kb.
#116910
  1   2   3
Байланысты:
Инклюзив сөж мираа


Орындаған: Ақтілеуова Мирамкүл
Топ: 108 (3 жылдық, қазақ тілі мен әдебиеті)

Көру, есту қабілеті бұзылған балалар
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім процесінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйрету үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологқа, логопедке, арнаулы педагогқа, әлеуметтік педагогқа арналған кабинеттерді арнайы жабдықтау қажет. Сондай-ақ, кітапхана қорын арнаулы оқулықтармен, арнаулы электронды жабдықтармен жабдықтауға, оқу-әдістемелік кешендермен, әдістемелік әдебиеттермен толықтыру керек.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қолжеткізілген деңгей туралы оқушылармен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы (коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, тифлопедагогтармен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы арқылы жүзеге асыруы тиіс.
Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.
Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)
1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады.
Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.
Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады.
Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау.
Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар жасатуға болады. Әуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ және ортаңғы саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен тренажорлар бар.Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру диагнозына байланысты әр қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыстанылады.
Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке жұмыстану қажет және көзге арналған арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс орны жарық болуына ықпал жасау және баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру керек. Көрнекілік түстері үйлесімді реңмен берілуі тиіс (қара реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс, ауызша жұмыстану 10 мин.
Алыстан көру (гиперметропия Н) – алыстан да, жақыннан да көру қашықтығы бұзылған, алайда жақыннан көру қашықтығы балада анық байқалып тұрады. Мұндай баламен тақтамен жұмыстануға, ұсақ заттармен, үлестірме материалдарды бөліктермен беріледі.
Астигматизм (ast)- бала заттарды бұлдыр көреді, яғни алыс болса да жақын болса да көре алмайды. Астигматизмнің болу себебі көздің айналасындағы бұлшықеттерінің бірқалыпты болмауы. Мұндай баланың көру жүктемесі төмен деңгейде. Жазу жұмысы аз болуы шарт. Партаға дәптерді дұрыс орналастаруға тіке сызықты желімдеп қою керек. Егер гиперметропиялық астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек. Ал, егер миопиялық астигматизм болса жарық жақсы түсу шарт, контрастық реңде қызғыл сары және жасыл түсті көреді. Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс.
Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Сондықтан бала қалай көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне байланысты шағым айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық сызба, сурет болмауы керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы шарт.
Нистагм көз ауруында – баланың көзі төмен-жоғары, көлденең ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану керек. Жүргізіп оқыған кезде коррекциялық сызғышты пайдалануды қажет етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау қажет.
Қыли көзді ауруы (косоглазия) – көз қимылының бұзылуы. Қыли көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің ауытқушылығы 15-20 градус болса көз әйнекті тағуға міндетті. Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітапқойғыш керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса кітапқойғыш міндетті түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем болмайды.
Естімейтін балалалардың тұлғасын әлеуметтік мәселе ретінде зерттеу алғаш рет Л.С. Выготскиймен қойылды, оларды түрлі әлеуметтік мәнді қызметке қоса арқылы еститін қоғамға тұлғаны қосу жүзеге асырылады.Естімейтін балалалардың тұлғасын әлеуметтік мәселе ретінде зерттеу алғаш рет Л.С. Выготскиймен қойылды, оларды түрлі әлеуметтік мәнді қызметке қоса арқылы еститін қоғамға тұлғаны қосу жүзеге асырылады.Есту қызметінің бұзылуы естімейтін тұлғаның дамуына өзінің әсерін тигізеді, әлеуметтік ортада өмір сүруге ерекше жағдай туғызады, тілдесу ортасын азайтып, әлеуметтік байланыстар көлемін шектейді. Есту қызметінің кемшілігі бар адам субъективті өзіне және қоршаған ортасына қатынасы туады.
Тіл дамуының аздығы нәтижесінен еститін құрбы-құрдастарымен салыстырғанда естімейтін баланың көлемі аз, естімейтін тұлғаның қалыптасуы баяу қарқынмен жүреді. Бұл өмірде танымдық қызығушылықтарының, әр түрлі саласы бойынша мәлімет алғаны жеткіліксіз болғаннан кейін білінеді.Тіл дамуының аздығы нәтижесінен еститін құрбы-құрдастарымен салыстырғанда естімейтін баланың көлемі аз, естімейтін тұлғаның қалыптасуы баяу қарқынмен жүреді. Бұл өмірде танымдық қызығушылықтарының, әр түрлі саласы бойынша мәлімет алғаны жеткіліксіз болғаннан кейін білінеді.Одан ұзақ уақыт өзін-өзі сәйкес емес бағалау сақталады. Әдетте өзін- өзі бағалау және жолдастарының бағалауы белгілі бір жағдайда болады, көбінесе ұстаз пікіріне тәуелді болады, өзін-өзі бағалаудың сын көзімен қармаушылығы байқалады, жоғары сынып оқушыларында өзін-өзі өсіре бағалау басым болады. Оларда ауытқушылық және ақылға қонымсыз ниеттену деңгейі ерекшелендіреді, өзін-өзі бағалау аса көтеріңкі болады, ол жиі естімейтін оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келмейді.Саңырау оқушылардың оқу қызметіне ниеттену деңгейі кіші мектеп жасында көрінеді, жоғары құбылмалылығымен сипатталады. Көп эмоционалды жағдайлар әлеуметтік-адамгершілік сезімдері саңырау оқушыларға орта мектеп жасына жеткенге дейін бейтаныс болады.
Естімейтін оқушыларда эмоционалды саласының дамуы мәнерлі жағының сөйлеу және музыканың аз қол жетімділігінен, әдебиетке қатыстыруы көп қиындық туғызады.Естімейтін оқушыларда эмоционалды саласының дамуы мәнерлі жағының сөйлеу және музыканың аз қол жетімділігінен, әдебиетке қатыстыруы көп қиындық туғызады.Саңырау балалардың тілдесуінде пантомима және мимика арқылы эмоцияларын көрсетуін атап кетуге болады. Естімейтін балалармен түзете-дамыту жұмысы үрдісінде адамның эмоциялары мен сезімдерін түсіну жете түсінуі пайда болады.Есту қабілеті бұзылған адамның өзгешелігі, ерекшелігі оған арнаулы оқыту жағдайын жасауын, оның тұлғасының толыққанды бейімделуі үшін ортасын құруын қажет етеді.
Есту қабілетінің терең және табанды бұзылуы психикалық, физикалық және баланың тұлғалық дауысына кері әсерін тигізеді. Терең әрі табанды бұзылу әсерінен есту қызметінің жеңіліс табуы, закымданған,дефектіленген негізде даму процесі, ағымды жүру нәтижесінензақымданған қызметтің жақсару белгілері айқындалмай, емдік құралдар тиімсіздігі байқалады. Бұндай бұзылулар туа немесе жүре пайда болады, есту қабілеті зақымданған балалар арасында туа біткен кемістік аса сирек кездеседі, жүре қалыптасқандарға қарағанда (25 %) құрайды. Жатыр ішіндегі есту мүшесінің дұрыс дамымауы тек тұқымқуалаушылыққа байланысты. Осыдан толығымен немесе жартылай аплазия (дамымауы) – ішкі құлақтың, ортаңғы мүшелердің бұзылуы және сыртқы дыбыс жолының бұзылуы, туа біткен есту мүшесінің дұрыс дамымауы тұқымқуалауы мүмкін. Көп жағдайларда есту қабілетінің бұзылуы, егер ата-анасы осындай ақаумен зардап шексе, балаға берілуі мүмкін, әрине есту қабілеті жақсы еститіндерде кездеспеуі мүмкін. Есту қабілетінің туа бітуі, ол дамып келе жатқан ұрыққа зиянды әсерлердің әсерінен анасының организмі жағынан болады.
Бұған вирусты инфекция (қызылша, тұмау), ең негізгі жағдай бұлардың пайда болуы ананың алғашқы 3 айлығында, жатыр ішіндегі (интоксикация, химиялық және дәрілік заттармен, алкогольмен улануы жатады. Есту талдағыштары, егер ұрыққа соққы тигендіктен зақымдалуы мүмкін. Ал жүре пайда болған есту қабілетінің бұзылуы туа біткенге қарағанда, жиі кездеседі. Жүре пайда болудың себептерінің ішінде ең негізгі орында инфекциялық аурулар алады, олар: менингит, қызылша, скарлатина, паротит, пневмония (өкпе қабынуы), тұмау. Есту қабілетінің зақымдануы, әртүрлі басты жарақаттаудан кейін де болуы мүмкін. Есту талдағыштарының әртүрлі зақымданулары есту қызметтерінің ақауы бір мағыналы түрде болмайды. Есту қабілетінің бұзылуына әкелген патологиялық процесстердің пайда болған уақытына байланысты сипатталады және де қандай сатыда және қандай даму кезеңінде есту қабілетінің бұзылуына байланысты. Есту қабілеті жеткіліксіз дамыған балаларды - категорияға бөледі: саңыраулар, кеш саңырау болғандар, нашар еститіндер.
Саңырау балалар – тотальді түрде, яғни толығымен есту қабілеті жойылған. Саңыраулық абсолютті түрде тек кейбір жағдайларда болады. Әдетте есту қабілетінің қалдықтары сақталады, өте қатты, жай дыбыстарды қабылдағанымен, түсінікті қабылдауы екіталай.Саңырау балалардың арасында мынандай белгілерді айыруға болады:

  • саңыраулар, сөйлеу қабілеті мүлде дамымаған (ерте саңырау болғандар).

  • саныраулар жартылай сөйлеу қабілеті сақталған (жүре саңырау болғандар).

Ерте саңырау болғандарға есту қабілетінің екі жақты және терең бұзылуы жатады, туа біткен немесе сәбилік кезеңде, сөйлеу қабілеті қалыптасқанға дейін пайда болған.
Жүре саңырау болған балалар – есту қабілетін жоғалтқан балалар, бірақ сөйлеу қабілеті сақталған жүре пайда болған саңыраулар. Бұл категориядағы балалардың кейбіреуінде есту қабілеті аз да болса болады, соны түзету жұмыстарына қолданады.
Нашар еститіндер – жартылай есту қабілетінің жеткіліксіздігі, сөйлеу қабілетінің қиындатылуы, бірақ есту талдағышының көмегімен сөзқорын өз бетімен жинауға мүмкіндігі бар.Нашар еститіндер – жартылай есту қабілетінің жеткіліксіздігі, сөйлеу қабілетінің қиындатылуы, бірақ есту талдағышының көмегімен сөзқорын өз бетімен жинауға мүмкіндігі бар.Нашар еститін балалар арасынан мына балгілері бойынша ажыратуға болады:

  • мектепке баратын кездегі балалардың сөйлеу қабілетінің тереңдамымауы.

  • сөйлеу қабілеті бар балалар, бірақ грамматикалық қателері және айтылуында да үлкен емес жетіспеушіліктері бар.

Нашар еститін балалардың сөздік сөйлеу қоры қалыпты еститін балаларға қарағанда нашар қалыптасады, әсіресе ойлау қабілеті әрекетінде басқа танымдық әрекеттерге қарағанда, өзіне сай ерекшеліктері байқалады.Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі:

  • дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т.б.);

  • аффрикат;

  • дыбыстарды тастап кету;

  • дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу;

  • сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету.

Бала қаншалықты кіші болса,оның арнайы сабақ «өтілі» соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады. Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады. Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес,көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды.1,5 жасқа дейінгі балаларда есту қызметінің төрт деңгейі ерекшеленеді:
Бірінші деңгей жас ерекшелігіне қарай есту қызметі қалыпты мөлшерде.Есту қызметі қалыпты мөлшердегі балалар сөйлеу дыбыстарына жатпайтын дауыстар жинағын 3-5 м қашықтықтан естиді. Баланың барлық дауыстарды (шарманкадан даңғараға дейін) қабылдауы оның жас ерекшелігіне тәуелді, оның жасы кішкене болса, белгі жақын жерден берілу керек.Үш айдан асқан бала дыбыстың оң, сол, артынан естілуін аңғаруы қажет. Сөйлегендегі дауысты, сыбырды 5м қашықтықтан естиді. Синтетикалық дыбысқа барлық тексерілетін жиілік диапазонында 30-70 дб қарқынында реакциялары байқалады.Кейбір жағдайларда балаларда аудиометр екпініне реациясы болмайды. Тексерушілер бұл балалардың өмірінің бірінші жылдарында болатын жағдай деп есептейді, реакциясының болмауы баланың есту қызметі кемшілігіне емес, жас ерекшелігіне байланысты. Басқа белгілерге – дауысқа, дыбысталатын ойыншықтарға – реакция түрін білу маңызды.
Есту жағдайының екінші деңгейі – кереңдік. Бала барлық дыбыс белгілеріне көңіл бөледі, бірақ дыбысталу қашықтығы тұрақсыз 0,5-5м көлемінде өзгеріп тұрады. Максимальды қашықтықта айқын төменгі жиіліктегі дыбысталу қабылданады. Егер балалар 1м кем емес қашықтықтан шыққан дыбысты еркін қабылдай алса, онда олар дыбысты локализациялауға қабілетті. Сәл кереңдігі бар балалар 0,3 – 1м, қатты сөйлегенде дауысты ести біледі. Синтетикалық белгіні 4000-600 Гц диапазонында 45-100 дб қарқында қабылдай алады; бұл белгілердің бағыты анықталмайды.
Есту жағдайының үшінші деңгейі – ауыр кереңдік. Бұндай балалар сөйлеу тіліне жатпайтын белгілердің бірең-сараңын ғана қабылдайды. Айқын жоғары жиіліктегі дыбыстар есебінде олардың саны азаяды. Жоғары жиіліктегі белгілерді қабылдау қашықтығы 0,1-0,3м дейін, ал орташа және төменгі жиіліктегі белгілерді қабылдау, үнемі өзгеріп тұратын тұрақсыз қашықтығы 2,5-5м дейін. Егер бала 1м кем емес қашықтықта шыққан дыбыс белгісін қабылдай алса, онда ол дыбысты локализациялауға қабілетті. Көптеген балалар қатты сөйлеген дауысқа мән бермейді. Синтетикалық белгіні шектелген диапазонда (2000 Гц дейін) 50-100 дб қарқында қабылдай алады. Бұл ынталандырылушы белгі локализацияланбайды.
Есту жағдайының төртінші жағдайы – саңыраулық. Саңырау бала бірнеше дыбыстарды ғана қабылдай алады (негізінде төменгі жиіліктегі дыбыстар – даңғара). Дыбыстың шығу жеріне дейінгі қашықтық 2,5-5м дейін болуы мүмкін, кейбір саңырау балалар ынталандыру белгілерін мүлдем қабылдамайды. Синтетикалық белгіге 500-1000 Гц диапазонында 70-100 дб қарқынында синтетикалық белгіге реакциясы болады. Бұл балалар дыбыстың шығу тегін анықтай алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет