Орындаған: ҚТӘ-14 тобының студенттері Қайруллаева Ақмарал мен Пірімбетова Гүлжайна
Қабылдаған: Синбаева Г.К.
Петропавл 2016 жыл
Ойын технологиясы
Ойын технологиясы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкінді береді.
Бастауыш мектепте оқыту үрдісінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады.
Ойын – бала әрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлым таным үдерісіне әсерін тигізеді.
Ойын – балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруына және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.