Тжтә Базарбаев Бекзад жхм – 911 Деңгейлік тапсырмалар



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі37,86 Kb.
#19120
  1   2   3   4   5

ТЖТӘ Базарбаев Бекзад ЖХМ – 911

Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей сұрақтары

1. Жанұяның педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күшін атаңыз

Отбасы дегеніміз — кішкентай ғана əлеуметтік-психологиялық топ, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынастармен, ортақ тұрмыспен жəне өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан, ал ондағы əлеуметтік қажеттілік қоғамның халықты нақты жəне рухани өсіріп-өндіруге деген қажеттілігінен туындайды.Үлкен энциклопедиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: «Отбасы — некеге немесе туысқандыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері өзара ортақ тұрмыспен, өзара көмекпен, моральдық жəне құқықтық жауапкершілікпен байланысқан» С.И.Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» бұл ұғымға келесідей анықтама беріледі: «Отбасы —бірге тұратын жақын туысқандар тобы. Ортақ мүдделермен топтасқан адамдардың бірлестігі» Əлеуметтанушылық тұрғыда «отбасы» ұғымы, əдетте, ортақ өмір, ортақ мүдде, өзара қамқорлық сипатындағы адамдардың неке, туыстық, тəрбиелеуге балаларды отбасына қабылдауы арқылы құрылған одағы деп қабылданады .

И.В.Злобинаның «отбасы» ұғымына деген көзқарасы да назар аударарлық, ол: «Отбасы дегеніміз ерлі-зайыптылықты, туыстықты, туғандықты, бірге өмір сүруді, ортақ шаруашылық жүргізуді, бірлесіп тəрбиелеуді, асырап-сақтауды қамтитын күрделі құқықтық ахуал болып табылады», дейд.Осылайша, отбасы келесідей төрт сипаттамасы бар күрделі құрылым болып табылады, ол қоғамның шағын əлеуметтік тобы; жеке тұрмысты ұйымдастырудың аса маңызды түрі; ерлі- зайыптылық одақ; ерлі-зайыптылардың туыстармен, яғни бірге тұратын жəне ортақ шаруашылық жүргізетін ата-аналармен, аға-інілермен, əпке-сіңлілермен, ата-əжелермен жəне басқа да туысқандармен, көптарапты қарым-қатынастары.Отбасы «неке» ұғымымен тамырлас. Бұл ұғымдар ортақ болғанымен, олар синонимдер емес. Мысалы, орыс тіліндегі «брак» сөзі көне славяндарда «слюб» — салтанатты түрде уəде ету,«слюбитись» — яғни ортақ келісімге келу деген мағынаны білдіреді екен.Неке (ерлі-зайыптылық) — ерлі-зайыптылардың арасында мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тəртіппен тараптардың еркін жəне толық келісімімен құрылған əйел мен еркектің арасындағы тең құқылы одақ.Отбасының атқаратын функциялары дегенде осы қатынастар жүйесіндегі (отбасындағы) қандай да бір субъектінің ерекшеліктерінің көрініс беруі, қажеттіліктерді іске асыру жөніндегі белгілі бір əрекеттер деп түсіну керек.

2. Сыныптық ата-аналар жиналысының сан алуан түрлерін сипаттаңыз

Ата-аналар жиналысы мектеп өмірінің ажырамас бөлігі, мектеп,оқушы, ата-ана үштігін байланыстыратын маңызды шаралардың бірі болып табылады.Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі.Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, отбасында бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекшілері ең бірінші өзі жетекшілік етіп отырған сыныптың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуі керек.Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.

         Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Жас ерекшеліктеріне қарай, бала бойында болатын өзгерістер», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.


  1. Ата-аналар жиналысын өткізуге кеңес, әсіресе жаңададан сынып алған жетекшілерге керек –ақ.Ата-аналар жиналысын қалай қызғылықты әрі тиімді өткізуге болады?

  2. Ата-аналар жиналысын өткізуге барынша ыңғайлы күн, ыңғайлы уақытты таңдаңыз. Бұл күні сіздің де,ата-аналардың да маңызды жоспарланған жұмысы, кездесуі т.б. болмауын ескеріңіз.

  3. Жиналысқа арнайы «шақыру қағазын» дайындаңыз. Онда уақытын (басталатын және яқталатын), өтетін орынын, жиналыстың қысқаша жоспарын көрсетіңіз.

  4. Сыныбыңыздағы оқушыларыңызға қатысты ең маңызды мәселені анықтап, сол туралы ата-аналарыңызбен сөйлесетін сөзіңізге дайындалыңыз.

  5. Жиналыс өткізетін кабинеттегі үстел, орындықтарды ыңғайлы етіп қойыңыз.Әңгімелесу барысында ата-аналар бір-бірін көріп, жақсы тыңдай алғаны дұрыс.

  6. Егер ата-аналар бір-бірін жақсы танымаса, алдын ала әр ата-анаға аты-жөні жазылған визитка дайындап қойыңыз.

  7. Ата-аналармен келісе отырып,жиналыстың ережелерін дайындаңыз. Мысалы: сырт киімді шешіп отыру, бір-бірін есімдерімен атау, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау, әр ата-ана өз сұрақтары немесе ұсыныс ойларын айту, т.б.

  8. Уақытты ұтымды пайдалану үшін регламент жасап және оны қадағалап отырыңыз.

  9. Жиналыс барысында барлық ата-ана қатысатындай топтық ойындар ұйымдастырыңыз.

  10. Мәселе туындап тұрған сұрақтарды шешуде өмірлік тәжірибесі мол, беделді ата-аналарға немесе ата-аналар комитетінің кеңесіне сүйеніңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет