Түнімен долы дауыл құрыстаған



Дата12.05.2022
өлшемі23,74 Kb.
#34146

Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік тұрған тұлғалардың бірі – Фариза Оңғарсынова. Бүгінде Фаризанының шығармаларын білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жүректен шыққан көркем туындылары, әр адамның тұла бойын елжіретіп, ерекше бір сезімге бөлейтінін оның әр түрлі тақырыптарда жазылған өлең жолдарынан байқауымызға болады. Ақынның сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.

Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы, өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. Табиғатты жырлауда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады.

Табиғаттың қаhарлы, ызғарға толы мезгілін суреттейтін "Қырдағы қыс" өлеңінен үзінді келтірейік.

Түнімен долы дауыл құрыстаған

Секілді арыстандай жыны ұстаған. 

Жамылып ақ көрпесін ендi ғана

Маужырап байтақ дала тыныстаған.

Бұл өлең жолдарында тіл көрнекілігінің бірнеше түрін кездестіреміз. Мысалы, өлеңнің бірінші жолында "дауыл" сөзі айрықша сипатқа ие, яғни мұнда эпитет қолданылған. Қатты дауыл теңеудің қолданылуы арқылы ашулы арыстанға теңеліп тұр. Осы өлең жолдары арқылы қыс бейнесі көркем суреттелген.

Бас иіп қырдың жасыл қияқтары

Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып.

Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,

Алғашқы балғын сезім сияқтанып.

Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,

Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.

Жартыкеш ай барады жаутаң қағып,

Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.

Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. "Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды", – дейді ақын.

Сен менің жанарыма жас тұндырып, өзгеге көңіл кілтін аштың күліп» деген өлең жолдарында Фариза Оңғарсынова метафораның бірнеше түрін қолданады. Оны «көңіл кілті», «ошақ» деген сөздерден айрықша байқаймыз. «Әне бір ұзын бойлы ақ сұр жігіт» ал осы өлең жолында ақын бас кейіпкердің сыртқы бейнесін суреттеп, сипаттаулар енгізеді.

Сен менің жанарыма жас тұндырып,
Өзгеге көңіл кілтін аштың күліп.
Ошаққа отырғызып кетті мені
Әне бір ұзын бойлы ақ сұр жігіт.

Ф. Оңғарсынова поэмаларында бұрын-соңды ақындарда кездеспеген, ақындық дербес теңеулер де бар. Ол көбінесе әр шумаққа теңеулермен астары қалың мағына береді. Мысалы:

«Кеуек тастар секілді іші үгілген», «Жайдақ судай кезетін жайылманы», «Біреулерге жорғалап ала құрдай, Біреулерді жерлейді таң атырмай», «Шамданады сен айтақан ақиқаттан, Шоқ шашырап түскендей шаптарына», «Сана күңгірт ортада сезімдер де, Жылы үйде өскен жемістің шырынындай» /Мүшәйра/, «Тағдыры толқындағы тал қайықтай», «Жазғы түндей адамның арда шағы», «Аққан жұлдыз секілді ғұмырың да» /«Сайраған Жетісудың бұлбұлымын»/, «Уды да үнсіз шашыңдар сұр жыландай», «Нәзік дене бұтадай дірілдеді», Жанар онсыз жаныңа күлкі үйірмей, етек-жеңі бөлінбес бір киімдей» / «Тыңдаңдар, тірі…»/, «Өлеңімді сәбидей жетеледім», «Үні өшкен жетімдей шықтым жасып» / «Сырласу немесе … »/, «Қанды жерден шошынған аққудайын», «Дала қайғылы әйелдей жаны жара, Сәбисіз үй секілді қаңыраған» / «Дала тағдыры»/ сынды теңеулер ақынның өлеңге биік талғаммен баратындығының көрінісі болса керек.

Ф. Оңғарсынова поэмаларының жазылу әдісі, ондағы көркемдік құралдарына назар аударғанда, ақынның ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясынан көп үйренгендігі байқалады. Әсіресе, ақын поэмаларында молынан ұшырасатын ақынның таза қазақы ойлануынан туған ұлттық сипат танытар мынадай теңеулері ерекше көзге тартады. «Жасқаншақтап күйеудеу ұрын келген», «Адам да жүгені жоқ жүйрік аттай», «Тойса болды төгіліп тегенедей», «Көгі көктей бастайды керегедей», «Еркектер жоқ, құландай кең даладан, Ауып кеткен тігерге тұяқ қалмай», «Шыбындаған жылқыдай шұғылмасаң, Жатпайды құрт күшің не көркіңді елеп», «Арқандалған бұзаудай алыс бармай, Би-болысты паналар қалыс қалмай», «Отқа, суға түседі отар қойдай», «Аяр, алтай түлкідей қашқан алдан», «Долы қатындай қарғанған» / «Мүшәйрә»/,

Сөз бейнелілігі тұрғысынан образ жасаудың айрықша тәсілі метафораның (ауыстырудың) қазақ поэзиясындағы қызметі сан-сала, орны орныққан. Метафора – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Әдебиетші ғалым ӘДербісәлінің: «Ой мен сөзді көркем, әсем, әсерлі, образды берудің эволюциясы барына назар аудардық. Жалпы образды немесе поэзиялық сананың дамуы екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – мифологиялық ойлау, екіншісі – метафоралық ойлау», — деп атап айтқанындай, өлең өрнегіндегі көркемдік мәселелерін метафорасыз зерттеу мүмкін емес. Мысала: «Сенбеу-ақ керек еді, Жылан – жауға бойлаған керегені», «Басталды да батыстан қара жорық, Ажал – орақ жөнеді адамды ұрып», «Бақыт деуге бола ма бұл тағдырды, Бізді мұрттай ұшырған тұлпар — жылды» / «Тыңдаңдар, тірі адамдар!»/, «Мүмкін өмір – толқын жеп жұқардың ба?», «Сөз – маржандар жиылмай гүл — қырманға», «Буындырып ой-толғақ азаптайды», «Уақыт – толқын шаяды парақтарын, Жолдар жайлы жазса егер жер естелік», «Қайдан өнер кісілік, пейіл — бұлақ, Адам ажал – жазыққа жүгіреді», «Сабылтып банды деген сағым қашқын», «Кәрі таудың құшағына, Тұрақтамай бұлақ — қыздар», т.б. метафоралардан ақынның әлемге деген өзгеше көзқарасы мен таным-түйсігі аңғарылады. Әсіресе, ақынның «Мүшәйрә» поэмасында әдебиетімізде ең жиі кездесетін басты құбылтулардың бірі – метафора сәтімен қолданылады. Поэмадағы «Сиқырлап сылаң қағып өмір-жеңге, Заман да құбылтады өңім демде», «Пайымдауға мұрша жоқ заман – құйын, Шырқ үйіріп шырмайды адам миын», «Су тартыла бастаған қара жердей, Ой-теңізден жырақтап барады адам», «Шоқығандай сұңқарды тәмам қарға, адалдықты төпейді Заман — балға», «Ақыл көндей күстеніп бара жатса, Киесіздей көрінер ана-құндақ»,

«Қанша мықты болса да өмір – көген, бұл ауруға көнбейді көрінген ем», «Шындық – Айна жүзінен өздерінің, сиықтарын көргенде шыдамайды», «Шындық үні шарықтап шырқар ма алға, жерде әлі зұлымдық-қылқан барда», т.б. сынды ауыстырулар ой образын үстемеліп, поэмаға өзгеше мән беріп, көркемдігін арттырумен қатар, қазақтың өіне тән ұлттық ойлауынан туғанын айта кеткен жөн

жарыс, көгі, күрес, жаннта, өткел

ЖЫРәлем, Шолпан, бұлақ, теңіз, құрық

құс, сәуле, жылым

Нұрлы, алмас, маржан, топанЖЫР

Арман, аққу, ұшқын

бұлақ, асқақ, шабыттыӘН

солғын, жыр, жалқы

Байқап отырғанымыздай, ақын метафоралары күнделікті өмірде көп ести қоймайтын соны, әсерлі. Сөзден сурет тудыратын, ойшылдық пен терең сезімталдыққа жетелейтін ақынның үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Көркем сөз – поэтикалық образдың арқауы, сол поэтикалық құралды жасайын деген образын толық берсе, анық, айқын көрсете ғана шумаққа енуі керек. Сонда ғана сөз шумақта өзінің ішкі, сыртқы бедерін өрсетіп, поэтикалық образға кірпіш болып қалана алады. Сөзді дұрыс қолдану – поэтикалық образ жасаудың басты шарты.



Ф. Оңғарсынова – тілді барынша шеберлікпен қолданатын аса талғампаз ақын. Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуі поэзиядағы ой-сезімнің әсерлігін арттырады. Яғни, бейнелеп сөзден сурет салуға бейімділік — өлең ьіліне қажет ең негізгі қасиет. Ақын поэмасындағы сөз тіркестері әсерлі мән-мазмұнға ие болып, маңызды қызмет атқарады. Оның поэмаларында «заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз — эпитеттер» де молынан кездеседі. Мәселен, «Көңіл — керең, көз – жарғақ, әдемі рең», «Солғын ән», «Аққу-ән», «Бұлақ-ән», «Ұшқын-ән», «Аққу ғұмыр мазмұны биік болып», «Арман-шырақ осылай жанып-сөнер», «Үміт-шыбық нәр татпай талып, семер», «Шер – жусан, кермек-ой», «Ақ қанат ащы арман», «Өлімнің қақпас түні», «Жаттанды үміт», «Әз үміт» т.б. эпитетті тіркестер көбінесе абстракты ұғымдарға айрықша өң беріп, мағына құндылығын арттыра түскен.

Алдыңғы буыннан үйренумен қатар дәстүрді жаңашылдықпен жалғай білген Ф. Оңғарсынова поэмасында ұлттық сипаттағы: «Жанары – айдын, сезімі – от, пүліш – дене, Өзі тірлік – сынада күміс шеге», «Қайдан өнер кісілік, пейіл бұлақ, Бара жатса тарылып адамдарда», «Жыртпаса мұң сауытын бұлқып адам», «Жарма мінез ақ болсаң, ақымақсың», «Адамдардың желбуаз жайдақ әні», «Қайда әйтпесе ақ алмас қылықтары», «Дөңгеленіп жұмыр бас, жұмыр құрлық, арасында шырқырап құлын –шындық» сияқты эпитеттері шумақтардың мазмұнын айшықтап, айтылған ойды әсерлендіре еткізіп тұр. Ақын эпитеттері мағына тереңдігімен, сонылығымен, қайталанбайтындығымен ерекшеленеді, ойлантады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет