Төбелер біршама биік тау жоталармен жалғасқан тұстарда



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі129,47 Kb.
#642

төбелер біршама биік тау 

жоталармен жалғасқан тұстарда 

арша мен шырғай  ұшырасады. 

Тік белдеулі таудың  ұшар 

бастарында субальпілік 

өсімдіктердің жұрнақтары бар. 

Жота беткейлері сиректеу 

қарағайлы орманмен көмкерілсе 

тау аралық сай-қолаттарда 

қайың мен терек, тал мен 

шегіршін өседі. 

Балқантаудың  қызылқоңыр 

топырағы 

құнарлығымен 

ерекшеленеді көне дәуірдегі 

егіншілікті айтпағанның өзінде, 

қазіргі тұрғандардың ортасынан 

бастап-ақ бұл жерде 

диқаншылық кәсіп өрістеген 

деуге негіз бар. Нақты дерек 

Балқантау төңірегінде дәнді 

дақыл өсірудің тарихы екі 

ғасырға тереңдейтінін 

айғақтайды. Ғалым, журналист 

Зарқын Тайшыбайдың жоғарыда 

аталған еңбегінде осы өңірдің 

тумасы Кәрімшал Тұрсынов 

есімді адам І826 жылдан бастап 

егіншілікпен айналысқандығы 

айтылады. Сол жылдары ол 

осы таудың алқабындағы ғана 

өсетін дәмді  қызыл бидайдан 

мол өнім алып жүрген 

көрінеді. Осы таудың оңтүстік 

беткейіндегі 

қос жотаны 

жарып ағатын судың 

Егіндібұлақ атануы, кейін осы 

атау іргелі елді мекенге һәм 

і бұрынғы ауданға берілуі тегін 

болмаса керек. Жалпы, 

селоның ірге жайған уақыты 

Ресейден  қоңыс аударып келген 

орыс мұжықтарының  құнарлы 

қойнауға орналасқан кезеңіне, 

1909 жыл мөлшеріне дөп келеді. 

Бұл уақытта өріс алып тұрған 

орыс отаршылдығының 

өктемдігімен село Хлебородное 

аталып, ол атау кеңестік дәуірдің 

алғашқы жылдарына дейін 

сақталған. 

Балқантау  қазақтың  ұзақ 

шоқыларына тән аң-құстардың 

барлығы дерлік  ұшырасатын 

өңір десек  қателеспейміз. Оның 

сай-салалары мен жота-

қыраттарында аңның 35,  құстың 

70, бауырымен жорғалаушылар 

мен  қос мекенділердің бірнеше 

түрлері  ұшырасады. Әсіресе, 

елік,  қасқыр, түлкі, арқар,  қоян, 

борсық, ақтышқан, суыр, дала 

күзен, шықылдақ, сұр тышқан, 

құстан  құр, шіл, үкі, жапалақ, 

қырғи бүркіт, сасықкүзен, 

сауысқан, шымшық, көкқарға, 

бөдене, тоқылдақ жиі кездеседі. 

Ағынды және тұйық су 

айдындарында балықтың 

жиырмаға жуық түрі бар. 

1822 жылы патша шенеунігі, 

г е н е р а л - г у б е р н а т о р 

М.Сперанскийдің "Сібір 

қазақтары туралы жарғысы 

жарық көргеннен кейін Орта 

жүзде хандық билік институты 

жойылып арада екі жыл 

өткеннен соң  Қарқаралы округі 

құрылған кезде Балқантау 

өңірінің халқы жаңа әкімшілік 

орталыққа 

ұжымдасты-Қу 

болысы аталды. 

Әңгіме болып отырған 

Балқантау сыртындағы 

Қарасордың жағасына сексен 

жыл бойы (1848-1928) думанға 

бөлеген әйгілі 

Қоянды 

жәрмеңкесі  қазақ даласының 



игілігін теспей сорған Ресей 

көпестерін байытып  қана  қойған 

жоқ, сайын Сарыарқада сауда-

саттық дамуына да ықпал жасап, 

сахара жұртының рухани өсу 

орталығына айналды. 

Балқантаудың киелі топырағы 

қазақ  ұлты мәдениетінің мәйегін 

мөлтектеткен талай 

ұлы 


тұлғаларды тудырды. Күй тәңірі 

Тәттімбет, әр әні әнұрандай 

Мәди,  қайталанбас дауысымен 

жалпақ сахараны таңдай 

қақтырған Айтбай, оның  ұлы 

Ғаббас, әйгілі 

Қали, 

Мұсылманқүл, Неғайбыл, 



Әниша, Жүсіпбек, 

Қуан, 


Нұғыман, Мағауия тәрізді 

дүлдүлдер осы жердің 

перзенттері. Белгілі 

қоғам 


қайраткерлері, публицист 

Мұстақым, Нығымет, Ахмет 

(Елшібеков) тәрізді перзенттерді 

берген өңір бұл, әйгілі Кәрім 

Сауғабай мен Тұрсын Жұмаш, 

тағы басқа да талант иелерін 

туған топырақтың  ұлтқа тұлға 

болар талай тарландарды әлі де 

беретіні күмәнсіз. Өйткені, бұл-

Балқантау. 



(Материал Н.Төкешовтің 

архивінен алынды). 

металлургиялық зауыт салуға 

рұқсат жасайды да, ол бес 

жылдан кейін өндіріс ошағын 

іске қосады. Жұмыс істеген жеті-

сегіз жылдың ішінде зауыт 

ондаған тонна мыс пен мырыш, 

тіпті, алтын-күміс тәрізді бағалы 

металдар  қорытқаны жайлы 

дерек бар. Зауаттың инженер-

техник мамандары ішкі Ресейден 

келген орыстар болғанымен, қара 

жұмысты жергілікті  қазақтар 

атқарған. Сондықтан, 

Қазақстанның орталық өңіріндегі 

алғашқы жұмысшы  қауымы 

Балқантаудың төңірегінде пайда 

болған деуімізге негіз бар. 

Мерзімді басылымдарда кейінгі 

жылдары жарық көрген кейбір 

деректерге жүгінсек,  ұлы күйші-

композитор Тәттімбет осынау 

металлургиялық зауыттың 

өнімін игілікке жаратып, 

Кенесары хан мен Наурызбай 

батыр бастаған әйгілі  ұлт-

азаттық көтеріліс жауынгерлерін 

қаруландырған екен. Сөйтіп 



Егіндібұлақ селосының 100 жылдығы 

қ а р с а ң ы н д а 

БАЛҚАНТАУ АТАУЬІ 

Қ АЙДА Н ШЫҚТЫ? 

мақаласы бар 

екен. Оның жазылуына түрткі 

болған адам  қазақ халқының 

тарихын алғашқылардың бірі 

болып түсірген 

Қадырғали 

Жалайыри көрінеді. Ол  Қазақ 

хандығы тарихында өзіндік орны 

бар тұлға, XVI ғасырдың көрнекті 

өкілі. Осы кісінің еңбегіне сүйене 

отырып, ғұлама ғалым "Қу", 

"Қау" деген сөздердің түбірі биік, 

еңселі, көтеріңкі, жоғары, 

көрнекі деген мағынаға саятынын 

айтады. Сол үшін күні бүгінге 

дейін  қолданыста бар  қау шөп, 

қау ағаш, Қушоқы, Қумая тәрізді 

сөз тіркестерін мысалға алып, 

олардың биік шоқы, биік шөп 

деген ойды білдіретінін айтады. 

Сондай-ақ аққу деген  құс аты 

биік ақ  құс деген мағынаны 

айғақтайды екен. Осы уәжге 

жығылатын болсақ,  Қу дегеніміз 

биік тау деген сөз. Осы таудың 

тағы бір аты Балқан. Сірә, ол тым 

ертеректе  қолданылған атау 

болса керек. Көне түркі тіліндегі 

түсінігі үлкен, балғын, қомақты, 

көлемді дегенді жеткізеді. 

Сөйтіп, сайып келгенде, Қу және 

Балқан сөздерінің мағынасы бір-

біріне өте жақын, екеуі де таудың 

биік екендігін айғақтайды. 

Тұрған жері біршама аласа, 

салқар Сарыарқаның Ертіске 

қарай еңкейетін шығыс 

қапталында жатқанына 

қарамастан (Кент тауларынан 

бастау алатын Талды өзені 

Балқантаудың батысындағы 

Қарасор көліне жетіп жығылса, 

Түндікті өзені шығысына орай 

ағып, Ертіске  ұмтылады), өзінің 

биік, кесек жаратылысына  қарай 

жоғарыдағыдай атауды иеленген 

тәрізді. 

Энциклопедиялық мәліметтерге 

жүгінсек, Балқантау батыстан 

шығысқа  қарай 20 шақырымға 

созылып, терістігі мен түстігінің 

аралығы 15 шақырымды алып 

жатқан бірнеше тау жотасы. 

Таудың теңіз деңгейінен 

өлшегендегі абсолюттік биіктігі 

1366 метр. Әлемдік 

географиялық картаға "қазақтың 

ұсақ шоқылары' деген атаумен 

енген аласа таулардың арасында 

Балқантаудың шоқтығы жоғары. 

Оның төңірегіндегі бұйыратты 

өңірді өзен арналары, сай-

жыралар, 

құрғақ аңғарлар, 

ойпаттар қатты тілімденген. 

Жер  қыртысы  қалыптасуының 

әртүрлі дәуірінде Балқантаудың 

төңірегінде бір сыпыра кен 

жыныстары пайда болған. Соның 

ішінде түсті және 

қара 


металлургияның 

қазыналы 

жүлгелері жиірек шоғырланған. 

Сөзіміздің дәлелі ретінде, 

Балқантаудың шығыс 

бауырындағы 

қойнаудан 

Орталық 


Қазақстандағы 

өнеркәсіп орнының тұңғыш 

Благодатно-Стефанов зауытының 

салынғанын тілге тиек етуге 

болады. 1839 жылы Степан 

Попов деген кәсіпқорға патша 

өкіметі Қу тауының сілемдерінен 

Балқантаудың 

қойнауындағы 

қазына  ұлт мақсатына  қызмет 

етіпті. 

Еуразия  құрлығының кіндігінде 

орналасқан Балқантаудың ауа 

райы 


қуаң және орталық 

континентік климатқа жатады. 

Қысқы айларда ашық, желді, 

шыңылтыр аязды, суық күндер 

көп болады. Өйткені, мұндағы 

ауа райының 

қалыптасуына 

Арктикалық циклонның әсері 

күшті. Көктем күндері Азияның 

батыс бөлігінен соғатын 

антициклонның ықпалынан ауа 

температурасы күндіз жылы, 

құрғақ, желкемді болса, түнге 

қарай күрт төмендейді. Бұл 

шақта ауа райы 

қатты 


құбылмайды. Жаз айларының 

басым бөлігі ашық, ауа райымен 

ерекшеленеді. Атмосфералық 

жауын-шашымның жылдық 

мөлшері 250-330мм деңгейінен 

аспайтындықтан, жері  қуаң, 

ауасы  құрғақ болады.  Қыс 

ортасының орташа 

температурасы 16-18°С 

мөлшерінде, кейбір жылдары 45-

52°С-қа дейін, төмендейді. Жаз 

ортасының орташа жылылығы 

17-20°С болса, кейбір жағдайда 

40°С-қа дейін ысиды, жыл 

ішіндегі жылы маусымның 

ұзақтығы 53-55%-ға дейін жетеді. 

Дауылды, нөсерлі, найзағайлы 

күндер бір айға жуықтайды. Ауа-

райының тұрақсыздығы 

салдарынан жауынды-шашынды 

және  құрғақ, боранды-дауылды 

және тымық күндер жиі алмасып 

тұрады. Дегенмен, желсіз күндер 

өте сирек кездеседі. 

Балқантаудың  қойнауларынан 

басталатын бұлақтар мен 

өзендердің барлығы дерлік 

төңіректегі тұйық көлдер мен 

Ертістің су алабына жатады. 

Олардың көпшілігі  қар және 

жаңбыр суларымен, ішінара жер 

асты сулармен 

қоректенеді. 

Осынау өзендер мен бұлақтар 

қазан айының соңы мен 

қарашада 

қатып, наурыздың 

соңы мен көкекте ериді. Жаз 

ортасы ауа өзен-бұлақ арналары 

күрт төмендеп, тұздылығы 

артады. Тіпті, 

қарасуларға 

бөлініп, кейбіреулері тартылып, 

кеуіп  қалады. Балқантаудың 

төңірегінде Шұбаркөл, 

Балықтыкөл, 50-60 шақырымдай 

қашықтықта 

Қарасор мен 

Саумалкөл тәрізді су айдындары 

орналасқан. Олардың терендігі 1 

метрден 4-5 метрге дейін жетеді. 

Көпшілігі минералдылығы 

жоғары, күкіртті-сутекті 

болғандықтан, шипалы 

балшықтарын шипажайлар мен 

емдеу-сауықтыру орындары 

пайдаланады. 

Балқантаудың өсімдік дүниесі 

барынша бай. Мұндағы гүлді 

өсімдіктің жүздеген түрі, дәнді 

және бұршақты өсімдіктердің 

ондаған түрі кездеседі. Бетегелі-

селеулі, жусаны мен селеуі, 

қарағанды бұтасы мен 

тобылғысы араласа өскен 

Күн бесінге  қарай еңкейіп 

қалған шақта Нығмет 

қуанғанынан: "Әке, 

Қу көрінді, біздің тау көрінді!" 

деп дауыстап та жіберді. Алпыс-

жетпіс шақырымнан көзге 

шалынған көгілдір тау Затаевич 

күнделігінде былай сипатталған: 

"Алыстан мұнартып Қудың тауы 

асқақ көрінді. Бұл-Нұрмақов 

жолдастың туған жері"... 

Жоғарыда келтірілген жолдар 

белгілі ғалым, журналист, 

жазушы Зарқын Тайшыбайдың 

"Алтын бесік ән-орда" атты 

кітабынан (Қарағанды. 

"Болашақ-Баспа", 1998) алынған 

үзінді.  Қазақтың әр сөзінің түп-

төркінін індете зерттейтін 

лингвист-публицист ағамыз  Қу 

тауының атауы көнеден тамыр 

таратынын баян етеді. Этнограф-

ғалым Шоқан Уалихановтың 

Ресей География  қоғамының 

жазбаларында жарияланған 

еңбектерінің арасында "Қазір 

қолданылмайтын моңгол-түрік 

сөздерінің сөздігі" деген шағын 

Қарқаралы. - 2009. - 30 мамыр (№ 41/42). - 4 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет