Толерантты тұлғаны қалыптастыру бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған тренинг



Дата08.11.2022
өлшемі18,64 Kb.
#48544
түріСабақ

Толерантты тұлғаны қалыптастыру бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған тренинг
Бағдарлама сабақтар кешенін қамтиды, олардың негізгі мақсаты ‒ бастауыш сынып оқушыларына бір-біріне төзімді болуды түсіндіру және соны үйрету, оларға айналадағы адамдардың айырмашылықтарын көрсету, оларды құрметтеуді, осы айырмашылықтарды қабылдауды және шыдамды болуды үйрету болып табылады. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру оқушылардың одан әрі позитивті дамуына ықпал етеді, олардың өз мүмкіндіктері мен перспективаларына деген сенімділігін арттырады. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: - басқа адамдарға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-бірін сезе білу, көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажеттілігін пысықтау; - мәдени айырмашылықтарға деген құрметті дамыту; - адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылықтарға шыдамды қарымқатынасты дамыту, «өзгеге» деген құндылықты қарым-қатынасты бойға сіңіру; - достық туралы түсініктерді дамыту, бір-біріне қолдау көрсете білу; - басқаны өзін-өзі түсінетіндей түсіну дағдысын қалыптастыру, «командада» жұмыс істеу қажеттілігі; - оқушылардың өз сезімдерін білдіру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту, ынтымақтастық пен ұжымдық шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Негізгі әдістер: рөлдік ойын, психотехникалық ойындар, релаксация. Бағдарламада 9 сабақ ұсынылады. Сабақтар оқушылар тобымен немесе барлық сынып оқушыларымен өткізілуі мүмкін, ұзақтығы ‒ аптасына 30-40 минут. Сабақтардың саны және олардың ішкі мазмұндық толықтырылуы контингенттің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеруі, толықтырылуы мүмкін. Практикумның элементтері сабақта «психологиялық минут» ретінде барлық сыныппен де өткізілуі мүмкін. Қажетті материалдар мен жабдықтар әр сабақта сипатталады.
Сабақ№ 1: Танысу ‒ бір-бірімізді танимыз Мақсаты: қолайлы психологиялық жағдай жасау, өзін-өзі ашу үшін жағдай жасау, балалар арасында байланыс орнату. Материалдар мен жабдықтар: сәлемдесу сөздері бар карточкалар, фондық баяу музыка
Сабақ № 2: Мені түсініп ал Мақсаты: балада өзара түсіністік қажеттілігін қалыптастыру. Материалдар мен жабдықтар: әңгімеде айтылатын сол немесе өзге (жанды және жансыз) заттардың суреті бар тірек картинкалары.
Сабақ № 3: Біз бір-бірімізді түснуді үйренеміз Мақсаты: басқа адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-бірін түсіне білуді үйрету, көмекке мұқтаждарға көмек көрсету қажеттілігін қалыптастыру. Материалдар мен жабдықтар: К. Чуковскийдің «Федорино горе» кітабы; ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б. басқалардың суреті бар, басталған, бірақ аяқталмаған картинкалар, жауап-суреттері бар жұмбақтар мен карточкалар, В. Осееваның «Просто старушка» әңгімесі.
Сабақ №4: Мен достықты таңдаймын Мақсаты: жолдастық пен достық туралы түсініктерді дамыту және оларды қолдай білу, тұлғааралық қарым-қатынастарды бекіту, бір-біріне деген сезімталдықты қалыптастыру
Сабақ № 5: Біз осы әлемдеміз Мақсаты: басқаны өзің сияқты түсінуді үйрен, «командада» жұмыс істеу қажеттілігін қалыптастыру. Материалдар мен жабдықтар: мектеп өмірінен суреттер фрагменттері бар карточкалар, олардан тұтас картиналар құрастырылады, конструкторлар, негізгі кезеңге арналған тарату материалы
Сабақ № 6: Барлық адамдар әртүрлі Мақсаты: адамдар типтерінің, мінез-құлық реакцияларының және бірлесіп өмір сүру мүмкіндіктерінің әртүрлілігін көрсету. Адамдардың арасындағы айырмашылықтармен санасу қабілеттерін қалыптастыру. Адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылықтарға төзімді қарым-қатынасты дамыту. «Өзгеге» құндылықты қарым-қатынасты сіңіру. Материалдар мен жабдықтар: «Ұсқынсыз үйрек», «Цветиксемицветик» ертегілерінен үзінде.
Сабақ №7: Бұл түрлі-түсті әлем Мақсаты: тұтас мәдени контексте өзінің этникалық бірегейлігін сезіну; Мәдени әртүрлілікке, толеранттыққа құрметті дамыту. Жабдықтар мен материалдар: бос кеңістіктің болуы, формат А4 парақтар, бояулар, түрлі-түсті қарындаштар, қойылым үшін жануарлардың бетперделері.
Сабақ № 8: Қақтығыстарды қалай шешеміз Мақсаты: Қақтығыстық жағдайларда конструктивті өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамыту, қақтығыстық жағдайды тани, алдын ала болжай және алдын ала білу; қақтығыстық жағдайларда әлеуметтік-толерантты мінезқұлық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ №9: «Мен - Әлем» ұжымдық суреті Мақсаты: әлеммен тиімді оң қарым-қатынас жасау дағдыларын бекіту. Баланың өз сезімдерін білдіру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Ынтымақтастық пен ұжымдық шығармашылық қабілеттерін бекіту. Жабдықтар мен материалдар: ватман, бояулар, фломастерлер, қарындаштар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет