Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?



бет1/11
Дата09.05.2023
өлшемі75,94 Kb.
#91398
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
фтиз казакша


#1
*!Науқас, 40 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Дәрігерге қақырықпен жөтел, кешке субфебрильді температура туралы шағымдармен барды. Қақырықты зерттеу кезінде екі рет ТМБ анықталды. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігіндегі кеуденің шолу рентгенограммасында I-III қабырға деңгейінде фокустық құрылымның көмескі көлеңкеленуі анықталады, 3х4 см көлеміндегі ыдырау, қоршаған өкпе тінінде бірнеше ошақтар анықталады.


Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

* оң жақ өкпенің цирротикалық туберкулезі тұрақтандыру фазасы, ТМБ+.


*+оң өкпенің инфильтративті туберкулезі және ыдырау фазасы, ТМБ+
* оң өкпе ошақ туберкулезі, ыдырау және себу фазасы, ТМБ+
* оң өкпе туберкулемесі, ыдырау және себу фазасы. ТМБ+
* оң өкпенің кавернозды туберкулезі. ТМБ+

#2
*!Науқас, 25 жаста, дәрігерге қақырықпен жөтел, кешке субфебрильді температура, әлсіздік, терлеу туралы шағымдармен жүгінді. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігіндегі шолу рентгенограммасында жұқару учаскелері бар ошақты-фокустық құрылымның көмескі көлеңкеленуі анықталады. Синустар бос. Қақырықты талдауда екі рет бактериоскопиялық жолмен ТМБ+ анықталды.


Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?



* оң өкпе инфильтративті туберкулезі, тығыздау фазасы. ТМБ+.
*+оң өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы. ТМБ+
* оң өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі. ТМБ+
* оң өкпенің кавернозды туберкулезі. ТМБ+
* оң өкпе ошақтық туберкулезі. ТМБ+

#3
*!Науқас, 45 жаста дәрігерге қақырықпен жөтел, кешке температураның жоғарылауы, ентігу, әлсіздік, терлеу, салмақ жоғалту туралы шағымдармен барды. Өзін 1,5 ай бойы ауру деп есептейді. 13 жасында ол оң жақ жамбас буыны туберкулезінен зардап шекті, операция жасалды. Аурудың нәтижесі: емделді. Объективті: төмен тамақтану, температура 39ос. Аускультативті түрде өкпеде қатты тыныс алу аясында құрғақ және көпіршікті сырылдар естіледі. Шолу рентгенограммада - екі жағынан - әр түрлі қарқындылықтағы, диаметрі 3-4 мм бірнеше, ұсақ ошақтар анықталады.


Төмендегі диагноздардың қайсысы ықтимал?

* созылмалы диссеминацияланған өкпе туберкулезі. ТМБ+
*+жеделдеу диссеминацияланған өкпе туберкулезі, ТМБ+
* инфильтративті өкпе туберкулезі, ТМБ+
* ошақтық в/өкпе туберкулезі. ТМБ+
* милиарлы өкпе туберкулезі, ТМБ+.

#4
*!Өкпе түбіріндегі патологияға (екі жақты бронхопульмональды лимфа бездерінің үлкеюі) байла-нысты 54 жастағы, науқасты туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансердің дифференциальды ажырату диагностикалық бөліміне жіберілді. Қақырық сараптамасында бактериоскопиялық әдіспен ТМБ үш рет теріс нәтиже берді. GeneXpert – теріс.


Клиникалық қорытынды диагнозды верификациялау үшін аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?

*+бронхоскопия биопсиясымен және биоптатты саркоидты гранулемаға зерттеу


* бронхоскопия биопсиясымен және биоптатты атипиялық жасушаларға зерттеу
* бронхоскопия және БАС-ты атипиялық жасушаларға зерттеу
* бронхоскопия және БАС-ты макрофагтарға зерттеу
* бронхоскопия және БАС-ты ТМБ зерттеу

#5
*!59 жастағы., ер адам, тау-кен жұмысшысы рентгенологиялық зерттеу кезінде лимфа түйіндерінің өкпе және бронхопульмональды топтарындағы патологиялық өзгерістерге байланысты тексерілді. Бронхоскопия биоптатты гистологиялық зерттеумен жүргізілді, онда коллаген талшықтарының концентрлік байламдары және фиброзды өзгерістер табылды.


Аталған аурулардың қайсысы гистологиялық мәліметтермен сипатталады?

* созылмалы лимфолейкоз


* лимфогранулематоз
* өкпе туберкулезі
* гемосидероз
*+силикоз

#6
*!Мойын лимфа бездерінің үлкеюімен 22 жастағы, ер адам терапевтке қаралды. Дене қызуы 38°С көтерілуімен жіті ауырды. Пальпацияда лимфа бездері ауырады, тығыз консистенцияда, жақын жатқан тіндермен жабыспаған. Хирургиялық әдіспен бір лимфа безді алып, морфологиялық зерттеуге жіберді, одан эпителиодты жасушаларды, макрофагтарды, лимфоциттерді, плазматикалық жасушаларды және ортасынан ірімшік тәріздес некроз анықталды.


Аталған аурулардың қайсысына морфологиялық мәліметтер тән?

* жүре жабысқан иммунодефицитті синдром


* бейспецификалық мойын лимфоадениті
*+мойын лимфа бездерінің туберкулезі
* лимфогранулематоз
* мононуклеоз

#7
*!Сол кеудесінің ауырсынуына, жүргенде, физикалық жүртемеде ентігуге, жоғарғы 38оС дене қызуына шағымданып 23 жастағы ер адам, терапевтке қаралды. Суық тигеннен кейін жіті сырқаттанды. Өкпенің кеуде торша ағзаларының рентгенограммасында- сол өкпенің төменгі бөлімінде күңгірттену көлеңкесі параболикалық жоғарғы шекарасымен анықталды. Көлеңкенің бояу қанықтығы жоғарғы қанықтықта және біркелкі. Өкпенің оң жағына кеуде аралық ағзалар ығысқан.


Рентгендік зерттеу протоколына төменде көрсетілген аурулардың қайсысы тән?

* өкпенің сол жақ төменгі бөліктің пневмониясы


* өкпенің сол жақ төменгі бөліктің инфильтраты
* өкпенің сол жақ төменгі бөліктің ателектазы
*+өкпенің сол жағындағы экссудатты плеврит
* өкпенің сол жақ төменгі бөліктің обыры

#8
*!Ұзақ уақыт болған 37,3°С субфебрильды дене қызуына, әлсіздікке, тершендікке, шырышты қақырықпен шығатын жөтелге шағымданып 33 жастағы, ер адам дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында - сол өкпенің артқы сегментінде домалақ пішінді күнгірттену көлеңке анықталады, шеті салыстырмалы анықтықта, бояу қанықтығы орташа, құрылымы біртекті емес, диаметрі 2,5 см көрінеді. Өкпенің басқа бөліктерінде өзгерістер анықталмайды.


Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына рентгендік тексеру хаттамасына сәйкес келеді?

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы


* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің микоплазмалық пневмониясы
*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің абсцестелген пневмониясы
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің созылмалы абсцессі

#9
*!Ентігуге, жүректің қатты соғуына, әлсіздікке,шаршағыштыққа, жөтелгенде шырышты-іріңді қақырықпен шығатын қан жолағына шағымданып 56 жастағы, ер адам дәрігерге қаралды. Анамнезінде: бұрын туберкулезбен ауырып жазылған. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында - оң өкпенің жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген, фиброздың фонында каверна көрінеді, пішіні дұрыс емес деформацияланған және сыртқы қабырғасы қалың фиброзды. Кавернаның диаметрі 2,5х3,0 см. Өкпенің төменгі бөлімінде бронхогенді себінді полиморфты ошақтар мен фокустар көрінеді.


Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына рентгендік тексеру хаттамасына сәйкес келеді?



* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы
*+оң өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды кавернозды туберкулезі
* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі
* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы
* казеозды пневмония

#10
*!13 жастағы бала, пневмонияның клиникалық көріністерімен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде: жиі, ұзақ уақыт өтетін суық тию аурулары. Объективті: физикалық дамуының артта қалуының айқын белгілері, 5 топтағы шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс анықталған жоқ. Манту реакциясы 2 ТЕ – 13 мм. Оң жақта рентгенологиялық тексеру кезінде С9-10 проекциясының ортасында қуыс пайда болатын пневмониялық фокус ұлғайған түбірмен байланысты. Антибиотиктермен тағайындалған ем әсерсіз, ТМБ-да қақырықты зерттеуде - оң.


Төменде көрсетілген клиникалық диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+
* өкпенің диссеминирленген туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+
* оң өкпенің төменгі бөлігінің кавернозды туберкулезі, ТМБ+
*+біріншілік туберкулезді кешені ыдырау фазасы, ТМБ+
* кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ТМБ+

#11
*!14 жастағы жасөспірімде дене қызуы 38°C көтерілуі байқалды, балтырында түйінді эритема көрінеді, майда буындарында артралгия сыртқы өзгеріссіз мазалады. Анамнезінде: туберкулез ауруымен ауыратын әкесімен қарым қатынаста болған. 2 ТБ жасалған Манту сынамасының реакциясы – 8 мм. Диаскинтест – 10 мм. Қарап тексергенде патология анықталмаған. Рентгендік тексеруде- оң өкпе түбірі кеңейген және деформацияланған, сыртқы контуры дөңестелген және түбір айналасындағы зонада өкпе суреті күшейген.


Төмен аталған болжама/жорамал диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?



*+оң жағының кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы
* оң жағының кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші формасы
* оң жағының біріншілік туберкулездің кешені, инфильтрация фазасы
* оң жақ өкпенің инфильтратты туберкулезі
* оң жақ өкпенің туберкулемасы

#12
*!Бұрын біріншілік туберкулезден ауырып жазылған және поликлиникада ӨСОА бақылау есебінде тұрған 28 жастағы науқасты тексергенде, оның кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында - ізбестелген ірі лимфа түйіні оң өкпе түбірінде анықталды.


Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* кеуде ішілік лимфа түйіндерінің оң жақ туберкулезі, инфильтрация фазасы


* кеуде ішілік лимфа түйіндерінің оң жақ туберкулезі, кіші формасы
* оң жақтық біріншілік туберкулездің кешені, инфильтрация фазасы
*+жазылған біріншілік туберкулездің қалдықты өзгерістері
* жазылған екіншілік туберкулездің қалдықты өзгерістері

#13
*!Тамағының ауырғанына, дауысының қарлыққанына шағымданып 44 жастағы, ер адам дәрігерге қаралады. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында 2-жақты диссеминация полиморфты ошақтар анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жіңішке қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз (2,0х2,0см) анықталды.


Төменде аталған ілескен болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* созылмалы тонзиллит


*+көмей туберкулезі
* бронх туберкулезі
* герпестік ангина
* көмей рагі

#14
*!Құрғақ жөтелге, тәбетінің болмауына, жүдеуге, жалпы әлсіздікке, тез шаршауға, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне, тершеңдікке, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданып, 25 жастағы ер адам ауруханаға жатты. Үйде симптоматикалық дәрілермен емделген. Аускультацияда – өкпеде бірен-саран құрғақ, майда көпіршікті ылғалды сырылдар жауырын аралықта естіледі. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында – екі өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде орналасқан ошақты көлеңкелер көрінеді, өлшемі 5-10 мм, кейде бір бірімен қосылып фокустар тудырады жарықтану учаскелерімен. Өкпе суреттері күшейген, деформацияланған. Қақырық анализінде ТМБ+. GeneXpert оң.


Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* өкпенің созылмалы диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+


*+өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+
* өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+
* өкпенің милиарлы диссеминирлі туберкулезі, ТМБ+
* өкпенің ошақты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

#15
*!Профилактикалық тексеруде 30 жастағы, ер адамның ФГ-да ошақты көлеңкелер анықталды, бояу қанықтығы жұмсақ және орташа қанықтықта. Шағымы жоқ. Жалпы қан анализі: эр. - 4,58 х 1012, э - 2, л -23, с – 67, м – 6, п – 2, лейк. – 4,3 х 109, ЭТЖ – 4 мм/час.


Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің диссеминирлі туберкулезі


* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің домалақ инфильтраты
* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы
*+оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі
* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы

#16
*!Профилактикалық ФГ-тексеруде 28 жастағы, әйелдің оң өкпесінің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация фазасы анықталды, ТМБ теріс. Анамнезінде туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым қатынаста болған. Жалпы қан анализі: эр. - 4,78 х 1012, э - 3, л -23, с – 67, м – 4, п – 3, лейк. – 4,2 х 109 , ЭТЖ – 5 мм/час.


Төменде аталған типтердің қайсысы науқаста болуы мүмкін?

* ауыстырылған


*+жаңа жағдай
* режимді бұзу
* қайталану
* басқалар

#17
*!28 жастағы, кітапханашы, профилактикалық флюоротексерістен кейін тексеріліп кетуіне шақырылды. Шағымы жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Рентгенограммада: сол жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде әлсіз қанықтықтағы ошақты көлеңкелер күшейген өкпе суретінің фонында көрінеді. Бронхтың шайынды суының анализінде ТМБ анықталған жоқ. Қан сараптамасында - лейкоциттер-4,8х109, ЭТЖ-4 мм/сағ.


Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі


*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің карцинаматозы
* өкпенің милиарлы туберкулезі

#18
*!23 жастағы, әйел адам, «Жедел жәрдеммен» облыстық аурухананың реанимация бөліміне ес-түссіз ауыр жағдайда жеткізілген. Әкесінің айтуы бойынша, науқас өзін 1 ай аурумын деп санайды. Үйде симптоматикалық дәрілермен емделген, дәрігерге қаралмаған. Балаға қарау демалысында жүр. Соңғы екі аптада жалпы денсаулығының нашарлауы байқалған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор, құрысулар, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі 4 саусақ ен, Кернинг, Брудзинский симптомдары оң, бассүйек-ми нервтерінің зақымдануы (3, 6,7, 9, 12) анықталды. Ликворда цитоз – 28 жасуша, белок – 12 г/л, қант және хлоридтер - төмендеген.


Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* туберкулезді базилярлы менингит


*+туберкулезді менингоэнцефалит
* іріңді менингоэнцефалит
* серозды менингит
* іріңді менингит

#19
*!33 жастағы, науқас әйел кеудесінің ауруына, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырығында қан жолақтары көрінеді. 5 күннен аса дене қызуы субфебрильды болды. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Қақырығында ТМБ анықталмаған. Қан сараптамасында: лейкоциттер– 9,5 х 109, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң өкпенің 2-сегментінде гомогенді емес күңгірттену көлеңкесі көрінеді, жиектері анық емес, ал бояу қанықтығы әлсіз, өлшемі 4 см-ге дейін, ортасында жарықтану ыдырауы көрінеді.


Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+өкпенің инфильтратты туберкулезі


* жоғарғы бөліктік пневмония
* эозинофильды инфильтрат
* абсцессті пневмония
* рактык пневмония

#20
*!27 жастағы ер адамда, алдын ала тексеру кезінде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде 2,5 х 1,7 см өлшемді дөңгелек көлеңке, айналасында ошақ, ТМБ – теріс. 13 жасынан қант диабетімен ауырады.


Төменде аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?

*+жаңа жағдай


* режимді бұзу
* қайталану
* басқалар
* ауысқан

#21
*!39 жастағы, ер адамда оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 12 мм астам диаметріндегі домалақ көлеңке, шеттері анық, айналасында фиброзды ошақты өзгерістер флюорографиялық профилактикалық тексеруде анықталған. Тыныс алу ағзаларына шағымы жоқ. Қан сараптамасында: лейкоциттер -4,8х109, ЭТЖ- 18 мм/сағ.


Аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?



* инфильтративті туберкулез


* диссеминирлі туберкулез
* кавернозды туберкулез
* ошақты туберкулез
*+туберкулема

#22
*!Науқас, 50 жаста. Бірінші рет анықталған сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+ 1- санат бойынша емнің толық курсын аяқтаған. Бактерия бөлуі тоқтатылып, терапиялық әсері болған. Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында сол өкпенің жоғарғы бөлігінде жіңішке қабырғалы сақина тәріздес көлеңке анық жиектерімен көрінеді.


Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы


* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы ыдырау фазасы
*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі
* сол жақты абсцессті пневмония

#23
*!63 жастағы, ер адам өкпенің фиброзды- кавернозды туберкулезі, инфильтрация және себілу фазасымен, ТМБ+++, ТБ МЛУ емделді. 17 жылдан бері ауырады. Соңғы 2 айда жалпы хал жағдайы және көңіл күйі нашарлады. Кешенді химиотерапияны өткізу барысына қарамастан науқас қайтыс болды.


Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ауырған науқастардың қайтыс болуына аталған өлім себептерінің қайсысы болуы мүмкін?

*+тыныс жетіспеушілігі және созылмалы өкпелік жүрек


* бронхтардың дренаждық қызметінің бұзылуы
* өкпелік қан кету және қан түкіру
* ішкі ағзалардың амилоидозы
* туберкулезді интоксикация

#24
*!26 жастағы ер адам, келесі шағымдармен дәрігерге қаралды: оң жақ кеудесінің ауырсынуына, дене қызуы 38°C дейін көтерілуне, әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Қан сараптамасында: лейкоциттер -10,2х109, ЭТЖ -32 мм/сағ. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында бөлікаралық ойыс аймағында «линзаға» ұқсас көлеңке көрінді.


Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+оң жағындағы бөлікаралық плеврит


* оң жағындағы қалталы плеврит
* оң жағындағы инфильтрат
* оң жағындағы пневмония
* Сержан үшбұрышы

#25
*!43 жастағы, ер адам терапия бөліміне дене қызуының 39°C градусқа дейін көтерілуіне, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына және ауырлық сезімі шағымдарымен келіп түсті. Суық тигеннен соң бірден ауырып қалған. Үйдегі дәрілермен емделгенмен, нәтиже болмаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныштықта ентігу, оң жақ кеуде қуысы тыныс алғанда артта қалады, қабырға аралықтары тығыздалған. Перкуторлы өкпе дыбысы тұйықталған, сол жерде тыныс естілмейді. Кеуде ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңы субтотальды, біртекті күңгірттенген. Кеуде аралық ағзалар солға ығысқан.


Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң өкпенің ауруханадан тыс пневмониясы


* оң өкпенің инфильтратты туберкулезі
*+оң өкпенің экссудатты плевриті
* оң өкпенің пневмоплевриті
* оң өкпенің құрғақ плевриті

#26
*!48 жастағы, әйел адам арқасының ауырсынуына, шаршағыштыққа, жүрісінің өзгеруіне шағымданып дәрігерге қаралды. Туберкулезбен ауырған інісімен қарым қатынаста болған. Қарап тексергенде арқа бұлшық еттерінің ригидтілігімен келбеті мәжбүрлі жағдайда және бұлшық еттердің ауырғаны байқалады. Омыртқа жотасының кеуде бөлімінің рентгенограммасында VII,VIII кеуде омыртқааралық саңылудың арасының жақындауы және остеопорозы анықталды.


Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

* VII,VIII омыртқа жотасының кеуде бөлімінің остеохондрозы


* VII,VIII кеуде омыртқаларының деформирлеуші артрозы
* VII,VIII кеуде омыртқаларының остеомиелиті
*+VII,VIII кеуде омыртқаларының туберкулезі
* Бехтерев ауруы

#27
*!38жастағы, әйел адам, шаршағыштыққа және түнге қарай арқасының ауырсынуына шағымданып дәрігерге келіп қаралды. Ауырсыну күш түсіру кезінде үдейді. Қарап тексеру кезінде арқа бұлшық еттерінің ригидтілігімен келбеті мәжбүрлі жағдайда байқалады. Кеуде аумағының пальпациясы кезінде ауырсыну, кеудеге және іш аумағына иррадиациясы байқалды.


Диагнозды анықтау үшін аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?

* 2 проекцияда жасайтын шолу рентгенограммасы


* компьютерлі томография
* жалпы қан сараптамасы
* артроскопия
*+МРТ

#28
*!49 жастағы ер адам аяқтарының жарақатынан кейін баяу үдеп келе жаткан оң жамбас-сан буынының ауырсынуына шағымданып травматологқа қаралды. Ауырсыну аяққа күш түскен кезде үдейді. Қарап тексерген кезде жергілікті дене қызуының жоғарылауы, бұлшық еттердің гипотрофиясы мен гипотониясы байқалады, теріде гиперемия жоқ. МРТ-да оң жақ жамбас-сан буынының остеопорозы, буынаралық саңылауының тарылуы, эпифизда ыдырау қуысы анықталды.


Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң жақ жамбас-сан буынының деформирлеуші артрозы


* оң жақ жамбас-сан буынының остеоартрозы
* оң жақ жамбас-сан буынының остеомиелиті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет