Топ Екінші сыныпта оқитын Досалы үйіне көңілсіз қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Апасы бәйек болып жүр. Қарағым, бір жерің ауырып жатыр ма? Жоқ. Ендеше, неге жатырсың шайыңды ішпей? Ойланып жатырмын



Дата04.12.2023
өлшемі14,88 Kb.
#134228

1 топ
Екінші сыныпта оқитын Досалы үйіне көңілсіз қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Апасы бәйек болып жүр.
-Қарағым, бір жерің ауырып жатыр ма?
-Жоқ.
-Ендеше, неге жатырсың шайыңды ішпей?
-Ойланып жатырмын.
-Ойланып?!-апасы аң-таң. Мынадай байсалды жауапты күтпеген.
Ақшыбық апа қайта мазаламады. «Ойланғысы келіпті, ойлансын, есеюдің басы. Есі кіріп қалған екен-ау қарашығымның...» Шайды жиыстырды да, жұмысына кетті.
Ол ойланып жатыр.


2 топ
Сабақтан соң, босқа селтеңдейді екен. Апасының неге ұрыспайтынын енді түсіне бастағандай. Басында миы болса, өзі ойлансын дегені ғой.
Мана сабақ үстінде алғаш рет өзінің жалғыз екенін аңғарды. Сыныптастарының қайсысына қараса да, екі-екіден, үш- үштен топтасып алыпты. Бұнымен ешкімнің жұмысы жоқ. Жанында отыратын Нәзтайға үзіліс кезінде:
-Екеуміз дос болайықшы,-деп еді, ол шошып кетті.
-Сенімен бе?! Жоқ, дос болмаймын. Сен нашар оқушысың...
Досалы ашуланды. Содан үйге қайтқанша томсырайып отырды. Ызадан жылағысы да келді. Бірақ ұялды.
Жиырма екі оқушының бәрінің бетіне үміттене қарап еді, аяушылық білдірген бірі болмады. Ешқайсысы көңіл аударар емес. Күйзелісін түсінер бір бала табылмады...
3 топ
...Жақсы оқу үшін не істеу керек? Оқушылардың бәрі де далада жүреді. Сабаққа қашан әзірленеді сонда?!
Есіктен апасы кіріп келе жатты. Ұшып түрегелді.
-Апа, - деді сосын, -менімен балалар неге дос болғысы келмейді?...
-Үлгерімі нашар баламен кім дос болмақ?...
-Жақсы оқуым үшін не істеуім керек?
-Ойынды азайтып, кітапқа бас қою қажет. Оқып қана қоймай, көңілге тоқыған жөн.
-Біздің сыныптың үздік оқушылары да ойыннан қалмайды, олар қалай үлгереді?
-Ә-ә, ойлана бастадың ба! Үздік бала күнделікті жұмыс кестесін жасайды. Сонымен жұмыс істейді. Соған дағдыланып, сабақты да, жұмысты да тиянақты атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет