Топ. Ғаламшар дегеніміз массасы ауыр ғарыш денесі. Күн жүйесінде ғаламшар бар. Олардың пішіні шар тәрізді. Олар күнді айнала қозғалады. Күн жүйесінің ғаламшарлары екіге бөлінеді
1 топ. Ғаламшар дегеніміз - массасы ауыр ғарыш денесі. Күн жүйесінде 8 ғаламшар бар. Олардың пішіні шар тәрізді. Олар күнді айнала қозғалады.
Күн жүйесінің ғаламшарлары екіге бөлінеді.
Жер тобы ғаламшарлары - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс және
алып ғаламшарлар - Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
Ең тез қозғалатын ғаламшар - Меркурий, ал ең баяу қозғалатын - барлығынан алыс орналасқан Нептун.
2 топ. Жер тобындағы ғаламшарлардың серіктері аз немесе мүлдем болмайды. Сақиналар жүйесі де жоқ. Олардың беткі қабаттары қатты. Бұл ғаламшарлар Күнге жақын орналасқан. Жер - тіршілік белгілері бар жалғыз ғаламшар. Шолпан - таңға жуық және кешке қарай көрінетін "жұлдыз". Марс - қызғылт сары дақтары және екі серігі бар ғаламшар. Меркурий - ең жеңіл әрі Күнге ең жақын ғаламшар.
3 топ. Алып ғаламшарлардың қатты қабаты болмайды. Олар күннен өте алыс орналасқан. Мөлшері мен массасы бойынша олар өте үлкен. Уран - негізінен мұздан тұратын, көгілдір түсті ғаламшар. Сатурн - сақиналар жүйесі бар ғаламшар. Нептун - күннен ең алыс орналасқан қатты жел болып тұратын ғаламшар. Юпитер - ең үлкен ғаламшар.