ӘОЖ 622.2
Қазақстан және Ұлыбритания мемлекеттеріндегі білім беру жүйесі Төрехан Ұлжан Ғылыми жетекшісі: ж.ғ.м аға оқытушысы Изтелеу Б.М., х.ғ.к., аға оқытушы Кудайбергенова Г.Н. Еmail : ulzantyrexan@gmail.com Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Аңдатпа Бұл мақала Қазақстан мен Шығыс Еуропалық ел Польша мемлекетінің білім беру жүйелерін талдап, талдау нәтижесінде пайда болған ақпараттарға салыстырмалы талдау жүргізуге бағытталған. Нақтылайтын болсақ,білім берудің бірнеше деңгейлері, яғни мектепке дейінгі,орта білім беру және жоғары білім беру бағдарламаларына тоқталып, өзара салыстыру жүргізіліп, нәтижесінде пайда болған артықшылықтар мен кемлішіктердің біздің елімізге, яғни Қазақсанға алып келер пайдасын қарастыратын боламын.
Кілт сөздер Қазақстан, Польша, білім беру жүйесі, Білім беру заңы
Аннотация В данной статье анализируются системы образования Казахстана и восточноевропейской страны Польши и ставится цель провести сравнительный анализ информации, полученной в результате анализа. Чтобы быть более конкретным, я остановлюсь на нескольких уровнях образования, т.е. программах дошкольного, среднего образования и высшего образования, проведу взаимные сравнения и рассмотрю выгоды, которые полученные преимущества и недостатки принесут нашей стране, то есть Казахстану. .
Ключевые слова Казахстан, Польша, система образования, Закон об образовании
Annotataion This article analyzes the education systems of Kazakhstan and the Eastern European country of Poland and aims to conduct a comparative analysis of the information obtained as a result of the analysis. To be more specific, I will focus on several levels of education, i.e. programs of preschool, secondary education and higher education, I will make mutual comparisons and consider the benefits that the advantages and disadvantages obtained will bring to our country, that is, Kazakhstan. .
Keywords Kazakhstan, Poland, education system, Education Law
Кіріспе Білім беру жүйесі әр бір елдің, әрбір мемлекеттің маңызды тірегі болып табылады. Себебі елдің дамуында, көркеюінде білімнің маңызы өте зор. Ал білім беру жүйесі мемлекеттің аса назар аударатын, көп көңіл бөлінетін, тәртіп пен талапты ұажет етенін саласы болып табылмақ. 21 Ғасыр білімді, белсенді, дамыған, технологиялық жағынан жаңалықтарға толы заман болып табылатыны бәрімізге белгілі.Ал дамыған елдердің барлығына сапалы білім беру жүйесі тән. Білім беру жүйесі тақырыбы аясында тәуелсіз ел Қазақстан Республикасы мен Орталық Еуропада орналасқан, сондай ақ байланысы сонау 19 ғасырдан бастау алған осы екі мемлекеттің білім беру жүйесіне жеке тоқталып, ондағы ұқсастықтар мен айырсмашылықтарды баяндамақпын.
Кейінгі ондаған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы ең жоғарғы деңгейдегі сапарлардың серпіні өте жылдам – саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-білім салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың көлемі мен ауқымдарына сәйкес түрде дамып отырды.1997 жылдың 27-28 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға тұңғыш ресми сапары болып өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы достастық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту туралы декларацияға қол қойылды.
2019 жылдың 16 қазанында Слупск қаласындағы Померия академиясының филология институтының (Польша), Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымының орталығында ұлы қазақ ақыны, философ, композитор және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай: философия, поэтика, рецепция» тақырыбында жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Гданьск қаласындағы Құрметті консулының көмекшісі Иоанна Насыров қатысып Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұханның семинарға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Қазақстанның Польшадағы елшілігі, сондай-ақ Гданьск қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы семинардың Құрметті патронатына ие болғандықтарын атап өтті. Іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың ашылуында студенттермен жұмыс жөніндегі проректор, профессор Данута Герчинск сөз сөйлеп, Қазақстанмен және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ғылыми ынтымақтастық жұмыс істеп мерзімді ғылыми тәжірибе, семестрлік дайындықтар өткізіп жатқандықтарын айтты. Бірнеше топ осы дайындықтан өтті. Екі оқу орнында қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда, соның арқасында Абай атындағы ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтының 4 студенті мен магистранты еуропалық үлгідегі дипломға ие болды.
2022 жылғы 23 мамырда Слупскідегі (Польша) Помор академиясының Неофилология кафедрасы жанындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында Орталықтың ашылғанына үшінші жыл толуына арналған кездесу өтті. Осы оқиғаға орай Польша университеті ғимаратының қасбетінде Орталық тақтайшасы пайда болды. Филология институтының директоры, профессор Кристина Кравец-Злотковска қатысушыларға мақалаларын Померания академиясының «Полилог» ғылыми журналында жариялауға кеңес берді.
Мақсаты: Қазақстан мен Польшаның білім беру жүйесі туралы ақпараттарды жинастыра отырып, екі елдің білім беру жүйесімен танысу, салыстыру арқылы білім беру кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау.