2023 наурыз
Торлы фармацияның ағзадағы рөлі Адамның жүйке жүйесінің орталығы-ми.Ми бірнеше бөлімдерден тұрады. Ретикулярлы формация- үлкен ми сыңары мен ми сабауы арасындағы байланыстырушы қызметін атқарады, онымен қоса өз ол миды қызметке келтіруші болып табылады, соған орай қалыпты есті қамтамасыз етеді. Сенсорлық ақпараттың жеткізілуі, және ағзадағы эффекторлық нейрондар (мото- және вегатативті нейрондар) қызметін бақылайды. Ретикулярлы фармацияны ең алғаш 1898 жылы Бектерев В.М және 1909 жылы Рамон-Кахал өткізгіш талшықтардан тұратын, жекелеген нерв элементтерінің
диффузды жинақталысы деп сипаттады. Ми сабауындағы
арнайы ядролардың арасында өсінділері бар нейрондар тор
түзе, тығыз орналасқан, осы түзіліс ретикулярлы фармация
деп аталады.
Құрылымдық-функционалдық критерилерге байланысты
торлы түзіліс 3 бөлікке бөлінеді:
1) медиандық орталық сызық бойында орналасқан;
2) медиальды, сабаудың медиальды бөлігінде орналасқан;
3) латеральды, сенсорлық аймаққа жақын орналасқан
нейрондар.
Медиандық аймақ – нейрондары серотанин медияторын синтездейтін,ядролы жіп тәрізді элементтерден құралған. Бұл бөлік ағзадағы қозғыштық қасиеті мен жыныстық қабілетке, және ұйқыны реттеуге қатысады.Медиальды аймақ- тарамдалмайтын ұсақ нейрондардан тұрады. Бұл бөлікте өте көп мөлшерде ядролар орналасқан, арасында дендриттермен тығыз байлансқан мультиполярлы нейрондарда кездеседі. Бұлар мидағы үлкен жарты шарлардағы қыртыстарға жоғарылыған, ал жұлынға төмендеген нерв талшықтарын түзеді.Медиальды бөліктің жоғарылаған жолдары тікелей немесе таламус арқылы жаңа ми қыртысының белсенділігін арттырып әсер етеді, ал төмендеген жолдары тежегіштік қасиетке ие. Латеральды аймақ – ми сабауындағы сенсорлық аймаққа жақ орналасқан торлы түзілістер, және осы түзіліс ішінде орналасқан нейрондар жатады. Бұл бөліктің құрлымдық бірлігі үшкіл невтің ядроларымен байланыс түзетін ядролар болып табылады. Бұл бөлікте сенсорлық бөлікті медиаьлды аймақпен, және мотрлық аймақпен байланыстыратын жоғарылаған, төмендеген жолдар бар. Латеральды аймақ жоғарыда айтылғандар ішінде ең жасы, әрі эволюция нітижесінде дамып-өсуіне байланысты, медиальды аймақты кішірейтті.
Ағзадағы маңызы Ретикулялы формацияның төмендеген жолдарының маңызы- жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан мотонейронның қызметіне әсер етіп,бүткіл сомалық-бұлшықеттік іс-әрекетке және оның орындалу сапасына жауап береді. Сомалық рефлекстік доғада кері афферентация үрдісінде де маңызды роль атқарады. Бірақ жоғары қозғыштық жағдайында бұлшықет сіресуі орын алады. Ретикулярлы формация ядроларында ұйқы-сергектік, ауырсыну
орталықтары, және экстрималды жауап беретін нейрондар
орналасқан. Алғашқы қасиеттерге сүйене отырып дәрі –дәрмектерді оңтайлы қолдануға болады. Ал соңғысы қорғаныштық қызметке жауапт береді.
Лимбиялық жүйе Лимбиялық жүйе- функционалдық тұрғыданбіріктірілген нейродар тобы, құрылымы: көне ми (гиппокамп, алмұрт тәрізді үлес), ескі қыртыс (белдеулік қатпар) и қыртысасты құрылымдар (миндалтәрізді ядро, кейбір таламуса және
гипоталамус ядролары).Лимбиялық жүйені- висцеральдық ми деп атайды, себебі оған ақпарат ішкі ағзалардағы интерорецепторлардан келіп түседі. Ол көптеген тұйық байланыстар жасайды.
Ағзадағы қызметі 1) ағзадағы жыныстық, тамақтану және
қоғаныштық қасиеттерді қалыптастыру;
2) вегетативті-висцеральды қызметтерді реттеу;
3) қоғамдағы адам мінезін қалыптастыру(мидалтәрізді );
4) қысқа және ұзақ мерзімді еске сақтау (гипокамп);
5) иіс сезу қызметі (иәс сезу буылтығы).
Қорытынды Торлы құрылым және лимбикалық жүйе
адам ағзасында маңызды қызметтерді
үйлестіре атқарады. Бұл жүйелердің
қасиеттерін білу, кейін практикада
қажет болады.
Пайдаланылған әдебиеттер Адам анатомиясы
Адам физиологиясы (Сәтбаева Х.Қ.)
Интернет дерек көздері: Уикипедия ашық-
энциклопедиясы